Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:53

ӘЛЕУМЕТ

Өмірлік түрмеге кесілген Олег Евлоевтың соты үлкен төбелеспен тарқай жаздады

Астана қалалық соты былтыр күзде жүкті әйелді үш баласымен қоса қатыгездікпен өлтіргені үшін айыпты деп танып, 28 жастағы Олег Евлоевты өмірлік түрме жазасына, оның сыбайласы Дмитрий Тяньды, қылмыстық іске тапсырыс бергені үшін, 25 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Жұртшылық Олег Евлоев пен Дмитрий Тянның ісі бойынша үкімнің оқылуын күтуде. Астана, 16 маусым 2009 жыл.
x
Жұртшылық Олег Евлоев пен Дмитрий Тянның ісі бойынша үкімнің оқылуын күтуде. Астана, 16 маусым 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
СОТ ҮКІМІНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ЕКЕУІ ДЕ НАРАЗЫ

Алқа билердің қатысуымен екі жарым айға созылған сот ісі барысын қорытындылаған судья Тілеухан Нұғманов, үкім шығару барысында, айыпталушылардың қылмыстары толықтай дәлелденгенін айтты.

– ҚР Кылмыстық кодексінің 58, 96 және 179-баптарына сәйкес, Олег Евлоев айыпты деп табылып, екі және одан да көп адам өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Жазаны қатаң режимдегі колонияда өтесін. Ал Дмитрий Тяньға, кәмелетке
Қазақстанда бәрі сатылған. Соттар да сатып алынған. Бәрі алдын ала белгілі болды.
толмаған балаларын есепке ала отырып және бұрын сотталмағандығы ескеріліп, 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін, оны қатаң режимдегі түрмеде өтесін, – деген сот үкімін оқыды судья Тілеухан Нұғманов.

Он бес күннің ішінде айыпталушы мен жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспесе, қайтадан соттың жоғарғы сатыларына шағымдана алады. Сот үкімінде медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, қанды оқиғаның құрбаны болған 28 жастағы жүкті Әлия мен оның
Олег Евлоев (оң жақта) пен Дмитрий Тян сот залында. Астана, 31 наурыз 2009 жыл.
кішкентай балалары – он жастағы Жаннет, жетідегі Жасмин және үш жасар Кәрімнің денелері мен олардың киімдерінен айыпталушылардың қолдарының іздері анықталғандығын мәлім етті.

Сонымен бірге медициналық сараптама Олег Евлоевтың есірткіге әуестігі барын анықтаған. Сот үкімінде «Олег Евлоевты мәжбүрлеп есірткіден емдету» жөнінде де арнайы шешім бар.

Ал сот үкімі алдындағы соңғы сөздерінде Олег Евлоев та, Дмитрий Тянь да өздерінің жазықсыз екендерін айтып, «нағыз қылмыскерлер бостандықта жүр» деген сөздерінен таймады. Ол екеуі де соттың шығарған үкімімен келіспейді.

Сондай-ақ соттың үкіміне қанағаттанбаған жәбірленуші тарап та айыпталушыларға берілген жазаның аздығын айтып, оларға өлім жазасы берілу керек деп айқайлады.

Үкім оқылып болғаннан кейін сот залынан шыққан Дмитрий Тянның әйелі Ирина Тянь оқыс әрекеттер жасап, жәбірленушілерге қарсы ұмтылмақ болды. Араға полиция жасақтары араласып, адамдар толық тарап кеткенше, сот ғимаратын қоршап тұрды.

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған Олег Евлоевтың анасы Екатерина Евлоева да сот шешімімен келіспейді.

– Қазақстанда бәрі сатылған. Соттар да сатып алынған. Бәрі алдын ала белгілі болды, – дейді айыпталушының анасы.

Жәбірленуші Марат Есемсейітовтің туған-туыстары болса, айыпталушыларға жаза тым жеңіл болды дейді. Судья жарты сағат сот үкімін
Жәбірленуші Марат Есемсейітов (сол жақта) пен оның қорғаушысы Владимир Церенко. Астана, 31 наурыз 2009 жыл.
оқып тұрғанда, қатыгездікпен өлтірілген құрбандардың туыстары жарты сағат бойында жылап тұрды.

– Қазір алым алып жатқан заман. Мәңгілік түрме жазасы деген нәрсе – жәй нәрсе. Бір жылдан кейін ақшаны беріп, шығарып алады. Оған ешкім кепілдік бере алмайды. Түрменің бастықтарының бәрі ақшаға сатылып жатыр. Өлімге өлім болу керек, қанға қан болу керек. Бұған біз келіспейміз. Бұл төбелес емес, ұрлық емес. Бір үйлі жанды қырған ауыр қылмыс, – дейді қылмыскердің қолынан қаза болған Әлияның әкесі Кемелбай Ильясов.

Кәсіпкер Марат Есемсейітовтің әкесі Талғат Есемсейітов те сот үкімі оқылып жатқан кезде қайта-қайта құлап қалып, жәдел жәрдемнің көмегіне жүгінді.

– Оларды түрмеге қамау – жеңіл жаза. Біздің ай сайынғы төлейтін салығымыздан олар күн көруге тиіс емес. Қанышерлерді өлтіру керек еді, аз берді, тым аз берді, деген пікірін білдірді Талғат Есемсейітов Азаттық радиосына.

 СОТ ІСІ АЛҚА БИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТТІ

Сот ісіне бастан аяқ 35 алқа би қатысып, бақылап отырды. Негізі сот үкімінде алқа билердің пікірі есепке алынады. Сот ісі аяқталғаннан кейін алқа билердің мүшесі болған Қуандық Шамақай Азаттық радиосына төмендегідей пікірін білдірді.

– Қандай адам болса да, қылмыс жасаса, өзін ақтап алғысы келеді. Сол тұрғыдан әртүрлі пікір туындап жатуы мүмкін. Бірақ, заңдық тұрғыдан шығарылған соттың шешімі дұрыс деп есептеймін, – деді Қуандық Шамақай.

Сонымен бірге сот ісі барысында алқа билерге ешқандай тараптан қысым болмағанын, алқа билердің әрқайсысы сот барысындағы көрген-білгендеріне қарап, пікірлерін ортаға салғанын айтады Қуандық Шамақай.

ОЛЕГ ЕВЛОЕВ ИНГУШЕТИЯДА ҰСТАЛҒАН БОЛАТЫН

2008 жылдың 21-ші қазанында Астана қаласындағы Шұбар шағын ауданында, шетелге іссапарға кеткен кәсіпкер Марат Есемсейітовтің отбасында, аса қатыгездікпен бірнеше адамды өлтіру оқиғасы болған еді. Кәсіпкердің 28 жастағы аяғы ауыр әйелі Әлияны кәмелетке әлі толмаған үш баласымен үйлерінде бауыздап өлтірген қаскүнем, үйдің ауласынан «Тойота Камри 40» маркалы автокөлігін және жалпы сомасы 500 мың теңгенің (сол кездегі бағаммен 4 мың АҚШ доллары) алтын бұйымдары мен ақшаны алып кеткені анықталған. Ұрланған автокөлік бір жарым тәуліктен кейін Астанадағы көшелердің бірінен табылған болатын.

Іле-шала негізгі күдікті ретінде Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны Олег Евлоевтың есімі аталды. Қазақстан полициясы қалың
Қазір алым алып жатқан заман. Мәңгілік түрме жазасы деген нәрсе – жәй нәрсе. Бір жылдан кейін ақшаны беріп, шығарып алады. Оған ешкім кепілдік бере алмайды.
елге жар салып, іздеу жариялағанына қарамастан Олег Евлоевтың ұшаққа мініп Қазақстаннан Ресейге бой тасалап үлгергені кейіннен мәлім болды.

Қазақстан тарапынан халықаралық іздеу жарияланған күдікті қазанның 29-ы күні Ингушетия жерінде ұсталып, сол күні көршілес Шешенстан астанасы Грозныйдағы тергеу абақтысына жеткізіліп қамалды. Олег Евлоевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі бір айдан астам уақытқа созылды. Ресей, Шешенстан құқық орындарының көмегімен ол былтыр желтоқсанның 9-ында Қазақстанға жеткізілді. Заң орындарының ақпараты бойынша, Евлоев бұған дейін есірткі қылмысына қатысты Қазақстанда жауапқа тартылған.

Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген жантүршігерлік оқиғаға байланысты парламент депутаттары қылмыскерге өлім жазасы берілуін талап еткен еді. Алайда, Қазақстанда 2004 жылғы қаңтардың 1-інен бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: janaxerjan Қайдан: orda
17.06.2009 11:12
+0 / -0
olim jazasen alep tactap kimge jaramcaktanamez oz tentegimizdi ozimiz jazalay almay otermez

Кімнен: Керей Қайдан: Астана
17.06.2009 11:26
+0 / -0
Қылмыскерді аяуға болмайды. дұрыс

Кімнен: самат Қайдан: ақтөбе
17.06.2009 12:35
+0 / -0

осы рада бір ой туады.қайдағы қаңғығандармен біздін қазақтар байланысуға тырысады.өз адамын менсінбейді.қаншама оқиға осыны дәлелдеп отыр.

Кімнен: Серкебай
17.06.2009 14:12
+0 / -0
Осылардың әкелері-шешелері кезінде Сталиннің тепкісіне шыдамай Қазақ жеріне жер ауып қаңғып келіп еді. Қазақтың дархандығының арқасында аман қалды өлімнен.Енді келіп сендерге рахмет дегендей, өзімізді малша бауыздап, фашист деп айыптайды. Сонда біздің бұл жуастығымыздан болғаны да.

Кімнен: момын ҚАЗАҚ Қайдан: Алматы шәрі...
17.06.2009 15:07
+0 / -0
өте ауыр жағыдай.... қанішерлердің жазасы АЛЛАҺтан болсын! кесіп-пішіп айтуға келмейді... өмірлік болсын, ату жазасы болсын, бәрі де ештеңе емес. құрбан болғандар қайта тіріліп келмейді!...
Ар соты деген бар, сол ауыр!
бәріміз де бұл өмірге қонақпыз... қанішерді сөз етеміз деп өзіміз күнәһар болып қалудан сақ болайық!

Кімнен: Халық Қайдан: Ақтау
17.06.2009 15:09
+0 / -0
Біздер кезінде Маңғыстаудан жүнтөстерді тас-талқандарын шығарып қуып шыққанбыз.

Кімнен: Я Қайдан: алматы
17.06.2009 15:50
+0 / -0
Бұған қатысты мәселені тахуа дін басыларынан сұраған жөн. Егер олар Аллахқа шынайы берілген тахуа болса ғана, кезкелген имамнан емес

Кімнен: Асыл Қайдан: Интернет
17.06.2009 15:58
+0 / -0
Азаттықтың сауалнамасында айтылған, Евлоевтың өмірлік түрмеге жабылғанына байланысты оның кінәлі екеніне сенесіз бе деген сауалына, мен ия деп жауап бердім. себебі, мен Шешенстан президенті Рамзан Қыдаровтың Евлоевқа қатысты сұхбатын оқыған едім. Евлоев Қазақстаннан қашып жүріп, Грозныйда қамауға алынғанда, Қадыров оған түрмеге барып, сөйлескен екен. Ол Евлоевқа Қазақстан шешендерге көп жақсылық жасаған дей келе, қылмысты жасағаның рас па, жала ма ма деген екен? егер саған жала болса, сені құтқаруға мен көмектесем десе, Евлоев міңгірлей бастағанда, Қадыров оның сөзін аяғына дейін тыңдамай, қылмысты жасағанын білдім деген. Кейін оны Қазақстанға берді.

Кімнен: Айеке Қайдан: астана
18.06.2009 16:00
+0 / -0
Ең сорақысы сот процесі кезінде Есімсейтовтың қаржылық істеріне көп көңіл бөлінді.Оларға өарызға берген ақшаны қайдан алдың деп.
Біздің қоғамда осындай қанішерлер болғанда, өлңм жазасына мораторий мүлде орынды емес
Қазақтар бәрін басымызға мінгіздік...