Accessibility links

БҰҰ: Ливия жағалауында 240 адам суға кеткен


Ливия мен Италия арасындағы теңізде аударылып қалған мигранттар қайығы (Көрнекі сурет).
Ливия мен Италия арасындағы теңізде аударылып қалған мигранттар қайығы (Көрнекі сурет).

БҰҰ мәліметінше, Ливия суларында мигранттар мінген екі қайықтың аударылуынан 240 адам суға батып кеткен болуы мүмкін. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Италиядағы өкілі Карлотта Сами суға батқан екі қайықтан тірі қалған 31 адам Италияның Лампедуза қаласына жеткізілгенін хабарлады. Ол қайықтардың күшті желден аударылып кеткенін айтады.

Самидің сөзінше, тірі қалғандар қайғылы оқиғадан соң 240-қа тарта адам із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Жолаушылардың көпшілігі - Тропикалық Африкадан шыққандар.

Халықаралық миграция ұйымының мәліметінше, биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетпек болған 4200-ден астам адам мерт болған. Италияға жеткен 155 мыңға жуық адамның көпшілігі - Тропикалық Африка елдерінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG