Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:41

САЯСАТ

Назарбаевтың жеке басына табынушылық демократияның келешегі үшін қауіпті қарқын алып барады

Өтіп бара жатқан 2008 жылдың басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанда Назарбаевтың жеке басына табынудың күшеюі болып отыр. Бұл –Орталық Азиядағы экзотикалық автократ Сапармұрат Ниязовтан кейін жеке басқа табынудан пайда болған құбылыс.

Ақтөбе қаласындағы президент Н.Назарбаевтың қазақ хандарымен теңестіріліп салынған суреті
x
Ақтөбе қаласындағы президент Н.Назарбаевтың қазақ хандарымен теңестіріліп салынған суреті
Мәтін көлемі - +
НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ХАНДАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛУДЕ

Жеке басқа табыну – Қазақстанда жаңа құбылыс емес. Бұл құбылыс жүйелі түрде өзінің тікелей иеленушілерін Сталиннен Хрущевке, одан Брежневке ауыстырып отырған. Енді міне, Қазақстанда Назарбаевтың жеке басына табынатын болды.

Бақытжан Шураев, жеке меншік компанияның қызметкері, Ақтау қаласының тұрғыны:
Ақтаудағы үйлердің бірінің қабырғасын алып тұрған президент портреті. 2008ж.


« Жеке басқа табыну неден көрінеді? Адамдардың түсінігі бойынша, теледидардан айналдырып бір нәрсені көрсете беру. Бір кездері біздің Ақтауда Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін тоғыз қабатты үйге тұтас ілген.

Онда қатарынан үш тоғыз қабатты үй тұр. Алғашында үйдің тұтас қырына оның портретін ілген еді, ал, көршілес үйлерде – Абылай хан мен басқа да атақты хандарымыздың портреттері тұр. Мұнысы Назарбаев –біздің бүгінгі ханымыз дегендей.

Бұл портреттер онда бір жылдай ілініп тұрды. Жоқ, тіпті, бір жылдан да ұзақ тұрды. Кейінірек алынғаны рас. Алып тастауына сол суреттердің түсін жоғалта бастауы себеп болған сияқты. Сонымен бірге қай жерден болмасын Нұрсұлтан Назарбаевтың “партия мен халық егіз ” деген сияқты “данышпандық ” сөздерін көруге болады. Мұның барлығы өткен күндерде ғана болып еді ғой. Мұндайда, біз мұны өтіп кеткенбіз демейтін ба еді?

Теледидарды қоса қалсаң да, көрсететіні- Назарбаев. Жеке меншік телеарнадан бізде ештеңе де қалмады. Сондықтан да мен біздің арналарды көрмеймін де.

Айтқандай, жақында менің мынаған зығырданым қайнады. Неге екенін білесіздер ме? Арманжан Байтасов та, біздің белгілі медиамагнат, “Нұр-Отанға” кіріп алыпты. Ол басқа жағдайда тірі қала алмайтын болған ғой, - деп ойлаймын».

Айман Сығай, Ақтөбелік бухгалтер, президент Назарбаевтың есімінің шектен тыс жиі айтылатынына тоқталды:

«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табыну құбылысын кез-келген адамның, мейлі ол қарапайым адам болсын, жоғары дәрежелі шенеунік болсын сұхбаттарында міндетті түрде табыстарына да, жұмыстарына да президенттің есімін қатыстырып айта беруінен көремін. Керек жеріне де, керек емес жеріне де қыстыра береді. Меніңше, оның есімі, шектен тыс жиі аталуда.

Мен көшеде келе жатқанда, жарнамалық тақталарға, билбордтарға көңіл бөлмеймін. Жарнамалық тақталардан жауыр болған бір бейнені ғана көруге болады. Мұның әдетке айналғаны соншама, мен оған көңіл де бөлмеймін.
Назарбаевтың Олимпиада алауын алып бара жатқан суреті. Алматы, 2008 жыл


Мен мұның бәрі жеке басқа табынуға жата ма, жатпай ма білмеймін. Мемлекеттің бұрынғы басшыларының – мен кеңес үкіметі туралы айтып тұрмын - әрқашан және барлық жерде суреттері, портреттері ілініп тұратын. Бұл жеке басқа табынуың белгілеріне жатады ма, жатпайды ма, білмедім.

Әрине, оның портреттерін азырақ жапсыруға да болатын еді ғой. Біз қалай болғанда да, сол президентіміз айтудан шаршамайтын демократиялық ел емеспіз бе? Ал енді оған көрсетілетін сый-сияпаттар – ордендер, түрлі атақтар, мұражайлар және алғашқы президенттің ордені- ол өмірден кеткен соң жасалуы керек емес пе? Басқалай жағдайда бұл сыпайылылыққа жатпайды деп есептеймін».

