Accessibility links

Баспана жайын «анау жол», «мынау жол» демей шешуді ұсынады


Астанадағы көпқабатты үйлер. (Көрнекі сурет)
Астанадағы көпқабатты үйлер. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда екі жарым миллион адам баспана кезегінде тұр. Олардың бір бөлігі – мемлекеттік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, өзгелері әкімдік арқылы бөлінетін мемлекеттік баспананы күткендер.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасымен баспана сатып алу үшін төленетін бастапқы жарна көлемін 50 пайыздан 30 пайызға азайту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бағдарлама бойынша аймақтарда әр шаршы метрдің бағасы - 140 мың теңге, Астана мен Алматыда 180 мың теңге болады деп болжанады.

Баспаналы болудың кезекті жолы ұсынылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:30 0:00
Жүктеп алу

Бірақ бағдарламаға қатыспайтын өзге азаматтардың бәрі пәтер құнының 50 пайызы мөлшерінде бастапқы жарна жинауы тиіс.

Бүгін «Нұр Отан» президенттік партиясы фракциясының парламентте өткен отырысында осы жоспарлар жайлы айтқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова отбасылық пакетті мысалға келтірді. Оның шарты бойынша екі ересек адам мен екі баладан тұратын отбасы банкте төрт депозит ашып, әрқайсысына 50 мың теңгеден жинайды.

Сонда айына 200 мың теңге шығады, бұл - қомақты сома, бірақ есесіне жыл аяғында олардың әрқайсысы жылдық 20 пайыз мемлекеттік сыйақы алады.

- Сонда айына 200 мың теңге шығады, бұл - қомақты сома, бірақ есесіне жыл аяғында олардың әрқайсысы жылдық 20 пайыз мемлекеттік сыйақы алады. Биыл біз банк тарихында алғаш рет мемлекеттік сыйақы түрінде ғана рекордтық сома - 17,5 миллиард теңге алдық. Ал 90 миллиард теңге - халықтың салған ақшасы. Сондықтан мемлекеттік сыйақы да өсті. Егер олардың әрқайсысы ай сайын 50 мыңнан салса, жыл аяғында жиналған 600 мыңына қаржы министрлігі мен елден қосымша тағы 100 мың алады. Депозитіне тағы екі пайыз қосылады. Сонда үш жылда 2,5 миллион теңге жинауға болады, - дейді Ләззат Ибрагимова.

Осындай амалмен халықты ақша жинауға, баспана мәселесін ипотека алмай шешуді жоспарлауға үйретпек. Бірақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымының сөзінше, борышкерлердің қарызын субсидиялау үшін Қазақстан ипотека компаниясы ақша алған. Астана мен Алматыда пәтер сатып алу үшін 10 пайыз жылдық мөлшерлемемен 15 миллион теңгеге дейін, ал аймақтарда 10 миллион теңге көлемінде ипотекалық несие алуға болады. Оның шарты – алынатын пәтер жаңадан салынып біткен баспана болуы керек. Берілетін ипотеканың үстеме қайтарымы - жылына 10 пайыз.

- Бұл бағдарламаға екінші деңгейлі банктер арқылы барлық азаматтар қатыса алады, - дейді Ләззат Ибрагимова.

Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың сөзінше, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллион шаршы метр баспана, яғни 25 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек.

- Бұл тұрғын үй қорын 2015 жылмен салыстырғанда - 17 пайызға, халықты баспанамен қамтуды екі пунктке арттыруға мүмкіндік береді. Яғни бір адамға 21 шаршы метрге дейін деген есеппен, - дейді Роман Скляр.

Бірақ үзіліс кезінде ол Азаттықтың «Астанадағы құрылысы ұзаққа созылып кеткен үйлерден пәтер алу үшін ақшасын салған инвесторлар мен үлескерлердің проблемасы не болмақ?» деген сұрағына жауап бере алмады. Оның сөзінше, бұл проблемамен ведомствоаралық комиссия деңгейінде жергілікті атқару органдары айналысады.

Баспана салуға миллиардтаған, миллиондаған, триллиондаған ақша бөлініп жатыр, ал жұрт бұрынғысынша әлі пәтерсіз жүр. Совет Одағында да проблемалар болған, бірақ бұл мәселені ешқандай «анау жол, «мынау жол» демей бірден шешетін. Қаншама ұйым, банктер құрылды, бірақ проблеманың шешілетін түрі көрінбейді.

Жиында депутат Бақытжан Ертаев әріптестеріне теледидардан алданып қалған үлескерлерді көргенде олар үшін қапаланатынын және олардан ыңғайсызданатынын айтты. Ол «жағдай мүлде өзгермейтін сияқты көрінеді» дейді.

- Баспана салуға миллиардтаған, миллиондаған, триллиондаған ақша бөлініп жатыр, ал жұрт бұрынғысынша әлі пәтерсіз жүр. Совет Одағында да проблемалар болған, бірақ бұл мәселені ешқандай «анау жол, «мынау жол» демей бірден шешетін. Қаншама ұйым, банктер құрылды, бірақ проблеманың шешілетін түрі көрінбейді. Үй салудың бірыңғай тетігін ашық жасау керек шығар. Мысалы жуырдағы Перуашовтың ұсынысы сияқты. Әжетханасыз, қол жуғышсыз салуға болмайды әрине. Бірақ елдегі жатқан жас жігіт, жас отбасы ешқайда жалтақтамай ертең баспаналы болатынына үміті болуы тиіс, - дейді Бақытжан Ертаев.

Сәуірдің 12-сі күні мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде депутат Азат Перуашев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке әжетхана мен асүйі жоқ пәтерлер салуды ұсынған. Оның есебінше, сонда ақша үнемделіп, 2021 жылға дейін 35 мың емес, 49 мың жалға берілетін пәтер салуға болады. Ол әлгі пәтерлерге тұрмысы нашар азаматтарды қоныстандыруды ұсынған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG