Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы конкурстың финалына шықты


Димаш Құдайберген (Сурет әншінің менеджері Алпамыс Шаримовтан алынды).
Димаш Құдайберген (Сурет әншінің менеджері Алпамыс Шаримовтан алынды).

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауының финалына шықты. 8 сәуірде өткен жартылай финалда ол Адриано Челентаноның "Confessa" мен "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады.

Жартылай финалға барлығы он әнші қатысып, сегізі финалға шықты. Шешуші кезең 15 сәуірде өтеді.

Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңнен тұрады. Байқаудың алғашқы туры 21 қаңтарда эфирге шыққан.

Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде жеке концерті ұйымдастырылады.

XS
SM
MD
LG