Accessibility links

AzattyqLIVE: Жер дауының шешімі қандай?


AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Руслан Ербота (олдан оңға қарай) және хабар қонақтары Мақсат Ілиясұлы, Марат Толыбаев. Астана. 27 сәуір, 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Руслан Ербота (олдан оңға қарай) және хабар қонақтары Мақсат Ілиясұлы, Марат Толыбаев. Астана. 27 сәуір, 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында экс-вице-министр Марат Толыбаев пен белсенді Мақсат Ілиясұлы жерді жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беруге қатысты мәселені талқылады.

Үкімет шілде айынан бастап Қазақстанда ауылшаруашылық жерін ел азаматтарына аукцион арқылы сату және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін жалға беру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл хабарға байланысты қазір Қазақстан қоғамында қарама қайшы пікірлер айтылып жатыр. 24 сәуірде Атырауда жаппай митингіге шыққан адамдар биліктен ауылшаруашылығы жерін аукцион арқылы жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы баптарды Жер кодексінен алып тастауды, жер иелері туралы толық ақпараты жариялауды талап етті.

26 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясында президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жер шетелдіктерге сатылады деген жалған ақпарат тартқандар заң бойынша жазалануы тиіс» деп мәлімдеді.

Қазақстанда осы кезге дейін ауылшаруашылығы жері ел азаматтарына 49 жылға дейін, шетелдіктерге – 10 жылға дейін мерзімге жалға беріліп келген. Былтыр күзде парламент қабылдап, президент қол қойған Жер туралы заң өзгерісіне наразылық неге күшейді? Ауыл шаруашылық жері кімдердің меншігінде болуы керек? Жерді тауар ретінде пайдалануға бола ма?

AzattyqLIVE хабарында бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі, кәсіпкер Марат Толыбаев және белсенді Мақсат Ілиясұлымен жер дауын талқылады.

XS
SM
MD
LG