Accessibility links

Берлускониге қатысты сот кейінге қалды


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони. Рим, 16 ақпан 2011.
Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони. Рим, 16 ақпан 2011.
Бүгін Италия премьер-министрі Сильвио Берлускониге қатысты сот тыңдаулары басталып, мамырдың 31-іне қалдырылды. Оған кәмелетке толмаған жезөкшемен жыныстық қатынас жасау үшін ақша төледі деген айып тағылып отыр.

Миланда ашылған сот отырысына Берлускони келмеді. Күдікке ілінген морокколық Карима әл-Махруг та сот отырысына қатыспады.

Прокурорлар 74 жастағы Берлускониге Руби деп аталып кеткен 17 жастағы әл-Махругқа жақындасу үшін ақша төледі деп айыптап отыр. Италия заңы бойынша бұл қылмыс деп есептеледі.

Берлускони мен әл-Махруг көңіл қосқандарын жоққа шығарып отыр.

Егер Италия премьер-министрі айыпты деп танылса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берлусконидің қолдаушылары да, қарсыластары да сот ғимараты алдында шеру өткізбекші.
XS
SM
MD
LG