Астанада су тапшы
Астанада ішетін су тапшы. Көпқабатты кейбір үйдің тұрғындары су күні бойы келмейтінін айтады. Қаланы сумен қамтамасыз ететін мекеме тапшылық жазға дейін созылатынын хабарлаған. Сарапшы ауызсу тапшылығын заңсыз құрылыс көбейгенінен көреді және билік тұтынушы сұранысын алдын ала дұрыс есептей алмады дейді.