Accessibility links

Санкт-Петербургте терактіден жараланған тағы бір адам көз жұмды


Жарылыс болған күннің ертеңінде метрода жүрген полиция қызметкерлері. Санкт-Петербург, 4 сәуір 2017 жыл.

Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан жараланған тағы бір адам көз жұмды. 3 сәуірде болған терактіден құрбан болғандардың жалпы саны осымен 15-ке жетті деп хабарлады қаланың вице-губернаторы Анна Митянинаға сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Қайтыс болған адамның аты-жөні хабарланбады. Науқас әскери-медициналық академияның ауруханасында ауыр халде жатқан.

Санкт-Петербург метросында болған жарылыс құрбандарының барлығының аты-жөні анықталған. Ал қазір ауруханада зардап шеккен әлі ондаған адам жатыр. Құрбандар арасында Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген қазақстандық студент Максим Арышев те бар.

Ресейдің тергеу комитеті терактіні Қырғызстаннан шыққан, Ресей азаматтығын алған Акбаржон Джалиловтің жасағаны дәлелденді дейді. Ресейде бұл терактіге қатысы бар деген күдікпен сегіз адам ұсталған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG