Accessibility links

AzattyqLIVE: Сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр?


Орал қаласындағы сайлау жарнамаларының бірі. Батыс Қазақстан облысы, 1 наурыз 2016 жыл.

Орал қаласындағы сайлау жарнамаларының бірі. Батыс Қазақстан облысы, 1 наурыз 2016 жыл.

Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында сарапшы Павел Лобачев Қазақстандағы кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихаттар сайлауының барысына талдау жасайды.

Қазақстанда 20 наурызға белгіленген кезектен тыс парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттар сайлауына алты саяси партия қатысады. Мәжіліске саяси партиялардан 234 кандидат, жергілікті мәслихаттарға 11133 кандидат тіркелген. Сайлау науқанына 4 миллиард теңге шамасында қаражат бөлінген.

«Сайлауалды үгіт-насихат шараларының өту барысы қалай? Саяси ұйымдар мен жеке кандидаттар тарапынан қандай талаптар бар? Орталық сайлау комиссиясы сайлауалды науқанды қай деңгейде ұйымдастыра алып отыр? Шетелдік, жергілікті бақылаушылардың кедергісіз жұмысы қамтамасыз етілген бе? Бүгін орыс тілінде өтетін AzattyqLIVE хабарында осы және өзге де сауалдарға талдау жасалады.

Алматы уақытымен сағат 15:00-де басталатын тікелей эфир хабарына «ЭХО» қоғамдық ұйымының жетекшісі Павел Лобачев қатысады.

Сарапшыға сұрақтарыңызды мына жердегі форумға немесе WhatsApp +7 777 328 38 88 нөміріне жолдауға болады.

Оқырман қоятын сауалдар форум ережесіне сай болуы сұралады.

XS
SM
MD
LG