Қарағандылық архитектор Сұрат Қайысбай Нұрсұлтан Назарбаевтың шексіз дәріптелуі туралы былай дейді:

« Біз не көреміз? Біз құдайдың құтты күні “Бағдадта бәрі тамаша” дегендей, бізде демокртиялық мемлекет екенін естіп жатамыз. Бәріне қасарысқанда, біз гүлденіп келеміз – дағдарыс бізде атымен жоқ. Алғашқы президентіміздің көрегендік басшылығының арқасында, экономикамыз да қалыпты жағдайда. Яғни біз күнде жалғыз адамның әрекеттерін дәріптеп жатамыз, оның жолдаулары, оның сөздерінен үзінділер айтып жатады, оның портреттері, суреттерін көреміз. Тағы да басқа осы сияқтылар »

“Хабар”, “Қазақстан” телеарналарын көрмесе де болады. Таңертеңнен кешке дейін сол бір “күйтабақты” айналдырып түрлі нұсқада, түрліше түсіндіріп қоя береді. Бұл адамды мезі қылып, жүректі айнытады.

Мені әсіресе, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім, мемлекет басшысының көрегендік саясатының арқасында сақталып отыр дегені ашуландырады. Ал мұның бәрі соншалықты әрлендіре, шабытпен жеткізіледі.

Алайда бұл маңдайы жеті қарыс болса да, бір ғана адамның еңбегі емес қой, халықтың, ежелгі бай рухани мұрасы бар қазақ халқының, еңбегі. Осындай мұрасының арқасында ғана қазақ жерінде көптеген халықтар мен ұлыстар өзара келісім мен бейбітшілікте өмір сүруде. Бұл мүмкін соншалықты шабытпен айтылған болар , мұның бәрі жеке бір адамның арқасында емес, менің халқымның даналық және бай рухани негізінде дер едім.

Бәрінен бұрын мені таңғалдыратыны, Назарбаевтың осы еңбекті өзі иемденгісі келетіні. Және мұны ғана емес, елдегі бар игілікті, тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған істердің бәрін соның атына телиді. Бізде жасалып жатқанның, атқарылған істердің және болашақта орындалатын істердің бәрі бір адамның “ бастамасымен”, “тапсыруымен” немесе “қамқорлығы арқасында” . Не деген дарақылық! Бәрі мұны біледі, сезінеді».

САЯСАТКЕР УӘЛИХАН ҚАЙСАР НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТАБЫНУ ҰЛТ ҮШІН МАСҚАРАЛЫҚ БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТЕДІ

Астанадан Уәлихан Қайсар, экс-сенатор, «Азат» партиясының Астана филиалының жетекшісі, бізге берген сұхбатында былай дейді:

«Біріншісі. Күні кеше [сұхбат 17 желтоқсанда өтті ] “Казахстанская правда” газетінің номерін қарағанда, мен бір қызыққа кенелдім. Газетте сегіз бет болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың атын атамайтын бірде-бір парағы, бірде бір мақаласы жоқ.
Атыраудағы ауруханалардың біріндегі Н.Назарбaевтың қанатты сөздері.2008ж.


“Казахстанская правда” газеті де “Егемен Қазақстан”газеті сияқты – біздегінің бәрі жақсы, тамаша болуы соның еңбегі, соның табыстары екенін айтып президент туралы ғана айтып, президентті ғана дәріптейді.

Екіншісі. Жеке басқа табыну дегеніміз не? Астанадағы билбордтардың 50 пайызы таза коммерциялық, 50 пайызы – оның фотосуреттері, портреттері, сөздері, жолдаулары, яғни, Астанадағы әрбір екінші билборд тек президент туралы»

Үшіншісі. Егер сіз кез келген мемлекеттік мекемеге кірсеңіз, айналаңызда, барлық жерде – сөрелерде оның кітаптары, оның сөздері жазылған плакаттар, қабырғаларда оның портреттері, оның суреті салынып тоқылған кілемдер ілінген.

Төртінші сәт. “Хабар” телеарнасын қарасаңыз, эфирде тек сол туралы ғана көрсетеді. “Қазақстан-1” телеарнасына ауыссаңыз, әрбір екінші телебағдарламасында президент туралы сөз болады.

Келесісі. Егер сіз мемлекеттік шенеунікті тыңдасаңыз, олардың айтатындары “ мемлекет басшысының бастамасымен”, “ бірінші президенттің ұсынысы бойынша”, “ Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен” немесе “ мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында” деген ғана. Яғни, біздегінің бәрі және барлығы мемлекет басшысының арқасында.

Міне бұл жеке басқа табынудың ең қорқынышты түрі. Енді тіпті, мектептерде бірінші сыныптан бастап, біздің мемлекет басшымыз – Қазақстанның бүкіл тіршілігін ұстап тұрған адам дегенді балалардың санасына құйыла береді.
Енді қазақ сусындары да "нұр" деген атаудан басталатын болды. Алматы


Қазақстан , менің ойымша, мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында емес, оған тәуелсіз өмір сүруде!

