Accessibility links

Мәми сенат төрағасы болып тағайындалды


Қайрат Мәми Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Депутаттар президенттің ұсынысын біраузыдан қолдады.

56 жастағы Қайрат Мәми осы уақытқа дейін елдің бас прокуроры қызметін атқарды.

Жұма күні Қасым-Жомарт Тоқаев сенат спикері лауазымынан босатылды. Бұдан бұрын мәлім болғандай, ол Женевадағы БҰҰ бөлімін басқармақ.

Ал елдің жаңа бас прокуроры қызметіне 47 жастағы Асхат Дауылбаев тағайындалды. Дауылбаев бұдан бұрын бас прокурордың орынбасары болған.
XS
SM
MD
LG