Accessibility links

Жапония АЭС-і радиоактивті суды төге бастады


Жапониялық жұмысшылар наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зақымданған атом электр станциясы реакторындағы жоғары радиоактивті суды арнайы қоймаға төге бастады.

Фукусимадағы 25 мың тонна зақымданған судың басқа жерге алынуы жұмысшылардың реакторлардағы салқындату жүйесін қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік береді. Токионың TEPCO электр қуаты компаниясының айтуынша, наурыздың 11-дегі апаттан бері радиация жайып жатқан атом электр станциясындағы жағдайды бақылауға алу үшін 9 айға жуық уақыт керек.
XS
SM
MD
LG