Accessibility links

Блинкен Нөкістегі қантөгісті зерттеу маңызды екенін айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 1 наурызда Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен және елдің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиер Саидовпен кездесті.

Кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Блинкен былтыр шілдеде Қарақалпақстанда болған қанды оқиғада адам құқықтарының бұзылуына қатысты мәліметтерді жіті тексеру керек деді.

Былтыр 1-2 маусымда Қарақалпақстанның орталығы Нөкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстанның Конституциясынан егемендік туралы бапты алып тастау ұсынысына қарсы шыққан.

Наразылық күшпен басылып, қан төгілген. Өзбек билігі 21 адам қаза тапқанын, 243 адам жарақат алғанын хабарлаған. 500-ден астам адам қамауға алынған.

Акциялардан кейін президент Шавкат Мирзиеяв Қарақалпақстанның егемендігі туралы бапты өзгертпейтінін мәлімдеді. Сол кезде ол бұл наразылықтың артында "сыртқы күштер тұр" деген.

Өзбекстанға дейін Блинкен Астанада Орталық Азияның сыртқы істер министрлерімен саммитке қатысты. Өзбекстан сапарынан соң ол "Үлкен жиырманың" саммитіне қатысу үшін Үндістанға аттанады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG