Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:42

ӘЛЕУМЕТ

Жалғасбай Аманшаұлы: «Полиция әкеліп қорқытып, көрдегі мәйітті қайта алғызды»

Қарақалпақстаннан Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округіне қоныс аударып келген оралмандар өлген адамын жерлеу кезінде жергілікті тұрғындардың қарсылығына тап болғанына абыржулы күйде.

Жаңа-Құрылыс ауылының шетіндегі зират. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш селолық округі. 25 қараша 2008 ж.
x
Жаңа-Құрылыс ауылының шетіндегі зират. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш селолық округі. 25 қараша 2008 ж.
Мәтін көлемі - +
Қабірлік жер үшін дауласқандар азалы отбасына көрдегі мәйітті қайта аршып алғызуға дейін барған.

Ұзынағаш селолық округінің шетіндегі Жаңа-Құрылыс деп аталатын елдімекенде тұратын Жалғасбай Аманшаұлы осында қайтыс болған туысын бір күннің ішінде екі рет жерлеуге тура келгенін айтады. Бұл жерге Қарақалпақстаннан көшіп келген Жалғасбайдың апайы Бибіраба биылғы қазан айының 25-сінде қан қысымы көтеріліп кенеттен дүние салған. Ертеңінде ағайын-туыстары жиналып, марқұмды мұсылман салтымен жаназасын шығарып, ауыл имамының көрсетуімен, Жалғасбайдың әлі толық салып бітпеген үйіне жақын маңдағы зиратқа қояды.

 

Жалғасбай Аманшаұлы марқұм апайын алғашқы жерлеген қабірді көрсетіп тұр. Жаңа-Құрылыс ауылы, Алматы облысы. 25 қараша 2008 ж.
- Сағат 14-те зиратқа әкеліп жерледік. Бірақ, қабірге жақын мына тұрған зираттың иесіміз деп келген үлкендеу әйел мен ер адам және солардың жанында өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, бізге куәлігін көрсеткен тағы бір адам бар – үшеуі келіп, бұл жер өздерінікі екенін айтып, «мына жерден әкетіңдер, әйтпесе трактор әкеліп қаздырып лақтырып тастаймыз» деп қорқытты. Біз ауыл имамына жүгіндік, ол кісі әлгі адамдарды көндіре алмаған соң, ақыр соңында бізге: «қайтесіңдер, бұлар бәрібір көнбейді, осылардың айтқанын істеңдер» деді. Енді, олар әлгіндей сөз айтып тұрса, апайымның сүйегін қалай қорлатамыз деп, біз амалсыздан, содан екі сағат бұрын жабылған көрді қайта ашып, анау ауылдың екінші шетіндегі басқа қорымға апарып жаңадан қабір қазып, кеш бата сол жерге қайта жерледік. Қорымдық жер халықтың бәріне бірдей емес пе?! Өлген адамды мынау жергілікті, мынау оралман деп бөлген дұрыс па? - дейді Жалғасбай.

 

Қабірлік жерге байланысты оралмандармен дауласқан ауыл тұрғындарының бірі Серік Таубалдиев өз ісін дұрыс деп санайды:

 

- Біздің жақын туыстарымыз жерленген бұл жер сатып алынған, оның тиісті қағазы жеңгемде бар. Бұлар осы менің немере ағам жатқан зиратқа жапсарлас қоймақ болыпты, біз жеңгем екеуміз қарсы болдық. Енді, біз өзіміздің аруағымызды, ата-бабамызды қорғамасақ болмайды ғой...

 

Жергілікті тұрғын Серік Таубалдиев: "Туыстарым жатқан зираттың маңы - жеке меншіктің жері". Жаңа-Құрылыс ауылы, Алматы облысы. 25 қараша 2008 ж.
Бұл оқиға осы ауданға Қарақалпақстаннан көшіп келген оралмандар арасына тарап, жұрт біраз дүрліккен.

 

- О заманда бұ заман, ата салтымызда жерленген мәйітті көрден ашқызып алуға мәжбүр етуді көріп-естімеген едік. Шеттегі қазақты президент Назарбаевтың өзі шақырып жатқанын қабыл алып, өлсем сүйегіміз атажұртымызда жатсын деп келгенде мына сұмдық бізді қатты шошытты әрі зығырданымызды қайнатты. Тіпті, қалың өзбектің ортасында әйтпесе басқа кез-келген қай елде болсын жүрген қазақтар дәл мұндай қорлауды көрген емеспіз. Арамыздағы қызу қанды жастар бұл сорақылықты осы күйі қалдырғысы келмеді, бірақ үлкендер жағы оларға басу айтып, осы ауылдың ел тыңдайтын адамдарына, басшыларына жүгінейік дедік. Содан қарашаның 3-і күні бес адам аудан әкімдігіне барған едік, олар бізді сөзбен сипалап шығарып салды. Біз олардан жөні түзу жауап ала алмадық, - дейді оралмандардың арасындағы жасы үлкен ақсақалы Бекболсын Беделұлы күйініштен дауысы дірілдеп.

 

Әлгі ауыл имамы сол оқиға болған күннің ертесінен өзін жайсыз сезініп, бірнеше тәуліктен соң қайтыс болып кетіпті. Оралмандардың арасында, имам дүниеден өтер алдында түсіне көрден қазылып алынған марқұмның аруағы кіріп мазалапты-мыс деген әңгіме кеулеп жүр.

 

Жамбыл ауданы әкімі аппаратындағылар бұл оқиға жайында барлық мәселені Ұзынағаш селолық округі әкімінен анықтауға кеңес берді. Ұзынағаш әкімнің орынбасары Әуесбай Айдын болған оқиға жайында Азаттық тілшісіне былай дейді:

 

- Зираттық жер ешкімнің меншігі емес. Біз ондай жерді шаруа қожалықтарының келісімімен бөліп белгілейміз. Ешкімнің зираттық жерді иемденуге құқысы жоқ. Оқиға болған соң мен ауыл молдаларын шақырып алып жиналыс өткізіп, қайтыс болған адамды ұлтына, басқа ерекшеліктеріне қарап бөлмеу туралы айттым. Иә, сол оқиға болған күні зират басында болған адамдардың бірі полиция қызметкері ретінде барыпты дегенді мен де естідім. Бірақ, ол жерде біздің ауылдың учаскелік полиция өкілдері болмаған. Ал, өзін полициямын деп таныстырған адам мен сіз айтып отырған әлгі жерді меншігім дегендердің кім екенін біз білмейміз, іздестірдік, бірақ әлі таба алмай жатырмыз.

 

Марқұм болған адамды жерлерде алалау оралмандардың наразылығын туғызды. Жаңа-Құрылыс ауылы, Алматы облысы. 25 қараша 2008 ж.
Аудандық ішкі істер бөліміндегілер де осыдан бір ай бұрын болған оқиға жайында өздеріне ешкімнен ешқандай шағым-арыз түспегенін айтып отыр. Жергілікті билік орындарының бұндай жауабы оралмандардың көңілінен шықпайды. Істі жабулы қазан күйінде ұстаудың арты жақсылыққа апармайды, бір-ақ күнде қақпағын көкке атуы мүмкін дейді олар.

 

Ал осындағы ағайындарының тұрмыс-жағдайын көруге және мүмкіндік болса қоныс аудару жайын білу үшін Қарақалпақстаннан қонаққа келгендер әлгі болған жайтты естіген соң, «бір рет өлген адамды екі рет жерлейтін» елге көшіп келу ниеттерінен қайтыпты.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Б Қайдан: Алматы
26.11.2008 18:54
+0 / -0
Мына заманда дархан казактын пейілі тарылып кетті гой? Айтпесе аруактан жер кызганганы кай сасканы!

Кімнен: Ауданбай Қайдан: Малыбай
26.11.2008 19:45
+0 / -0
Ойпырмай, мына қазақ не болып барады, өзі? Адамның мәйітін қаздырып, оны басқа жерге жерлепті дегенді бірінші рет естідім. Мен осындай жағдайдың болатынын сезгенмін. Менің болжауымша мұндай жағдай алдағы уақыттардың бірінде болу керек еді. Қазақ халқы өзінің қанын кенеше сорған патшаның (әлі өлмеген) денесін осылайша бірнеше рет жерлететін шығар деп едім. Амал қанша, ауылдың бишара қазағы (олар бүгінгі билік басындағылардың жалмауыздығынан бишара болып отыр) тоқымдай жерге таласып, аруақты мазалағаны дұрыс болмапты.

Кімнен: belgisiz Қайдан: hetai,urimji
26.11.2008 21:21
+0 / -0
tilinen aiyrylhan, dininen aiyrylhan kapir hazahtar barynde ysteidy.

Кімнен: Айқын Қайдан: Алматы
26.11.2008 21:39
+0 / -0
құр босқа даурықпаңдар, сол жерде ежелден тұрып жатқан ауыл адамдары өз аталарының тамын қорғауы - заңды! Оның үстіне бұл жер анау-мынау емес, Елбасымыздың кіндік қаны тамған киелі жер екенін ұмытпайық! Сондай ұлы адамның әзіз Отанын қайдағы жатжұрттық келімсектерден қорғағаны үшін сөгу жөн емес. Қарақалпақ - қазақ емес, олардың өз Отаны бар ғой. Оларды мұнда күштеп әкелген жоқ, өз еріктерімен келді. Ендеше, жер егесінің әміріне бағынулары керек.

Кімнен: Жантемір Қайдан: Шаңырақ, Алматы
26.11.2008 21:56
+0 / -0
Айқын, сен не деп бұтып-шатып отырсың? Олар Қарақалпақстаннан келген - ҚАЗАҚТАР! Кіші жүздің Байұлы, Адай Таздары. Олардың қазақтығы сенің ана мақтанып отырған албасты жерлесіңнен мың есе артық!! Доңызша қорсылдамай ары кет!

Кімнен: Нағашыбай Қайдан: Алматы
27.11.2008 11:38
+0 / -0
Өмірдің барлық саласында жүргізілініп жатырған солақай саясат қазақтың сүйегіне қара таңба түсіруге алып келді. Бұл оқиға соңғы сорақылық болмайтын шығар. Әлем алдында масқара болдық. Өкінішті...

Кімнен: Айсулу
27.11.2008 11:52
+0 / -0
Көр қызғанғанды бірінші рет естідік. Имансыз ақсақалдың қылығын-ай! Көрді ертеден дайындауға болмайды, сол елдің өлімі көп болады, ырымға жаман деуші еді, әжелеріміз. Ал Айқын сен қысатын жерлеріңді қыс, Кіші жүздің қолынан майрылғың келмесе. Қолыңнан келсе, Алматыңдағы молалардың бәрін алып өздерің неге өліп жатпайсыңдар сонда.

Кімнен: alax batere Қайдан: hetaydan
27.11.2008 13:34
+0 / -0
oyan hazah pendexilikten biz oralmandar


basemez at a

mekende jatsen dep

Кімнен: emen Қайдан: hytay
27.11.2008 21:29
+0 / -0
ol jer Серік Таубалдиев ting ata -babasenan halgan jer emes .kunderding birinde ose Серік Таубалдиев basha jayda haytes bolsa ose oheygha oz basena kelsin dep harghaymen.

Кімнен: Айдаудай Қайдан: Павлодар
27.11.2008 21:40
+0 / -0
"Естімеген елде көп" деген осы екен. Мұндай оқиғаны бірінші рет білдім. Құдай-ау қазақта жер жетеді ғой. Айтар сөз жоқ, дауасыз іске. Әй, осыны ойлағанда жігерің құм болады ғой. Абай айтқандай надандық-ай. Марқұмның жамбасынан қызғанған екі метр жер үшін таласқанша, "тістегеннің аузында, ұстағанның қолында" кетіп жатқан қазақтың ең байлығына араша түссе артық болар еді.

Кімнен: emen Қайдан: talde -horgan
27.11.2008 21:41
+0 / -0
Серік Таубалдиев ahsahal sizde keyin haytes bolsangez hudaydan horepaysezba???alaneng kozi asheh ertenggi kuni ise osygha oz basenga kelse .........

Кімнен: Бауыржан
28.11.2008 09:55
+0 / -0
osy 'oralman' degen sozdi kim oilap tapkan?... aituga, tipti zhazdyruga tiym salu kerek! sorly kazagym-ai...

Кімнен: Бауыржан
28.11.2008 10:03
+0 / -0
мен пікірлерді оқымыппын.
ей, Айқын, сен не оттап тұрсың, ақымық. Айқын деген атыңнан садақа кетейін! кімнің кіндік қаны тамсада ол қазақтың жері! ақымақсың, ақымақ, сен, ақымақсың! көзіңді аш, ақымақ!
мұсылмандық былай тұрсын, біз көшпенділердің ұрпағымыз, алдымен алла, сосын әруақ деп өскен. әруақты сыйламаған қазақ-қазақ емес!
тарихты оқы, Қарақалпақ-қазақтың бір руы, кейбір себептермен, қазақтың құрамына толық кірмей қалған. мүмкін сен сияқты шірік қазақтардың кесірінен болар...

Кімнен: Бауыржан
28.11.2008 10:05
+0 / -0
осы жүзге бөлінуді қашан қоясыңдар, а?

Кімнен: Гүли Қайдан: Шымкент
28.11.2008 10:12
+0 / -0
Қытайда алдын ала өз қабірін дайындап, оған кесене тұрғызуға мемлекет тарапынан рұқсат берілгенін естіген болатынбыз. Ол жерге, қытайлықтардың айтуынша, арзымайтын ақша кетеді екен. Адам тірі кезінде өзіне қабір қаздыратынын естігенде біз де селк еткен болатынбыз. Жарайды, Қытайда жер тар. Ал Қазақстанда бос жатқан кең байтақ жер асып-тасып жатқан жоқ па?! Өлген адамнан жер қорғаштайтындардың атасына мың нәлет!!! Жерді жекеменшікке сатып отырған биліктің де атасына мың нәлет!!! Бұл сорақының алды ғана. Алда адамдар жерге таласып, бір-бірінің етін жейтін болады. Қазірдің өзінде жекеменшікке алып қойған жеріне өзгенің малы барса атып тастап жатқандардан басқа не күтуге болады? Билік, оян! Халқың өз елінде өз-өзімен қырылыспай тұрғанда жердің мәселесін қайта қара!!!

Кімнен: Алматы Қайдан: Еркін
28.11.2008 11:28
+0 / -0
Айқын, сен өзің шапыраштыдан шыққан қазақсың ау деймін. Сөз саптауыңа қарағанда, сенің сүйікті елбасыңның (қазақта елбасы деген сөз болмаған, мал басы деген сөз бар) кіндік қаны тамған жерде (сол мүлдем тамбай қалса дұрыс болар еді) өзің де туып өскен боларсың. Сені балағаттап жатыр екен, мен олардың пікірімен келіспеймін. Сенің ойлау қабілетіңнің шектеулі болуы басты қасіретің. Қазақтар сендейлерге сөз шығындамайды. Жәй ғана, аман болшы, деп қояды. Аман бол Айқын.

Кімнен: Serik Қайдан: Almaty
28.11.2008 13:40
+0 / -0
Kazahk kaida ketip baradi? Minau maskara goi!! Sener-senbesimdi bilmei otyrmin...

Кімнен: qarinbay Қайдан: qambadan
29.11.2008 20:07
+0 / -0
sorli qazaq toqimday zher ushin bir-birinin etindi zheysing be endi? tiriden emes oli aruaqqa eki metr zher buyirtpagan ol negilgan auil, aqsaqaldari men qarasaqaldari qayda qarap otir ozi????

Кімнен: tursun Қайдан: ktai
30.11.2008 11:25
+0 / -0
kaitesin.bare.ozmez

Кімнен: menqazaq Қайдан: Qytai
01.12.2008 04:01
+0 / -0
Ei, Aiqyn ne dep ottap otyrsyng,qolyma tusseng teringdi teris sypyrarma edin!qazaqtyng Satqyny!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі