Accessibility links

ОСК: сағат 18.00-ге дейін 84 пайыз сайлаушы дауыс берді


Қазақстандағы президент сайлауына кешкі сағат 6-ға дейін 84 пайызға жуық дауыс беруші қатысты.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Үсен Жетенов хабарлады. Оның айтуынша, халықтың 9 миллион 180 мыңы дауыс берген. Қазақстанда таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін сайлау учаскесі жұмыс істеп, түнгі 12-ден бастап дауыстар саналады.

Дүйсенбі күні таңертең Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың бастапқы нәтижелерін жариялайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG