Accessibility links

AzattyqLIVE: Белсенділерді босатуға пикеттің әсері бола ма?


AzattyqLIVE хабарының қонағы «Антигептил» мүшесі Ұлан Шәмшет (сол жақта) пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарының қонағы «Антигептил» мүшесі Ұлан Шәмшет (сол жақта) пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 7 желтоқсан 2015 жыл.

«Антигептил» қозғалысының мүшесі Ұлан Шәмшет AzattyqLIVE хабарында қамалған азаматтық белсенділердің ахуалын, оларды босатуды талап еткен акцияларды сөз етті.

Қазан айында Алматы қаласында азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлин қамалды. Қазір «ұлттық араздықты қоздыратын, ұлттық ар-ожданды қорлайтын жазба жариялады» деп айыпталған ол екі азаматтың ісі бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қараша айында Астанада тұтқындалған белсенді Болатбек Біләлов те «әлеуметтік араздық қоздырды» деген күдікке ілініп, тергеліп жатыр.

Соңғы уақыттарда әлеуметтік желіде жазған не бөліскен ақпараттары мен пікірлеріне байланысты істі болған азаматтарды қолдап, оларды бостандыққа шығару мәселесін көтерген пикеттер өте бастады.

AzattyqLIVE-тың қонағы - азаматтық белсенді, «Антигептил» ұйымының мүшесі Ұлан Шәмшет «Мұндай қолдау акцияларының белсенділерді босатуға не себі тиеді?» деген сауалға жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG