Accessibility links

Алматыдағы қоныс той


Тамыздың 15-не қараған түні Түркісіб ауданы Щербаков көшесіндегі екі қабатты үйлері өртеніп, бір ай бойы ауладағы шатырда тұрған алматылықтар қысылшақ кезде қол ұшын созған азаматтарды қонаққа шақырып, әкімдік жөндеп берген үйлерінің қоныс тойын жасады. Тұрғындардың айтуынша, үй жөнделіп болғанша оларды жалдамалы пәтерлермен жергілікті билік қамтамасыз еткен. Бала-шағасымен далада қалған азаматтарға алматылық еріктілер де қатты қайырым көрсеткен еді. Алматы, 13 желтоқсан 2014 жыл. Видео авторы - Мәди Бекмағанбет.

XS
SM
MD
LG