Accessibility links

Ресей Украинаға сотталған Олег Сенцовты беруден бас тартты


Украиналық режиссер Олег Сенцов Ресей сотында отыр. Дондағы Ростов, 25 тамыз 2015 жыл.
Украиналық режиссер Олег Сенцов Ресей сотында отыр. Дондағы Ростов, 25 тамыз 2015 жыл.

Ресей Украинаға терроризм айыбымен сотталған режиссер Олег Сенцовты қайтарудан бас тартты. Украина әділет министрінің еуропалық интеграция мәселелері бойынша орынбасары Сергей Петухов Facebook-тегі парақшасында бас тартудың Сенцовтың Ресей азаматтығын алуымен байланысты екенін жазды. Сенцов Ресей азаматтығын Қырым аннексияланған соң алған. Жазбаға Ресей әділет министрлігінің хаты да тіркелген. Онда Ресей мен Украина арасында қос азаматтық мәселесін реттейтін халықаралық келісім жасалмағаны айтылады.

2015 жылы тамызда Ресей соты Олег Сенцовты терроризм айыбымен 20 жылға соттаған. Бұл іс бойынша өзге сотталушы Александр Кольченко 10 жылға сотталған. Ресей соты украиндықтарды Симферопольде Лениннің ескерткішін жармақ болды және "Қырымның орыс қауымы" ұйымы мен "Единая Россия" партиясының кеңселерін өртеуді жоспарлады деп айыптаған.

"Мемориал" құқық қорғау орталығы Сенцов пен Кольченконы саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG