Accessibility links

Аштық жариялағандардың бірі – бесінші баласына аяғы ауыр әйел


Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдің бірінің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдің бірінің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Жедел жәрдем қызметі дәрігерлері Астанада аштық жариялаған бес әйелдің үшеуіне акцияны тоқтатуға кеңес берді. Биліктен жерін даулаған азаматтар үш күннен бәрі тамақ ішпеген.

Астанада бес әйел биліктен баспаналарынан күштеп шығару және жерлерін «мемлекет қажетіне» алу туралы талап-арызын кері қайтарып алуды талап етіп аштық жариялап жатыр.

«Аштық» деп жазылған медициналық маска киген әйелдер акцияға қатысушының бірі Алтын Шеруалиеваның үйінің жанындағы көшеге тамыздың 8-і күні таң сәріден бастап шығып отырады. Олар бұрын саяжай, ал қазір Астананың солтүстік жағалауындағы «Хазірет Сұлтан» мешіті арт жағындағы қымбат ауданда орналасқан үйді бұзу туралы сот шешімін орындалуын күтеді.

Үйге кіретін есікті баррикада жасап бекітіп тастаған әйелдер есік алдындағы орындыққа жайғасқан. Өздерін қолдауға келген бұрынғы саяжай жерлері иелерін олар қайың мен шырғанақ бұтасының түбіне жайғастырады. Сот шешімін орындаушылар әлі келмеген.

Түске таман әйелдердің бірі жедел жәрдем шақырды. Аштық жариялаған әйелдердің айтуынша, жергілікті билік те, дәрігерлер де аштық жариялап жатқандардың халін білмеген. Олар қан қысымын өздері өлшеп, таразыға тартылып, салмақтарын бақылайды.

Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдердің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдердің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

– Басым ауырады. Осы уақыт ішінде бір килограмм салмақ жоғалттым. Ашыққан кезде таңертең бір стақан су ішсең, ештеңеге тәбетің болмайды екен, – дейді Алтын Шеруалиева.

Бірақ олардың шақыруымен келген жедел жәрдем дәрігерлері оларға керісінше суды көбірек ішіп, қозғалмай жатуға кеңес берді. Дәрігерлер созылмалы сырқаты бар екі әйелге: «Денсаулықтарыңды ойлаңдар, аштықты тоқтатыңдар» деп кеңес берді.

Аштық жариялаған әйелдердің бірі Сандуғаш Серікбаевамен сөйлескен жедел жәрдем дәрігері оның аяғы ауыр деп топшылады. Кейінірек ол ультрадыбыстық тексеруден (УЗИ) өтуге кетті. Жүкті әйелдің ашығуы баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Сандуғаштың қазір төрт баласы бар.

Сандуғаш Серікбаева полиция бөлімшесінде тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

Сандуғаш Серікбаева полиция бөлімшесінде тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

– УЗИ 11 апталық жүктілікті көрсеткенін Сандуғаш бізге телефон арқылы айтты. Оның аяғы ауыр екенін үкімет үйі алдында жатқанда да ешкім білген жоқ. Енді не істейтінімізді бүгін кеңесіп шешуіміз керек. Ақырына дейін шыдап, 40 күн ашығамыз деп ойлап едік. Бірақ енді Сандуғаш аштықтан бас тартуы керек, – дейді Алтын Шеруалиева.

Астанадағы бұрынғы саяжайлардағы үйлері бұзылуы тиіс бес әйел тамыздың 6-сы күні аштық жариялаған. Олар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді және қала әкімдігінің сүрілетін үйлерден күштеп көшіру мен «мемлекет қажетіне» жерлерін алу туралы талап-арызын кері қайтарып алуын талап етеді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG