Accessibility links

Ердоған Ташкентте Мирзияевпен кездеседі


Режеп Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған Өзбекстанға осы ел басшылығымен келіссөз өткізу үшін сапарлап барды. Ердоған Ташкентке 17 қараша күні кешке, Пәкістанға жасаған сапарынан соң барып отыр. Түркия президенті 18 қарашада Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен және басқа да билік өкілдерімен кездеседі.

Режеп Ердоған сонымен қатар бұрынғы президент, елді 25 жылдан астам уақыт басқарып, осы күзде қайтыс болған Ислам Каримовтың зиратына да бармақ.

Ердоған 17 қарашада Пәкістан парламентінде сөйлеп, Батыс елдерін ислам әлемінде хаос таратуға септесіп отыр деп айыптаған. Ол мұсылмандарды "экстремистермен бірге күресу үшін" діни алауыздықты доғаруға шақырған.

XS
SM
MD
LG