Accessibility links

Египет полициясы экс-президент Мүбәрәктің ұлдарын ұстады


Египет полициясы елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің ұлдары Алаа мен Гамальдың 15 тәулікке ұсталғаны туралы хабарлады.

Полиция ағайынды екеуді жемқорлық қылмысына қатысты жауап алу үшін ұстаған.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Египет прокуратурасына тергеушілер сұрағына жауап беруге барған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк ауруханаға түскен.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауы бойынша, 82 жастағы Мүбәрәк өзі билікте отырғанда жаппай наразылық шеруіне шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда құрбан болғандарға байланысты, мемлекеттен ақша жымқыру істеріне қатысты тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп отырғанда жүрегі қысылып, ауруханаға жеткізілген.

Египетті отыз жылдай басқарған Мүбәрәк елде бірнеше аптаға жалғасқан жаппай наразылық акцияларынан соң, ақпанның 11-інде биліктен кетуге мәжбүр болды. Содан бері ол Қызыл теңіз жағасындағы курортты қала – Шарм-аш-Шейхте тұрып жатқан еді.
XS
SM
MD
LG