Егер тағы да біраз ойланып қарасақ, президенттің жеке басына табынудың бірнеше жарқын мысалын келтіруге болады. Мәселен, барлық соңғы атауларды алайық – барлығына «нұр» қосымшасын тіркестіреді. Жақында “Есіл” каналын “Нұр- Есіл” деп қайта атады. Астанаға кіріп келе жатқанда бұрынғы “Базаның” орнына “Нұр- Базаны” көресіз. Қазір мұндай мысалдарды көптеп айта беруге болады. Бүгінде барлық дүкендер өз атауларына «нұр» қосымшасын жалғап алған.Конституцияны президенттің ыңғайына қарай өзгерткенін айтпасақ та болады. Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі президенттің өзі - міс. Көзі тірісінде алғашқы президенттің мұражайы, алғашқы президенттің ордені және т.б. пайда бола бастады.

Міне мұның бәрі ақылға сыйымсыз және шындыққа жанаспайды. Мен мұнда президенттің әрекетін адамгершілік тұрғыдан таразылап тұрғаным жоқ. Бұл бөлек әңгіме, бұл да өз алдына үлкен тақырып.

Ашығын айтқанда, қазақ халқының және Қазақстанның бірінші президенттен жолы болған жоқ. Бұл біздің халқымыз үшін үлкен масқаралық болды деп ойлаймын. Уақытында мұны шын сезінетін боламыз.

Мен көпшілік қауым бұдан дұрыс қорытынды шығарады деп ойлаймын. Мен біздің алғашқы президентіміз, біздің алғашқы ең сорақы масқаралығымыз да болатынына сенімдімін.

ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛ АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА АЙНАЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ

Қабдеш Жұмаділ, Алматыдан, публицист және жазушы, Астананың Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қайта аталуы мүмкін екеніне сенімді:

«Президент Назарбаевтың жеке басына табынудың белгілерін күнделікті және әрбір қадамымыздан көруге болады. Кез-келген баяндама Елбасынан басталады, барлық жақсы бастамалар президенттен шығады, барлық маңызды мәселелер мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен атқарылады.Ал Астанаға келсек, ол бізде одан басқа ештеңе жоқтай «біздің арымыз бен мақтанышымызға», «біздің жалғыз көңіл аударарлық орнынымызға», « жалғыз мұражайға» және « тұтас қазақ мемлекетінің ерекше сипатына» айналып кетті.

Енді президентті Астананың бас архитекторы және құрылысшысы деп атап, оған тіпті, “ Қазақстанның еңбек ері” атағын да бермек болды. Бұл туралы парламенттің биік мінберінен де айтылды.
Демек, бұл жақында жаңа қалаға, жаңа астанаға жаңа есім беруі, тіпті, адамның есімін беруі мүмкін. Бұл әурешіліктің бәрі – қаланың есімін қайта атауға дайындықтың жүріп жатқанын білдіреді. Мен осылай деп ойлаймын. .
Президенттің 70-жылдығына орай Астананы Нұрсұлтан деп қайта атайтыны туралы да айтылып жатқан сөз бар».

БИЛЛ КЛИНТОН ИРИНА САВОСТИНАҒА ӨЗІНІҢ ПОРТРЕТІН ҚАЛАЙ ЖІБЕРДІ

Ирина Савостина Алматыдан, «Поколение» қозғалысының көш басшысы, жеке басқа табынудың мұндайын бұрын соңды көрмегенін айтты:

« Иә мен жеке басқа табынуды барлық жағдайда көріп жүрмін. Жан- жағыңызға қараңызшы, “Нұр-Банк” , “Нұр -Отан”– мұның бәрі нені білдіреді? Нұрсұлтан Назарбаевтың банктері екенін бе? Солай болар?! Ал партия кімдікі? Жеке басқа табынудың мұндай түрін мен өмірімде көрмеппін.
Алатын кредитіңіздің де "нұрдан" басталмаса, сәні келмейтін сияқты. Алматы, 2008 жыл

Не деген бассыздық десеңізші! Кез-келген дүкенге кіріңізші. Онда «президенттік» ірімшік, «президенттік» нан, «президенттік» майды сатып ала аласыз. Астананың бір жерінде тағы сапасы ерекше «президенттік» дәретхана қағазы да бар дейді. Кейде мен президент үшін қынжыламын. Егер мен оның кеңесшісі немесе тағы да басқа жақын біреуі болсам, оған «президенттік», «назарбаевтық» дегендерді шығарып жүргендерді Колымаға жер аударып жіберу керектігін айтар едім. Сіз біздікілер әлеуметтік қорғаудың «чилилік нұсқасымен» «жағынғанын» және әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілін қолдана бастағанын білесіз бе? Осындай жаңа тәсілдің негізінде президенттік сайлау кезінде ( сайлау ойдағыдай өтуі үшін жасаған шығар) барлық зейнеткерлерге үш мың теңге [25 долларға жуық] көлемінде ақша қосылды. Осы үш мыңдық қосымшаны «президенттік», «назарбаевтық» деп атады. Мұндайды көрдіңіз бе?!

