Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдан бір адам опат болды


Ирақ ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Бағдадтың жасыл аймағына жасалған зымырандық шабуылдан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды. "Катюша" зымыраны Тигр өзені бойындағы қонақ үйдің жанына түскен. Қауіпсіздік жағдайы қатаң бақыланатын бұл аумақта үкімет кеңселері мен елшіліктер орналасқан. Жасыл аймаққа атылған екінші зымыраннан ешкім зардап шекпеді.

Бұл шабуылдар Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Ираққа сапарының екінші күнінде жасалып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG