Accessibility links

Сухумиде белгісіз ер адам жарылыс жасады


Абхазия картасы (Көрнекі сурет).
Абхазия картасы (Көрнекі сурет).

Грузияның жікшіл Абхазия аймағының әкімшілік орталығы Сухумиде мемлекеттік телекомпания кеңсесінде белгісіз ер адам өзін-өзі жарып жіберді.

Абхазияның ішкі істер министрі Аслан Кобахия 17 қазанда таңертең ер адам телекомпания кеңсесі орналасқан ғимараттың кіреберісінде бомба жарғанын хабарлады. Оқиға орнына тергеушілер барып, жарылыс жасаған адамның кім екенін анықтап жатыр.

Жарылыс жасаған адамның жұрт алдында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны, я телеарна кеңсесін жармақ болғаны әзірге белгісіз болып тұр.

XS
SM
MD
LG