Accessibility links

Ливияның үкіметтік күштері Мисратаны атқылап жатыр


Ливияда Муаммар Каддафи билігіне қарсы шыққан көтерілісшілер үкіметтік күштер Мисрата қаласын атқылауды жалғастырып жатыр деп хабарлады.

Оппозициялық күштер өз бақылауына алған Ливияның үшінші үлкен қаласы Мисратаны Каддафи жасақтары соңғы жеті апта қоршауға алып отыр. Көтерілісшілер өкілінің айтуынша, Мисратада жексенбі күнгі атқылаудан кемінде 17 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жараланды.

Сондай-ақ Каддафи күштері мұнайлы қала Брег портына қарай бет алып, Аждабия қаласына да шабуылын жалғастырып келеді.

Бір ай бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Каддафи күштерінің шабуылынан бейбіт халықты қорғау шараларына жол ашып, үкіметтік әскерге әуеден соққылар берілген болатын.

Бүгінде НАТО-ның бақылауындағы әуе операцияларына қарамастан, оппозициялық көтерілісшілер әлі жеңіске жете алмай отыр.
XS
SM
MD
LG