Accessibility links

Назарбаев Таиланд королінің қазасына көңіл айтты


Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің суретін ұстап тұрған таиландтық. Бангкок, 13 қазан 2016 жыл.
Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің суретін ұстап тұрған таиландтық. Бангкок, 13 қазан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты осы елдің премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту телеграмын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасө қызметі.

Телеграммада Назарбаевтың "Таиланд королінің қазасы туралы хабарды қайғыра қабылдағаны" айтылған. Назарбаев телеграммасында Таиланд королінің екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатып, оның дамуына ерекше үлес қосқанын еске алып, қазақстандықтар мен өз атынан Прают Чан-Оча мен король отбасына және Таиланд халқына көңіл айтқан.

89 жастағы Пхумипон Адульядеттің қайтыс болғаны 13 қазанда хабарланған. Ол 70 жыл Таиланд королі болып, әлемдегі қазіргі монархтар арасында ең ұзақ билік құрған монарх атанған.

XS
SM
MD
LG