Accessibility links

Қазақстандық Жұмағазиев шорт-тректен әлем кубогында алтын алды


Нұрберген Жұмағазиев (сол жақта) Сочи олимпиадасы кезінде.
Нұрберген Жұмағазиев (сол жақта) Сочи олимпиадасы кезінде.

Осы күндері Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жүгіруде алтын медаль алды.

Күміс пен қоланы канадалық спортшылар Паскаль Дион мен Патрик Даффи иеленді. Бұл - Жұмағазиевтің әлем кубогында иеленген алғашқы медалі.

14 қарашада Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық Абзал Ажғалиев 500 метрге жүгіруде жеңіске жеткен.

Кангвондағы әлем кубогының кезеңі 18 желтоқсанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG