Accessibility links

Путин плутонийді утилизациялаудан бас тарту заңына қол қойды


Плутоний бөлшегі (Көрнекі сурет).
Плутоний бөлшегі (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин 31 қазанда Ресейдің АҚШ-пен бірге плутоний қаруын утилизациялау жөніндегі келісімінен шығатыны туралы заңға қол қойды. Заң Путин оның жобасын парламентке ұсынғаннан бірнеше аптадан соң күшіне еніп отыр.

Құжат 2000 жылы қол қойылған, АҚШ пен Ресейді плутоний қаруы қорын жоюды міндеттейтін келісімді тоқтатады. Заңда егер санкция алынып, одан келген шығын өтелсе және АҚШ Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтса Ресейдің келісімге қайта қосылуы мүмкін екені айтылған.

Вашингтон шектеу шаралары мен санкция Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін жасалған Минск келісімінің талаптары толық орындалмайынша күшінде болатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG