Accessibility links

Аспанбек пен Қанаттың айтысы


Айтыс ақыны Аспанбек Шұғатаев. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Айтыс ақыны Аспанбек Шұғатаев. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Айтыстың алғашқы күні 20 ақын сөз сайыстырды.

Сахнаға алтыншы жұп болып шыққан павлодарлық Аспанбек Шұғатаев пен жамбылдық Қанат Мырзахан айтыстың тақырыбынан – Астана қаласы күні аясынан ұзамады

«Жетпіс үшке жетсе де елбасымыз,
Көгіңе күліп шығар текті дейміз.
Мен «Нұрсұлтан кетсін» деп тілемеймін,
«Мәсімов келмесе екен» деп тілеймін» деген Аспанбек Шұғатаев Астана қаласындағы көше аттарын тілге тиек етті:

– Астанада Мирзоян көшесі бар,
Бетке басып айтардай толғанамыз.
Сол «жуликтің» қолынан мерт болмап па еді,
Кешегі сорлы анамыз, сорлы апамыз.
Айтыс ақыны Қанат Мырзахан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Айтыс ақыны Қанат Мырзахан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Біз, қазақ, Қожанасыр халықпыз ғой,
Негізсіз туған жерді сорлатамыз,
Біздерді таспен атқан жауыздарға,
Неге сонша тас мүсін орнатамыз.

Ал Қанат Мырзахан «Көкелердің орыны ауыспаса, көшелердің аттары ауыспайтынын» айта келе былай деді:

– Сондықтан ел басшысы қолпаштаған
Елді көрсем, шаттықтан өлер ме екем.
Ал енді кей жандардың осы күнге,
Елбасын даттайтыны неден екен.
Өз патшаңды «жаман» деп даттағанмен,
Біреу жақсы патшасын бере ме екен.

Қазылар айтыстың екінші айналымына Аспанбек Шұғатаевты жіберді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG