Accessibility links

Қазақстан халық денсаулығы рейтингісінде төменгі орында


Дәрігерге қаралып отырған ер адам. (Көрнекі сурет).
Дәрігерге қаралып отырған ер адам. (Көрнекі сурет).
Bloomberg агенттігі халықтың денсаулық жағдайының деңгейі рейтингісін жасады. Онда Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында ең соңғы орында, ал әлемнің 140 елінің арасында 111-орында тұр.

Рейтингіні түзуде мамандар негізінен халықтың өмір сүру ұзақтығы, түрлі жас шамасындағы адамдардың өлімі деңгейі, ана мен баланың өлімі, темекі мен алкоголь өнімдерін пайдаланушылар саны сияқты көрсеткіштерге сүйенген.

Бұған қоса қанында холестерин мен қанты көп, артық салмақтағы адамдардың саны, қоршаған ортаның ластануы, вирусты және жұқпалы аурулардың таралу деңгейі мен халықтың салауатты өмір салтын ұстануға бейімдігі де ескерілген. Рейтингті құрауда БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептері пайдаланылған.

Орталық Азия елдерінен Тәжікстан 84-орында, Өзбекстан 85-орында, ал Қырғызстан 101-орында тұр.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, денсаулығы ең жақсы адамдар Сингапур, Италия және Австралияда тұрады.
XS
SM
MD
LG