Accessibility links

Сирия билігі наразылық толқуын басу үшін Латакия қаласына әскер енгізді


Сирияда жаппай наразылық толқуы болған Латакия қаласына билік әскер кіргізді.

Өткен жұма және сенбі күндері Латакияда үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен полиция арасындағы қақтығыстарда 12 адам қаза болып, ондаған адам жараланғаны туралы ақпарат тарап отыр.

Ел президенті Башар Асадтың биліктен кетуін талап еткен шерулер Сирияның өзге аймақтарында да өтті. Батыстың адам құқығын қорғаушы ұйымдары Сирияда үкіметке қарсы шерулерге шыққан ондаған адамның қамауға алынғаны туралы хабарлады.

Сирия оппозициясы елде бірнеше күнге жалғасқан наразылық шерулері барысында полициямен қақтығыста 100-ден аса бейбіт тұрғын қаза болған десе, ресми билік мерт болғандардың саны 30-ға жуық деген деректер айтады.
XS
SM
MD
LG