Accessibility links

AzattyqLIVE: Жер комиссиясы не тындырып жатыр?


Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясы жиынына қатысушылар. Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы. 2 шілде 2016 жыл.

Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясы жиынына қатысушылар. Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы. 2 шілде 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының жұмысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен талқылады.

Қазақстанда 24 сәуірде Атырауда және одан кейін басқа да аймақтарда үкіметтің жер реформасына қарсы шерулерден кейін, мамырдың 5-і күні, Қазақстан президенті жер кодексіндегі даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялап, үкімет жанынан жер реформасын қоғаммен талқылайтын комиссия құрылған.

Осымен жетінші отырысын өткізген жер комиссиясының жұмысы қалай өтіп жатыр? Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жұртшылық белсенділік танытып отыр ма? Өткен мерзім ішінде комиссия қандай аралық шешімдер қабылдады?

AzattyqLIVE жер комиссиясының жұмысына қатысты осы және өзге де мәселелерді Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, үкімет жанынан құрылған жер комиссиясы штабының жетекшісі Ерлан Нысанбаевпен талқылады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG