Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Төлетаевамен сөйлесті


Роза Төлетаева. Жаңаөзен, 20 қараша 2014 жыл.
Роза Төлетаева. Жаңаөзен, 20 қараша 2014 жыл.

ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) парламенттік ассамблеясының демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитеті төрайымы Изабель Сантос түрмеден босап шыққан мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаевамен телефон арқылы сөйлесті.

ЕҚЫҰ мәліметіне қарағанда, 4 желтоқсанда хабарласқан Изабель Сантос жаңаөзендік белсенді, қамаудан 19 қарашада шыққан Роза Төлетаеваның бостандыққа шығу жайын, қазіргі ахуалын, алдағы жоспарын сұраған.

Изабель Сантос Қазақстан үкіметін өзі саяси астарға байланысты қамауда отыр деп есептеген басқа да адамдарды босатуға шақырған.

Роза Төлетаевамен хабарласқан соң Венада Қазақстан елшісі Қайрат Сарыбаевпен кездескен Изабель Сантос түрмедегі белсенділер Владимир Козлов, Зинаида Мухортова, Арон Атабек пен Вадим Курамшин жайлы егжей-тегжейлі мәлімет беруін сұраған.

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының өкілі Изабель Сантос биыл маусымда Қазақстанға барған сапарында түрмедегі оппозиционер Владимир Козловпен жолыққан, ол кезде қамауда отырған Роза Төлетаевамен кездесе алмай кеткен.

XS
SM
MD
LG