Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:27

САЯСАТ

Рахат Әлиевтің "Өкіл қайын атасы" интернетте

Мамырдың 11-і күні, президент Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата: деректі повесть» кітабы Еуропада ашық саудаға түседі. Алғашқы тиражы неміс тілінде Германияда басылып шыққан кітаптың, бағасы - 29 евро.

Мәтін көлемі - +
 КІТАП ОРЫС ЖӘНЕ НЕМІС ТІЛДЕРІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Жарыққа шықпай жатып-ақ атышулы еңбекке айналып үлгерген деректі повесть дүйсенбі күні Германия, Швейцария және Австриядағы кітап дүкендерінде ашық түрде сатыла бастайды делініп отыр. Ал әлемдік ғаламтордағы сауда сайттары сөз болып отырған кітапты сатуды бір күн бұрын бастап кетті.

Рахат Әлиевтің «бестселлерін» қазірдің өзінде-ақ неміс, ағылшын, итальян, тіпті жапон тілді интернет сайттары арқылы тапсырыс беріп сатып алуға болады. Кітап 29 евроға бағаланған. Алайда интернеттегі бірқатар сауда көздері деректі повесть үшін одан да жоғары баға сұрап отыр.

«Бұл кітап халықтың миллиардтаған долларын ұрлап, өздерін құлға айналдырған адам туралы» деп жарнамалады кітапты саудаға салған интернет сайттары. Еңбектің мұқабасында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатты ұқсайтын, тапаншамен нысана көздеп тұрған әскери киімдегі адам бейнеленген.

Ал аутордың өзі болса Қазақстанда «халық жауы» ретінде таныстырылған:

«Доктор Рахат Әлиев беделді саясаткер және сәтті кәсіпкер, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, БҰҰ, ЕҚЫҰ және Венадағы басқа да халықаралық ұйымдардың бұрынғы тұрақты өкілі, сыртқы істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары. Автор өз елінде «мемлекеттің №1 жауы» атанды» деп жазылыпты кітаптың беташарында.

«Өкіл қайын ата» кітабы әуелі неміс тілінде басылып шыққандығы жөнінде Рахат Әлиев интернеттегі жеке сайтында былай деп түсіндіреді:

«Өйткені, Еуропа әлі де болса Қазақстанда шын мәнінде не болып жатқандығын толық көрмей отыр. Біздің елде болып жатқан жағдайлар туралы шынайы ақпарат Еуропада жоқтың қасы. Дәл қазір кітап дүкендерінің сөресінде жатқан «Өкіл қайын ата» кітабы осы ахуалды бұзуы тиіс. Менің кітабымның мұқабасында бейнеленген адам мен оның шынайы бет-бейнесі Еуропада танылуға тұрарлық».

Берлин баспасында неміс тілінде дайындалған «The Godfather-in-law: Eine Dokumentation» кітабы 532 беттен тұрады.

"ОЛ ЖҮРЕКТЕН ЖАЗЫЛМАҒАН ДҮНИЕ ШЫҒАР..."

Қазақстандағы әдебиетші қауым жаңа кітаптың жарық көріп жатқандығы турасында қандайда бір пікір білдіруге асықпай отыр.

«Мен бұл кітапты арнайы алдыруға талпынбаймын. Қолыма түсіп жатса, қарап көруге болады. Деректі кітап жүректен емес, өшпенділікпен жазылған дүние шығар. Сондықтан кітапты оқымай тұрып, ештеме айта алмаймын», - деді жазушы Герольд Бельгер.

Ал, саясаттанушы Досым Сәтпаев болса бұл кітаптың шыққанынан көрі, шығатындығы қызық болғандығын айтып отыр:

- Шын мәнінде, бұл кітаптың мазмұны емес, оның жарыққа шығу фактісінің өзі маңызды секілді. Өйткені, көпшілік Рахат Әлиевтің осы кітабын көп күтті және бұл еңбек не жайында болатындығы туралы болжамдар жасады. Яғни, көпшілігі мұны Рахат Әлиевтің қолындағы көзір, осы арқылы ол билікпен саудаласа алады деп топшылады. Ал жақында ғана оның әкесі Мұхтар Әлиевтің төңірегіндегі оқиғалар осы сөзімізге дәлел болатын сияқты. Яғни, билікпен арадағы келіссөздердің бәрі күйреп, Рахат Әлиев ва-банкке барып отырғандай әсер қалдырады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мурат Қайдан: қытаи
11.05.2009 19:11
+0 / -0
қазақ тіліндегі якіи қытаи тіліндегісі болса алып оқыр едік.бірақ қытаи елінде бул кітапты таратпаитын болар.қытаи қазақ жерінен еншісін тугендеп алып жатыр.

Кімнен: Сәуле Қайдан: Алматы
11.05.2009 19:48
+0 / -0
Сенер-сенбесімді білмеймін. Шын ба, өтірік па?! Суреттегі кісінің кім екендігін танып отырмыз. Бірақ кітаптағыдай қылмысқа барады деп ойлауға батпаймын. Қорқамыыынн!!

Кімнен: kazakbalase Қайдан: astana
11.05.2009 20:04
+0 / -0
patxasen seylayalmagan bilimsizdik,baskabireuding koynena tegelep patxasen jamandao korgesizdik!

Кімнен: alpang Қайдан: hetai
11.05.2009 20:19
+0 / -0
rahat aliyov ayelinen ajerashannan keyin atasen okil ata atap oterma bankte urlap haxhan odan elge keler opa joh

Кімнен: Мылжың Қайдан: Қамбар
11.05.2009 21:14
+0 / -0
Мына кітаптың суретіндегі Нұрекең кімді ькөздеп тұр екенн, аа? Раханы шығар. Хи-хи

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
12.05.2009 11:21
+0 / -0
Бельгер ақасақалдың сөзінің жаны бар. Бұл кітап асқан өшпенділікпен, жаулық пиғылмен жазылғандығы секілді пікірлер қисынды шығар. Өйткені Рахат секілді аяқ астынан өсіп кеткен, біреудің жиған тергенін зорлықпен тартып алған адамнан дені дұрыс демократ шығады деп ойлау сол есі дұрыс емес адамның сөзі.Шетелдер не білуші еді. Анау кітапқа берілген сиапаттамадағы "беделді саясаткер мен сәтті кәсіпкер" деген сөздер шындықтан гөрі әжуа сөздерге сұранып тұр. Рахат қандай "кәсіппен" айналысқаны қазақстандықтарға айдан анық белгілі.Менің ойымша, бұл кітап біздің елді тағы да жаман жағына көрсетуге тыраштанған жандардың арам пиғылы.

Кімнен: Оқырман
12.05.2009 12:44
+0 / -0
Қазақстанда Нұрағасын сыйлайтындар көп болса бұл кітапқа барлығы наразылық танытушы еді. Бірақ бағымыз ба, сорымыз ба оны оқып қолдап отырғандар көп. Осыдан келе Рахаттың жайын бөлек қойғанда президенттің былықтарының көптігін Қазақстандықтан терілерімен сезініп отырғандығы білінеді. Рахат өз сазайын тартар бірақ, елбасы деп ат қойған серкеміздің не істеп отырғанын жасыра алмаймыз. Ағама жездем сай деген осы міне, бірі өліп, бірі қалсын...........

Кімнен: Азамат
12.05.2009 18:52
+0 / -0
Рахаттың айтарын әбден естіп, құлағымыз сасып кетті. Осының бәрінің ақ-қарасын Назарбаевтың өзі халықтың алдына шығып айтып берсін. Бізге НАН керек! Халыққа НАН керек!!!

Кімнен: Қайрат Қайдан: Қазақстан
13.05.2009 14:34
+0 / -0
Венада Рахат Әлиевтің кітабы шықты деп неге соншама дүрлігеміз, шықса оқып көреміз, сосын әділ бағасын халық бере жатар. Р.Әлиевтің кітабынан кейін Қазақстанда төңкеріс болып кетеді деп, өз басым айталмаймын. Ол В.И. Ленин емес қой революция жасайтын. Біздің қазақты қозғау үшін талай кітаптар жазу керек, тер төгіп.

Кімнен: Мен Қайдан: Қазахстан
15.05.2009 10:17
+0 / -0
Қазақта мақал бар "Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол" деген.

Кімнен: Әлім Қайдан: Ақмешіт
16.05.2009 23:58
+0 / -0
Раха! Жарайсың!

Кімнен: укенг Қайдан: уена, аустрия
21.05.2009 16:41
+0 / -0
аутор деген сөзді оқып "аут" бола жаздадым

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
06.06.2009 12:00
+0 / -0
САХИХ ХАДИС: ҒАЙБАТ АЙТУДАН САҚТАНУ: Араб тілінде біреуді жамандау сөзі ғойбатун деп аталады. Ғайбаттау, ғайбат сөз айту мағнасында қолданылады..АЛЛАҺ ТАҒАЛА Қасиетті Құран Кәримде бір адамның екінші адамда жамандауына қатысты:Бір біріңді жамандамаңдар.
Сендердің бірің өз бауырыңның етін жеуді қалай ма?-деген. \Хужурат сүресі,2-ші аят\. Демек ғайбат сөз айту адам етін жеумен тең екен. Ислам жеке тұлғаның абыройын, ары мен намысын дүниедегі барлық нәрседен, тіпті Қағбаның қасиеттілігінен де жоғары қойып,адамның басқаларды жамандау әдетін, оның бойындағы адамгершілік және саналық қасиеттерінің төмендігімен түсіндіреді. ...
"Пенде бір сөз айтып, ол сөздің мәнісін түсінбеуі мүмкін. Нәтижесінде отқа түсіп, түскен орны тозақ шетінен шығыс пен батыстың арасындағы қашықтықтан да қашық болады." Хадисті Әбу Хурайрадан\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті. "Аллаһ Тағала бауырының арын қорғаған пендені Қиямет күні тозақ отынан сақтайды." Хадисті Әбу Дардадан \р.л.ғ.\Имам Тирмизи және Имам Ахмад риуаят етті.
ТҮСІНІКТЕМЕ:"..арын қорғаған" - яғни біреуді жамандаудан тыю немесе бауырына қатысты айтылған сөзге құлақ аспау! "Нәби \с.ғ.с.\намазға тұрып:"Әд Духшум ұлы Мәлик қайда?- деп сұрағанда бір адам:"Ол-Аллаһ Тағаланы және Оның Пайғамбарын\с.ғ.с. \ жақсы көрмейтін мұнафық"-деді. Сонда Нәби \с.ғ.с.\"Олай деп айтпа. Ол Аллаһ Тағаламен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" дегенін көрмедің бе? Расында,
САХИХ ХАДИС: Аллаһ Тағала Өзімен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" деген пендені тозақ отынан сақтайды" деп жауап берді"... Хадисті Ъибдан ибн Маликтен\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті


Кімнен: torangge Қайдан: hitai
10.06.2009 07:43
+0 / -0
jakiningnan jaw xiksa.........

Назарға көп іліккен