Accessibility links

Қазақстан спортшылары әлем кубогында жүлде алды


Нұрберген Жұмағазиев.
Нұрберген Жұмағазиев.

Фристайлдың могул түрінен Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы сында күміс медаль алды. Алтынды канадалық Майкл Кингсбери иеленді.

Рейхерд 8 ақпанда Алматыда аяқталған қысқы универсиадада могул бойынша алтын алған.

Ал Минскте (Беларусь) өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жүгіруде қола медаль иеленді. Бұл қашықтықта алтынды оңтүстік кореялық Дае Хеон Хван, күмісті канадалық Шинки Кнегт алды.

Нұрберген Жұмағазиев желтоқсанда Каннында (Оңтүстік Корея) өткен әлем кубогы кезеңінде 1000 метрде алтын алған. Ол Алматыдағы универсиадада екі қола медаль иеленген еді.

XS
SM
MD
LG