Accessibility links

Петропавлда топырақ бөгеті бұзылды, су басқан аймақтан тұрғындар көшіріліп жатыр


13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Петропавл қаласында бірнеше аптадан бері құтқарушылар мен тұрғындар жасаған топырақ бөгетін су тасқыны бұзып әкетті. Су тұрғын үй аудандарына кіріп жатыр деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Әуелі Есіл өзені тасып, Хромзауыттағы қорғаныш топырақ бөгеті арқылы өтті деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі. Нәтижесінде 114 тұрғын үйді су басқан.

Tengrinews сайтының жазуынша, Кожевенный елдімекеніндегі топырақ бөгет ағысқа шыдамаған, кейін Речпорт аумағындағы айналма жолды су басқан.

Кожевенный, Подгора және Косогор елдімекенінен жұрт эвакуациялана бастады. Tengrinews-дің жазуынша, су көзді ашып-жұмғанша үйдің төбесіне дейін көтерілген.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Петропавлдан 1100 адам эвакуацияланған, 275-і бала. Министрліктің мәліметінше, Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылынан да тұрғындап қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Бір күн бұрын су тасқыны электр бағандарын зақымдап, қала сусыз қалған. еді Қаланың бір бөлігі жарықсыз отырғаны да хабарланған.

Ақпаратқа қарағанда, соңғы бірнеше сағатта балама сумен қамтамасыз ету көздері арқылы біртіндеп су беріле бастаған.

Дегенмен Петропавловск.news жариялаған видеода көшеде колонкаларда жұрттың суға кезекте тұрғаны көрінеді.

ТЖМ хабарлауынша, наурыздың соңынан бері Қазақстанның батыс, солтүстігінде су тасыған аймақтардан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

XS
SM
MD
LG