Accessibility links

Саргсян "ұлттық келісім" үкіметін құру ниеті барын білдірді


Серж Саргсян, Армения президенті.
Серж Саргсян, Армения президенті.

Армения президенті Серж Саргсян алдағы бірнеше айда "ұлттық келісім" үкіметін құру ниеті барын мәлімдеді. Саргсянның сөзінше, "ұлттық келісім" үкіметі құрамына "терористер мен олардың жақтастары" кірмейді.

31 шілдеде Армения ұлттық қауіпсіздік қызметі Ереванда полиция полкі ғимаратын басып алып, ұстап тұрған оппозицияшыл қарулы топ мүшелері қаруын тастап берілгенін мәлімдеген.

1 тамызда Ереванда жүздеген адам көшеге шығып, полициямен екі апта текетіресіп, ұсталған топтың 20 мүшесіне рақымшылық жасауға шақырған. Екі аптаға созылған тіресте екі полиция қызметкері қаза тапқан.

17 шілдеде полиция полкін басып алған топ Армения президенті Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап еткен. Саргсян азаматтық қоғам өкілдері, діни жетекшілер және үкімет өкілдерімен кездескен соң қарулы топ өздерінің "террорлық іс-әрекеттерін патриоттық ұрандармен және әлеуметтік әділеттікке шақырған үндеулерімен бүркемелегенін" мәлімдеген.

"Интерфакс" агенттігі 1 тамызда оппозициялық "Мұра" партиясының баспасөз хатшысы Давид Санасарян мен партия төрағасының орынбасары Армен Мартиросян жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, оған қатысты деген айыппен қамалғанын хабарлаған.

Армения президенті сонымен қатар "ешкімге мемлекет іргесін сөгуге рұқсат етілмейтінін" ескертті. "Арменияда мәселелер қарумен және зорлықпен шешілмейді" деген Саргсян Ереванның "Бейрут немесе Алеппо емесін" айтты. Ол сонымен бірге "тыңғылықты, жан-жақты әрі әділ тергеу жүргізуді" және "сотты ашық өткізуді" тапсырды.

XS
SM
MD
LG