Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысына Жансейіт Түймебаев әкім болды


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Бұл туралы Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, бүгін облысқа сапармен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түймебаевты облыстың жаңа әкімі ретінде таныстырған.

Жансейіт Түймебаев 2010 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Мұның алдында ол білім және ғылым министрі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG