Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:44

ҚАЗАҚСТАН

Оппозиция неге үндемеді?

«Өкіл қайын ата» кітабының жарық көруі биліктегілерді ғана емес, елдегі оппозиция басшыларын да абдыратып тастағандай болды. Қарт коммунист Серікболсын Әбділдиннен басқаларының кітапты оқыдым деп айтуға батылы жетпеді. Неліктен?

x
Мәтін көлемі - +
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ
Егер де оппозиция ҚР бас прокуратурасының алғашқы кездегі жасаған  «кітапты оқыған азаматты жауапқа тартамыз» деген сұсты мәлімдемесінен шошыса, онда олардың демократиялық құндылықтар үшін күресіп жүргені өтірік болғаны. Себебі, кітап оқығаны үшін жауапқа тарту, орта ғасырда ғана кездесетін жабайылық. Мұндайда оппозиция елдегі азаматтардың құқын қорғап, майданның алға шебінен табылуға тиіс-тұғын. Олай болмады. Оппозиция үндемеді. Бәлкім, не айтарын білмей, сасқалақтады.

Ең қызығы демократияның қазанын қайнатып жүрген «Жас Алаш» газеті де «Өкіл қайын ата» кітабына аса қатты мән бермеді. Елдегі беделі зор оппозициялық басылымның Рахат Әлиевтің кітабындағы белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты келтірілген жаңа деректерге қызығушылық танытпағаны, расында да таң қаларлық жағдай. 

Өз басым журналист Сергей Дуванов оқыған және онымен танысу үшін құқық қорғаушы Андрей Свиридовке берген «Өкіл қайын ата» кітабын Жармахан Тұяқбай немесе Болат Әбіловтердің оқымағанына аса сенбеймін. Сейсенбі күні өткен баспасөз мәжілісін өткізген  «Азат» партиясының басшысы Болат Әбілов журналистерге кітапты оқымағанын, тек қызық үшін кей беттерін парақтағанын айтып, ақталғандай болды. Кімнің алдында? Президенттің бе, әлде ҚР бас прокуратурасының ба? Мүмкін, Болат Әбілов президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев айтып жүрген оппозицияны қаржыландыратын Ақ-Орданың алдында ақталғысы келген шығар?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
01.06.2009 14:47
+0 / -0
Шындығында да қызық сұрақ екен.Әншейінде батырсыған оппозиция өкілдеріне не болған?Сотталып кетсе де сол кітапты оқыдым деп қасқайып тұрып неге айтпайды? Сірә, анау Ержан Досмұхамедов пен сол Рахат Әлиевтің "қазақ оппозициясы биліктің жемін жеп жүр" деуі шындыққа келе ме екен? Қоянжүрек қорқақ оппозиция халықты заңсыздықтардан, зорлық-зомбылықтардан қалай қорғайды? Қорқақ болсаң оппозицияға қослылып, Назарбаевты сынап не бар еді құлыным?

Кімнен: Патриот Қазақ Қайдан: Қазақстан
01.06.2009 14:53
+0 / -0
Жас алаш газетін бұрын қызығып оқитын едік қазір әйелдердің өсегі сияқты мақалалар ,ұсақ түйектер жазылатын болды. Бола Әбіловтың қарақан басының не істеп жүргенінен аса алмайды.Реке Болатты шын опозиция екен днп сеніп қалып енді неістеріңізді білмей жүрген сяқтысы. Рахаттың кітабнда жазылғандай Алтынбекті өлтірген адам анық емеспе енді сотасатын адамдада анық неге қолға алмасқа.

Кімнен: права Қайдан: қазақ даласы
01.06.2009 16:57
+0 / -0
Жас алаш деген сатықын газет өтірік өсек мақтаншақ жеке бастың пайдасы, студенттерді алдап істьерінен түк шықпайды олардың жасасын Назарбаев

Кімнен: Тазбай
01.06.2009 17:57
+0 / -0
Бізде таза оппозиция жоқ. Қазіргі оппозициясымақтарын қолдан жасалған қуыршақтар. Оны түсінетін уақыт жетті ағайын.

Кімнен: Қарапайым қазақ Қайдан: Алматы
01.06.2009 21:23
+0 / -0
Иә, "Өкіл қайын ата" кітабы шықты" деп жар салғаннан бері оппозиция өкілдерінің бірде-біреуі ол туралы еш пікір айтпағандары қызық екен. "Оппозиция, оппозиция" деп сайлау кезінде атой салып жүрген "батырларың" қайда, осы?! Әй қойшы соларды, олардың қайсы-бірі қазаққа жаны ашып жүр дейсіз. Демек, Р.Әлиевтің оппозиция туралы айтқандары шындық болғаны ғой.

Кімнен: Коп казактын бiрi Қайдан: Казакстан
02.06.2009 13:18
+0 / -0
Солай ма, олардын жак ашпай калганы кызык екен? Сонда бiз кiмге сенiп келгенбiз? Мынау сумдык кой? Бiрак Рыспектiн ундемей калганы несi екен, онын туган iнiсiн атып олтiрген жок па? Мумкiн емес, бул жагдайдын бiр себептерi бар шыгар?

Кімнен: абдусамат Қайдан: астана
03.06.2009 10:26
+0 / -0
Бауырларым,естеринди жисаншы.
Рахаттын ким екенин умытатындай уакыт откен жок кой.Президенттин аркасында Рахаттай шалкыган,байыган,атак-данктын
шынына жеткен ешким жок екенин барлыгын
билесиндер гой.Соган айтып отырган алгысы осы китап екен.Аллах Рахатка барлыгын берип тек кана канагат бермеген, омирден жанталасумен жамандык ойлаумен отетин сорлы адам.Ол ешлашан да ешкимгеде опа
бермейди,онын мойынында кан бар, адам каны,оган калай сенбекшисиндер?
Естеринди жиындар, Бауырлар.


Кімнен: Әлімұлы Қайдан: Арал
18.06.2009 21:30
+0 / -0
Рахат ызыланып айтса да, оның сөзінде шындық болуы мүмкін. Себебі билік неге оның кітабынан соншалықты шошиды?

Кімнен: Сыдық
23.06.2009 00:04
+0 / -0
Қалай болған күнде де Рахат нақты құжаттар негізінде Назарбаевтың толық бейнесін ашқан жоқ па...? Ендігісі қазақ құр жата беретін болса ата-баба аманатын арқалай алмай, ақтай алмай жерінен де, елінен де, несібесінен айырылады. Бүгінгі күні Назарбаев қазақ үшін "Ақтабан шұбырынды" болды. келесі ақтабанға қазақ Америкадағы негрлердей ардан да, нардан да, намыстан да, малдан да жұрдай болып әлемдегі ең қайыршы халыққа айналатын шығар! Назарбаевты соттайтын қазақта тура сот жоқ, әділ би жоқ, төреден шыққан хан жоқ! Ендеше оны кім іске асырады?! Тек қана қалың қазақ! Бас біріктір қазақ, әділ сөзді айт! туралықты талап ет! қалған бос сөзді қою керек те, ұлт тағдырын қолға алатын кез келді!
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен