Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:47

МӘДЕНИЕТ

Айбек пен Сара ақындардың айтысы

Арқалықтан келген Айбек Қалиев пен алматылық Сара Тоқтамысованың арасындағы жыр додасы «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен айтыстағы қызықты әрі тартымды сөз сайысының бірі болды. Азаттық тыңдарманға осы айтысты ұсынады.

Мәтін көлемі - +


Айбек пен Сараның айтысын мына жерден тыңдай аласыздар.


21-22 наурызда екі күнге созылған айтыс барысында бұл қос ақын да бірнеше қарсыласпен сөз қағыстырды. Сарамен айтысқа шыққан әр ақын оның қайын жұртын тілге тиек етіп, сөзбен шымшыды. Айбек Қалиев те ақын Сараның келін болып барған жерін өлеңге қосты:

«Елбасыға келін боп бір ерледің,
Көрсетпей күйеуіңді шын ерледің.
Мұражайға қоятын зат па еді деп,
Сен маған қайта-қайта дігерледің.

Айтыскер ақын Айбек Қалиев. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Қатты-қатты сөйлейтін болыпсың ғой,
Сыйынғаннан мықты ма сүйенгенің.
Беті әлі ашылмаған келіндей ғып,
Үйіңе күйеуіңді шідерледің.

Еркекке қызығатын ауруым жоқ,
Ағаңа жарамады-ау, түнергенің.
Күйелеш, күлдібадам қыз емессің,
Айтыстың жасағансың шын өрнегін.

Сондықтан мына жұртқа сахнадан
Жөн еді бір көрсетіп жібергенің.
Әйтеуір, Нұрекеңмен екеумізге,
Ұлы арман жүзін көру күйеулердің».

Айбек Қалиевтің бұл сөзінен соң Сара Тоқтамысова күйеуін сахнаға шақырып, Айбек Қалиевтен бата сұрады:

«Көрсет деген-ау сөзіңе, отырған мынау ел сыншы,
Алаштан таңдап алғаным дейсің бе мұнда келсінші.
Ол сөзің жарайды, орындалғандай болсыншы,
Жан жарым менің қайда екен, ортаға қарай келсінші.

Жиенқұлдай жаман емессің, мына халқым сенсінші,
Ақ әулие Айбек ағамыз ақ баталарын берсінші».

Осылайша Сара Тоқтамысова мен оның күйеуіне бата берумен аяқталған айтыста қоғамдық-саяси жағдай мен кейбір атқамінерлердің
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
іс-әрекеті де өлең сөздің сынына ілікті.

Алғаш рет Шақшақ Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтысқа 15 жасында қатысқан Айбек Қалиев 1978 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында дүниеге келген. Айбек Қалиевтің өткірлігімен жұрт жадында қалған айтысының бірі ақын Мэлс Елеусізовпен болған жекпе-жек жыр сайысы.

Айбек Қалиевпен осы жолы айтысқан Сара Тоқтамысова тұңғыш рет он үш жасында Семейде өткен оқушылар арасындағы айтысқа шығып, сол айтыста бас жүлдені алған. Сара 1986 жылы 29-наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында дүниеге келген.

Республикалық айтыстардан оншақты рет бас жүлде алған Сара Тоқтамысованың ең ұтымды ел есінде қалған айтысы «Жүрсіннің жүлдесі» деген атпен өткен айтыстағы айтыскер Аманжол Әлтаевпен болған жыр сайысы болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сая Құнанбаева Қайдан: Қарағанды қаласы
01.04.2010 15:02
+0 / -0
Керемет айтыс! Бұл айтысыты көзбен көргендердің арманы бар ма екен!

Кімнен: Қилызаман
01.04.2010 15:35
+0 / -0
Айтыстарды тыңдауға мұрсат берген Азаттық радиосы ұжымына мың бір алғысымды айтқым келеді... Рухтарың надандық пен құлдықтан әмәнда азат болғай... Алланың нұры жауып халықтың алғысына бөлене беріңдер!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.04.2010 16:40
+0 / -0
Керемет! Бас бармақ!!!)))

Кімнен: Зәуре
01.04.2010 21:34
+0 / -0
Шіркін, видео болғанда, күйеу баланың түрін көретін.
Мықты айтыстардың бірі осы болар. Әзілдері жарасып отырып, талай мәселенің басын қайырып тастады екі ақын да. Айбек ақын туралы Мырзатай ағамыз Қазақ әдебиетінде "Шоқандай қасқайып отырып дат айтты" деп жазып еді, райынан қайтпапаты, сол қалпы. Аман-есен жүрсін халықтың сүйікті ақындары.
Пікір алмасу

Кімнен: Ұлмекен
02.04.2010 00:13
+0 / -0
Айтыс керемет болыпты, бара алмасақ та, көргендей болдым. Азаттық радиосына мың алғыс! Бәрін шетінен тыңдап, құмарым, тілімнің қышуы қанып отыр. Бір рахаттанып қалдық.

Кімнен: Айкүн
01.04.2010 22:04
+0 / -0
Айбек, халқыңның бағы үшін өзіңдей азаматтарымызды Алла сақтасын.
Сара, сізге "Нұр" сөзін тергеп айтсаңыз тым керемет болып кетер еді. Нағыз қазақтың қызы, бақытты бол.
..."Ұлтым - деп, еміреніп мен өтермін,
Дүрсілдеп соғып тұрса өрен кеуде,
Үш жүздің мұңын айтам үш буылып,
Кебін боп кіргенінше денем жерге..."
"...Оданда әлгі байлар ауылдарда спорттық кешендерін
ашпайды екен?
Сол кезде Ванкувердей жарыстарда алтынды қазақтар да
қоспайды екен?
Жалғыз орыс әкелген күмісіңе үлесін қара көздер
қоспайды екен?"..
Пікір алмасу

Кімнен: Сәния
02.04.2010 00:16
+0 / -0
айтыс жақсы екен, бірақ Сараның даусы құлаққа жағымсыздау шықты. Зарлы ма, мақамын өзгертсе болмас па екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Айкүн
02.04.2010 20:23
+0 / -0
Дұрыс айтасыз! Ашты шығады, мақамын өзгерткенмен кім біледі, Жаратқанның берген үні ғой? Дегенмен, арнайы мамандармен жұмыс жасап көру керек Сараға.

Кімнен: Жақан Мақатай Қайдан: Нарынқол
02.04.2010 00:10
+0 / -0
Айбек мықты ақын екен, ой қатырды-ау сараны да, биліктегілерді де: жарайсың, жігітім! Алла жар болсын. Енді ақындардың билікке, оның маңында жүрген адамдарға әсіресе, көсемінің қолын сүйген шешендерге қатысты сынынан кейін, Айбекке оншақты оққағар керек -ау деп бір түрлі болып, уайымдап отырмын.

Кімнен: Сұлтан Сраилов Қайдан: Астана
02.04.2010 00:15
+0 / -0
Ия, мына дәстүрлерің жақсы болды. Азаттық бұрын айтысты бергенін естімеген едім. Алған беттеріңнен қайтпағын, бауырлар.

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
02.04.2010 11:35
+0 / -0
өте керемер айтыс болған екен, ұзбей тыңдап келем, енді кескінін тосамыз, алла жарылқасын ақындарды

Кімнен: Әли Қайдан: Ақтөбе
02.04.2010 17:00
+0 / -0
Айтылған алғыс сөздің бәріне қосыламын, бейне таспасынан айтысты көруге мүмкіндік бола ма екен?Жоғардағы лауазымды адамдардың құлағына шалып, нағыз қазақ елінің үнін ести ме екен? Ай қайдам!

Кімнен: Жанар Қайдан: Астана
08.04.2010 16:35
+0 / -0
Айтыс керемет өтті деп естідім. бірақ соны экраннан тамашалауға мүмкіндік болса. Айбек нағыз халық ұлы!

Кімнен: Амантай
24.04.2010 22:55
+0 / -0
Керемет айтыс болған екен. Сараның күйеуін көрсетуі , оған Айбектің бата бергені керемет. Сараны жеңетін ақын қазірше жоқ,оған Айбек те басқа да ақындар ренжи көрмесін. Сара жеңді-көтерген мәселелері және Айбекке берген жауаптары Айбектікінен оқ бойы озып тұр. Сосын ақындарға ескерту Шапыраштыға тисе беруді қойыңыздар ,ақындар мен батырлар шыққан қасиетті атаның аруағынан қорқу керек. Жалпы бөліну дегенді қойу керек қой!( енді жетіспегені әйел Сараның Семейге барып халықтың жағыдайын сұрау еді,бұл елдің еркектері не істейді,сонда?)

Кімнен: кайрат Қайдан: шымкент
27.04.2010 09:59
+0 / -0
айбек керемет акын екен!рахмет азаттык радиосы