Бізге зейнеткерлерге бұл қосымша ақша Нұрсұлтан Назарбаевтың қалтасынан шығып жатқан «президенттік -назарбаевтық» ақша емес, бұл -әдеттегі негізгі зейнетақы екенін, мұндай негізгі зейнетақыны әлемнің қай бұрышында жұмыс істесең де алуға болатынын айтып түсіндіру қиын соғып жатыр.

Зейнеткерлік жасқа жеткен соң, қай мемлекетте болмасын саған күнделікті күнкөріс деңгейіне жетерлік негізгі зейнетақы төленеді. Қазақстанда күнкөріс деңгейі мәселен, тұтыну кәрзеңкесімен белгіленеді.

Бұл күнкөріс деңгейіне коммуналдық қызмет түрлері де, киім, аяқ киім сатып алу да, жуынып, қырыну да – ешқайсысы кірмейді. Бір нәрсені талғажау етуге жетеді. Бітті!

Қазақстанда күнкөріс деңгейі қоршаудағы Ленинградтың пайкісімен теңестіруге болады.

Күнкөріс деңгейін көтерудің орнына бізде сол бір үш мыңды қосып отыр. Ал бұл беріп отырған қосымшасы бізге тиісті соманың төрттен бірін де құрамайды. Түсінесіз бе? Бұл жеке басқа табыну емес пе, айтыңызшы? Бұл ұят тірлік!

Зейнетақыға қосылатын осы үш мыңды тағы да «президенттік», «назарбаевтық» деп атайды. Сонымен бірге зейнеткерлер бір-біріне «құдай сақтасын, өлмесін, егер президент өліп қалса, мұны да алып қояды деп»,- айтып отыратыны бар.

Біздің дәуірімізде әкелеріміз Отан үшін, Сталин үшін деп шабуылға шықты. Егер сол заман қазір келсе, оның портреттері, бейнесі әр бұрышта, барлық дәрежедегі шенеуніктердің кабинеттерінде іліулі тұрса да, ешкім Назарбаев үшін олай істемейді деп ойлаймын.

Мен бірде АҚШ президенті Билла Клинтонның Моника Левинскимен ашыналық байланысы туралы дау-жанжал өршіп тұрған сәтте Америкада болдым. Байғұс еркекті қайдағы бір әйел Моника үшін қинап жіберді- ау деген әйелдік ниетпен оны қолдауға бел будым. Оның портретін қайдан сатып алсам екен деп ойладым. Білесіз бе? Мен оның бір суретін де таба алмадым!

Моника – кеседе де, табақта да, ашық хаттарда да – барлық жерде. Ал президент еш жерде жоқ. Мен оған хат жаздым. Бәрібір оның қолына тимейді ғой деп, қалжыңдап жазғанмын ғой. Мен оған «сен абыржыма, мұның бәрі әйелдердің өсегі, “сені Хиллари түсініп, еліңе жақсы президент болып қалсаң болғаны” ,-деп жазған едім.

Білесіз бе, екі айдан соң президенттен жауап алдым. Ол маған жақсы тілектері жазылған өзінің суретін жіберіпті. Суретінде әйелі Хиллари екеуі отыр. Сол кезде маған президенттің портреті сайлауға дейін ғана ілінетінін айтқан еді.»



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Гульсара Қайдан: Казахстан
29.12.2008 18:27
+0 / -0
Мунын барлыгы Казахстанда Акпарат куралдарынын алсиздигин билдиреди.Казахстан халкы рухани жагынан жудеп барады...

Кімнен: Болат Қайдан: Алматы
29.12.2008 19:06
+0 / -0
Қайран қазағым ай! Билік басындағы ат төбеліндей ұры топтың аяғының астында тапталып қор болып жатырсың ба? Назарбаев мәңгі емес, ол да бір күні Ельцин, Ниязов сияқты кезінде жүзграмды бөліп ішкен бұрыны әріптестерінің артынан кетер. Оған күмәнім жоқ. Бұл кісі туралы соңғы кездері тым көп айтыла бастады. Соған қарап, "сүйікті", "қадірменді", "ұлы", "ақ патшамыз" келмеске кетіп қалама деп ұайымдап жүрмін. Ең өкініштісі өсіп келе жатқан жас буын "Нұр" деген сөзді мазақ ретінде пайдаланатын болады. Өйткені, Назарбаев кеткен соң, барлық әзіл әңгімелер осы сөзбен байланысты болады.

Кімнен: Gastarbaiter
29.12.2008 21:19
+0 / -0
Қайдағы тапталған Болатжан ау???
Масайрап, к... жалап жүр ғой қазағың...Айтсаң өзіңе тиеді, қай қайсың да таққа мінсең Нурсултанан асып түсер ме едің? Бұл президенттің күнәсі емес. Билікке жете алмай жүрген жағымпаздардың күнәсы.
Жыным келеді, Елбасын жамандап, өзінше ақ шындықты қақ жарып айттым деп батырсыну мода болған ба?
Егер қолыңнан келсе халық үшін еңбек етіп пайдаңды тигіз. Елеусіз қалмайсың. Өздеріңше махамбетсымаңдаршы осы.
Жеке басқа табыну ақылсыздар мен, керісінше тым қулардың әрекеті болып қала бермек, ал ондайлар әрқашан көпшілік массаны құрайды. Шайтанға намаз үйреткен таяқ

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
29.12.2008 21:22
+0 / -0
Меніңше,Назарбаевтың жеке басына табынушылықпен -әкімдер,басқа атқамінерлер,тәуелді журналистер,бұрынғы комсомол,коммунист белсенділері ауырады.Ал қарапайым халық ол дерттен аман.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
29.12.2008 23:40
+0 / -0
Назарбаев тақтан кеткен күні осы артын жалап күн көріп жүргендер ол туралы неше түрлі анекдоттар шығаратыны айдан анық...
Ал бұл тізілген жүйе осы тек қана елбасыға жалтақтатып отырған жүйе....

Кімнен: XAH Қайдан: Semey
30.12.2008 04:28
+0 / -0
Ozbasim elbasimizdi kurmetteymin, birak kurgan sayasi juyesine karsimin. Arine jasagan katelikteri bar, kop narseni tuzetuge kuwi men ikpali jetkilikti.

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
30.12.2008 18:00
+0 / -0
Gastarbaiter, есіңде болсын, Құран-кәрімде: "Арсыз патшаның арсыздығын бетіне айтқан адам Алла тағалаға бір табан жақын тұрады", - деген қағида бар. Әлбетте, бұл сөз - арсыз билеуші тақтан кеткен соң ғана оған қарсы қылыштарын жалаңдатып шыға келетін жалған "батырларға" емес, арсыз билеуші жөніндегі ащы шындықты ол тақта отырған кезде тайсалмай ашық айтқан және айтатын арлы азаматтарға арналған сөз. Қазақ атамыз да: "Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап", "Айтылмаған сөздің атасы өледі", - деп, бізге өсиет қалдырған...
Халық үшін, ел үшін, ұлт үшін, мемлекет үшін арсыз патша жаудан бетер қауіпті: жаудың жау екендігі көрініп тұрады, ал, "Елбасы" атын жамылған арсыз басшы өзінің арсыздығын көрсетпеуге тырысатындықтан, елдің оған алданып қалуы оп-оңай. Назарбаев та сондай: оның шын мәнінде кім екендігін саясатшылар ертерек сезіп-білгенімен, қалың бұқара үшін бұл шындық тек уақыт өте келе ғана айқындала бастады.
Басшы дұрыс болса, ел қамын ойлаған азаматтар оны еріккеннен, немесе, «мода» үшін сынамайды. Ал, сен болсаң, арсыз басшыны орынды һәм өткір сынайтындарды қолдап, қостаудың, оларға рахмет айтудың орнына, ондайларды «батырсынушылар», «махамбетсымақтар» деп кемсітуге тырысасың, жата кеп күстәнәлайсың. Сөйтіп, қылышты боққа шабуға, сөздің атасын өлтіруге, арсыз патшаның арсыздығына үнсіз көнуге, басқаша айтқанда - құлдық психологияға шақырасың.
Және де, оның аз болғандай, Назарбаевқа адвокат бола қалып: "Айтсаң өзіңе тиеді, қай қайсың да таққа мінсең Нурсултанан асып түсер ме едің? Бұл президенттің күнәсі емес. Билікке жете алмай жүрген жағымпаздардың күнәсы", - деп көсемсисің, дәлірек айтқанда - көлгірсисің.
Сонда, сенің "қисының" ("логикаң") бойынша, Назарбаев өзін кім қалай илесе, сондай болып шыға келетін саз қуыршақ па екен?! Бәлкім, сен бұл жерде "Короля делает свита" деген белгілі "формуланы" бетке ұстап отырған боларсың, өзіңше? Рас, мұнда шындықтың ұшқыны бар, алайда, кез келген қанатты сөздің бүкіл ақиқатты түгел қамтитын аксиома болуы міндет емес, олардың арасында ақиқатты құрайтын күрделі құбылыстардың бірін ғана бейнелі түрде оқшаулап, тұспалдап білдіретін даналық сөдер де аз емес.
(Аяғы бар)

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
30.12.2008 18:04
+0 / -0
(Аяғы)
Ал, түгел ақиқатқа жүгінер болсақ, патшаның қандай болмағы ең алдымен және шешуші түрде оның өзінің туа біткен һәм жүре қалыптасқан жеке бас қасиеттеріне тікелей байланысты екендігі талас тудырмайды. Сондықтан, егер әлдебір себептермен таққа отырған адам қасиетсіз, тексіз болып шықса, оның міндетті түрде арсыз билеуші болатындығы күмәнсіз.
Осы тұрғыда : "Иттерді арыстан билесе, иттер арыстанға айналып кетеді, арыстандарды ит билесе, арыстандар итке айналып кетеді", - деп, билеушінің рөлін мейілінше айшықтап берген халық даналығын да ұмытпаған жөн.
Демек, сенің ел аузына қақпақ ету мақсатымен айтып отырған назарбаевшыл пікірің шындыққа мүлде жанаспайды. Керісінше, кезінде Қазақ КСР Компартиясының бас хатшысы болғандығын пайдаланып, мемлекеттегі бүкіл билікті заңсыз иемденіп кеткен, сөйтіп, өзінің жеке билік режимін құрып алған Назарбаев тек айналасындағы сен сияқты өз жандайшаптарын ғана емес, барша Қазақстанды да өз қалауынша билеп-төстеп, илеуге салып, білгенін істеп, аздырып отыр. Біздің қазіргі ең ауыр қасіретіміз, міне, осы!
Қорыта айтқанда, сенің «көсемсөзің», Gastarbaiter, жеке билік режимін сақтап қалу үшін жан ұшырған сол режимнің, оның авторы және басшысы – Назарбаевтың жанадайшабының сөзі. «Айтсаң өзіңе тиеді», - деп мүләйімсіп, қанша бүркемелеуге тырыссаң да, сенің ондай жымысқы ниетің мен мұндалап тұр. Демек, бұл – сенің өзіңе еш тимейтін, тек халық азаматтарына ғана қарадай тиісу мақсатын көздеген құйтырқы, қотыр сөз. Оның ішінде сенің тек бір пікірің ғана шындыққа саяды. Ол – Назарбаевтан соң кім таққа отырса да, одан ешкімнің де асып түсе алмайтындығы. Арсыздық тұрғысынан...
Жалпы, сен шынымен Gastarbaiter болсаң, Қазақ Елінің ішкі істеріне араласпай, бұйырған нәпәқаңды тауып жеп және сол үшін Алла тағала мен Қазақ халқына алғысыңды айтып, жайыңа жүргенің дұрыс болатын еді...

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
30.12.2008 18:23
+0 / -0
Және бір айтам деп отырып, ұмыт қалған мәселе: Gastarbaiter, сен "Шайтанға намаз үйреткен таяқ" дейсің. Біріншіден, "шайтаның" кім? Екіншіден, таяқпен болсын, басқаша болсын, жалпы шайтанға... намаз үйреткенді қайдан алдың?! Тіпті, таяқпен болса да, намаз үйренетін болса, оның қай жері "шайтан"?!
Бұл мәтелдің дұрысы "Аюға намаз үйреткен таяқ" еді, сенің халық даналығын аяқ астынан бұрмалап жіберу "шеберлігің" де керемет екен!

Кімнен: Gastarbaiter
31.12.2008 09:50
+0 / -0
Жасарал, мен батырмын деген жоқпын, аллаңнан ойбайым жақсы демекші, Исламның атын жамылып, атақ құмар болғың кеп жүр ме? Әй, байғұсау, өз көкеңді жамандап не көрінді? Нұрсұлтан сол атақ, мансапты көрге арқалап кетпейді, жинаған байлығы болса, оны да бір негрге емес қазаққа қалдырады. Сен өмірде жолың болмаған соң, "Дат тақсыр" деп сөйлеген жыраудың атағына ие болғың келеді. Бірақ олар Ханның намысына тисе де, сыйлайтын да атап өткен, және ол әрекетінен мансап іздемеген. Бұрыш бұрышта аттандап кісі туралы ғайбат жазу батырлық емес,Қайдағы халық қамын ойлап жүрсің?
Қараңғылықты қарғағанша бір түйір шам жақ!

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
01.01.2009 11:30
+0 / -0
Gastarbaiter деген атпен пікір білдіруші,сен дәуде болса шын гастарбайтер емессің.Өз атыңды айтуға неге қорқып отырсың.Назарбаевтың арқасында,халықтың үстінен нәпақаңды тауып жүрген адам сияқтысың ғой.Жасарал Қуанышәлин ағамыздың сіздейлерден айырмашылығы,әділетсіздікке жаны қас,қандай ащы болса да шындықты айтады.Қаймықпай айтады.Ешкімнің терісін жамылмайды,өз атынан айтады.Жасарал ағамыздың сізден айырмашылығы ол ЕР адам.Ал сіз болсаңыз қой терісін жамылған қорқау құсап , "кличка" атпен өз көкеңді өзің жамандап деп ,Жасарал аға айтқандай құлдық санаңды қайталап айта бересің.Шын атыңды неге айтпайсың,кімнен қорқасың.Назарбаев сендейлерге тимейді ғой.Әлде таныстарыңнан,көршілеріңнен ығысатын шығарсың,олардың түсінігі сенікінен басқаша екенін түсінетін шығарсың.

Кімнен: Kz Қайдан: Qytai
02.01.2009 06:43
+0 / -0
NurGastarbaiter! sagan osy at layq!

Кімнен: Еркін Қайдан: Қытай
02.01.2009 15:23
+0 / -0
Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың шетте жұрген қазақтарға болған саясатын қолдаймын,шетте жұрғен біздің еңсемізде бійікке көтерілді,Бірақ ол кісінің бійлік басында шектен тыс көп отырып қалғанына алаңдаумен болам,басқа ел басшыларынан да уяат іс болды,ол кісінің булай орынна қатып қалыуы, ол кісінің жанында көтелақсып жалақшылық қылып жургендер де жеткілікті көрнеді,абыройы барда ақсақал жөнімен жолға тұсіуі керек,басқа емес мына көрші қытай елінен уяат болды,қазақстандықтар өздеріңе қарамай қытай саясатын жамандайсыңдар,Нурекеңнен бері қытай ұкіметі екінші ел басынна өттіп болды,

Кімнен: Толағай Мүсіркепов Қайдан: Оңтүстік Қазақия
02.01.2009 17:24
+0 / -0
Гастарбайтердің айтқан сөзінде жан бар десем жағымпазданды дейтін шығарсыңдар.
Әнші жұлдыздар да атақ даңқ пен халық сүйіспеншілігіне ПиАр арқылы бөленеді.
Ал елдің тәуелсіздігін нығайтуда шынымен біраз жұмыс атқарған адам неге өзін, өз еңбегінің нәтижесін насихаттамасқа??
Сол кісі өз қолымен жасамаса да инициатива соныкі ғой. Жігіттер кәдімгі пендешілік қой ол. Несіне байбалам саласыңдар??Нұрсұлтан Назарбаев тек президент емес, саяси - поп жұлдыз ғой.
Аты әлемге жайылып жатыр, тек Қазақстан емес. Меніңше, мұндағыларда бір көре алмаушылық бар сияқты.

Кімнен: Гастарбайтер
02.01.2009 18:19
+0 / -0
Жеке басқа табынушылық болса ол тек баяғы Брежнев атамыздікіндей ғана, Сталин диктатурасының иісі де жоқ. Менің айтқым келгені де сол.
Табынушылық демократиялық жолмен орнауда;)))
Ол түгіл кез келген әртист де өз атын брендке айналдырғысы келеді ғой. Әй пенделер ай..Күшті болсаңдар Сталиннің нағыз диктаторлық саясатына түк те жасай алмадыңдар ғой. Нағыз азамат болсаң ел тағдырын ойлайтын болсаң, экономикаға пайдаңды тигізіп еңбек ет, өзің өс..Біреуді өсір. Ал жылы жерде отырып, оттай беру еріккеннің шаруасы ғой...

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
02.01.2009 18:21
+0 / -0
Пікірлеріңіз өте жақсы жазылған. Жалпы, "жеке басқа табынушылық" иісі сезілгенімен, бұл ерікті түрде белең алуда. Яғни, барлығы жақсыға ұқсап, жақсыға еліктегісі келеді.
Жасарал Қуанышәлин мырза, Сіздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырзаны "шалып" отыруыңыздың басты "нүктесі" не?

Жалпы, елбасымызға қарсы шығып отырғандарға көзқарасым "оң" емес. Не дегенмен де, осындай біртуар азаматтарыңызды шалып, күндеп, сыртынан өсек пен жаман сөздер тасу - жарамас.
Әркімнің түсінігі әртүрлі, өз басым - қай жерде болмасын, елбасын құрметтеуден аянбаймын. Ол кісінің еңбектерін елемеу мүмкін емес. Бірақ, хателеспейтін пенде жоқ.

*********************
Тағы бір пікірім: Елбасын өзім, өте қу, сұм адам деп ойлаймын, бірақ та, оның жасаған жақсылықтарын ұмытуға болмайды.

********************

Қазір, "ешкіні - апа, текені - ата" - дейтін заман. Өр көкірек пен қуыс кеуделі, қолынан түк келмейтін, артық, құр сөз бен, күндеуге шебер "ағалар" көбейіп келеді. Мұның соңы не боларын, бір құдай біледі..

Кімнен: Біреу
02.01.2009 18:29
+0 / -0
ОРыстар өзінің империясын қайта жаңартпақ, біз егемен болғанда неге өз хандық билігімізді жаңартпасқа?
ӨЗ билігімізбен күресеміз деп, қысық көзді қиғаш қабақтарға жем болмайық. Баяғыда қазақты Ресейге қосылуға мәжбүрлеген Жоңғардың қылышы емес, осы алауыздығымыз.

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
02.01.2009 23:57
+0 / -0
Назарбаевтың қандай еңбегін айтып отырсыздар?Қазақстанның тәуелсіздігі Назарбаевтың арқасында емес,сол Назарбаевтың қарсылығына қарамастан келді.Барлық одақтас республикалар тәуелсіздігін жариялап кеткеннен кейін Қазақстан жұртта қалғандай болды.Оған бәріміз де куәміз.Назарбаев қашан тәуелсіздік жариялайды деп күтіп отырдық.Қарапайым халықтың қолынан басқа не келеді.Уақыт келгенін біліп отырмыз,бірақ қолдан келетін ештеңе жоқ.Себебі барлық билік президенттің қолында.Нұржол,Жасарал аға өсек айтып отырған жоқ.Жасарал аға өз ойларын пештің түбінде отырып айтып отырған жоқ.Ол кісі газеттен де,телевизордан да шығып өз ойларын ашық айтып жүрген адам.Сол үшін ол кісі билік басында отырған Назарбаевтың жарамсақтарынан қоқан-лоқының түрін көріп келе жатыр.Бүгінгі билік басында отырғандар- негізінен кешегі комсомол,коммунист белсенділері.Олар сол бұрынғы Одақтық стильмен жұмыс істеп келе жатыр.Бұлар оңайлықпен билікті бермейді.Назарбаевтың арқасында олар тойынды.Назарбаев 17 жыл ел басқарды,сол үшін конституцияны да өзгертті.Бұл деген масқарашылық қой,қазағым ау намысың қайда.Ресейде Путин халықтың басым көпшілігі қолдап тұрғанына қарамастан,Президенттіктен бас тартып орнына Медведев болды,Арменияда Кочарян екі сроктан кейін конституциялық мерзімім бітті деп,ол да кетті.Басқа елдерде де сондай өзгерістер.Сонда қазаққа не болды,Нұрсүлтанның анасынан басқа ана ұл тумап па,онда несіне ұлт болып жүрміз.Нұрсұлтан тумағанда ел болмаймыз екен ғой.Мен сіздің сөзіңізді солай түсінемін Нұржан.Сондықтан мен сізбен келісе алмаймын.Мен ойымша,Одақ тарқағаннан кейін Қазақстанда Назарбаевтың билік басында қалуы Қазақстан үшін үлкен сәтсіздік болды.Ауыл шаруашылығы күйреді,мұнай,пайдалы қазбалар шаш төбеліндей азғантай топтың қолында кетті.Халық одан пайда көріп отырған жоқ.Ел басқаратын жақсы азаматтар бар еді,бІрақ оларды билікке жеткізбеді.Назарбаев өзінен артық адамдарды ия түрмеге тоғытады,ия өлтіртеді.Сонда Назарбаевтың қандай еңбегін айтып отырсыңдар.Соны айтыңдаршы.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
03.01.2009 20:31
+0 / -0
Біріншіден, мен президентті мақтап отырғаным жоқ, екіншіден, Жасарал Қуанышәлин мырза туралы ештеңе жазбадым, тек тікелей сауал тастадым. Кейін, жалпы көзқарасымды білдірдім. Мүмкін мен Назарбаев туралы толықтай ақиқат білмегендіктен, бірқатар түсінбеyшіліктер де болған болар және мен осы жерде тәуелсіздікті алу жолында ештеңе жазған жоқ едім, Сіз келдіңіз де, тақырыпты бұрмалап жібердіңіз. Жалпы, Жасарал Қуанышәлин мырза шындықты жазып жатыр деп үміттенемін, сондықтан тақырыпты өрбіту мақсатында сауал берген едім. Мәселе өз ойларын пештің түбінде отырып айтып отыруда емес, мәселе - шындықта!
ал менің кекегендерім - өр көкірек пен қуыс кеуделі, қолынан түк келмейтін, артық, құр сөз бен, күндеуге шебер "ағалар" жайында еді, түсінбесеңіз, түсінуіңізді сұраймын.
Ал, қазірде президенттің жастарға деген қолдауы ұнайды, сонымен қатар президенттің "Отанынна ешқандай жақсылық жасамай, тек өз қамын жасады" деген пікірде қалу да жарамас.. Ойлап қараңыз, ақтап отырғаным емес, дегенмен де, игі істерді де айтпай қалдырып кетуге болмайды.

Кімнен: Гульсара Қайдан: Казахстан
04.01.2009 19:42
+0 / -0
Бәрин айт та бирин айт.Ісімізден сөзимиз көбейіп кеткен бе,калай? Казахстан-басында көкке самғаған кустай боп еди... Ал казірғі жағдайда біраз шырмалып калған сиякты.Сол торды биз өзимизге өзимиз курған жокпыз ба ағайын?
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі