Accessibility links

Қазақстан спортшылары әлем кубогында жүлде алды


Нұрберген Жұмағазиев.

Фристайлдың могул түрінен Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы сында күміс медаль алды. Алтынды канадалық Майкл Кингсбери иеленді.

Рейхерд 8 ақпанда Алматыда аяқталған қысқы универсиадада могул бойынша алтын алған.

Ал Минскте (Белорусь) өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жүгіруде қола медаль иеленді. Бұл қашықтықта алтынды оңтүстік кореялық Дае Хеон Хван, күмісті канадалық Шинки Кнегт алды.

Нұрберген Жұмағазиев желтоқсанда Каннында (Оңтүстік Корея) өткен әлем кубогы кезеңінде 1000 метрде алтын алған. Ол Алматыдағы универсиадада екі қола медаль иеленген еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG