Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Қазақстан

Қазақтың Әз Жәнібек пен Керей хандарының қола мүсіндерін Қазақ елі монументінен емес, иесіз даладан табасыз

Астананың бір шетінде ашық далада тұрған қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ескерткіштері. 21 қазан 2009 жыл.

23.10.2009
Жұлдыз ТӨЛЕУ

Осы аптада Астана билігі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінімен толықтырылған Қазақ елі ескерткіш ансамблін ашты. Ал қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек ханның биіктігі бес метрлік қола мүсіндері ашық аспан астында ешкімге керексіз болып жатыр.

Астананың батпақты даласында иесіз жатқан Керей хан мен Жәнібек хан және қазақ батырларының қоладан құйылған мүсіндері арнайы тапсырыспен Қытайда жасалыныпты. Олар көрші мемлекеттен 2008 жылдың наурыз айында әкелінген. Содан бері XV ғасырда қазақ
Қазақ хандары мен батырларының ескерткіштері Астананың шетінде ашық далада тұр. 21 қазан 2009 жыл.
мемлекетінің негізін қалаған хандар мен батырлар мүсіндеріне қазақтың кең байтақ даласынан алақандай орын табылмай, батпақты далада шашылып жатыр.

Шын мәнінде жәдігерлердің орны – Қазақ елі монументі болуы керек екен. Керей мен Жәнібек  хандар мүсіндерінің авторы Сембіғали Смағұлов өзінің төл туындысын «баласындай», сырттай күзетіп жүрсе, саясаттанушы Берік Әбдіғалиев мұны тарихқа жасалған қиянат деп біледі.

ҚАЗАҚ ЕЛІ МОНУМЕНТІ МЕН ДАЛАДА ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ АХУАЛЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Тарихи жәдігерлер мүсінін кескіндеген суретші Сембіғали Смағұлов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырған бұл аманатына Қазақ елі монументі қатарынан орын табылмауына әлі күнге дейін күйініп жүргенін айтады.

– Бұл мүсіндерді былтыр әкелгенбіз. Бірақ сол аралықта әкімдер өзгерді, монументтің де тұжырымдамасы өзгерді. Сол себептен хандар мен батырлардың мүсіндері қойылмайтын болды. Тапсырыс беруші Астана қаласы әкімдігінің құрылыс департаментіне жәдігерлердің
«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде президенттің қолын Конституцияға қойып тұрғаны кескінделген. Астана, 19 қазан 2009 жыл.
ашықтан-ашық далада жатпау керектігін айтып жүрмін. Бірақ шамам жетпеді. Өзімнің қолымнан шыққаннан кейін, балам сияқты, тек сыртынан қарауылдап жүремін. Осы үшін шаштарым ағарып кетті. Оңтайлы сәті келетін шығар деп үміттеніп жүрмін, – дейді жәдігерлер авторы.


Таяуда ғана, Елорданы дүрліктіріп, Қазақ елі монументі екінші рет қайта ашылған болатын. Оған Астана әкімдігі Қазақстанның әр аймағынан 70 мыңнан астам адамды жинады. Аламан жиында қазақтың хан, батырларының ескерткішін көремін деп барған саясаттанушы Берік Әбдіғалиев көз алдында мүлдем басқа мүсіндердің ашылғанын айтады.

Берік Әбдіғалиев, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры. Астана, 21 қазан 2009 ж.
Тарихи тұлғалар бейнесінің қараусыз жатқаны – тарихқа жасалынған қиянат дейді Берік Әбдіғалиев

– Жақында ашылған Қазақ елі монументі мен ашық далада жайрап жатқан тарихи жәдігерлер қазіргі қазақтың өмірінің көрінісі іспетті. Шындығында да қазақ еліне әдейі қойылған екі ескерткіш сияқты. Бір жағы жылтыраған – кеудемізді керетін, мақтаншақтығымыз. Екінші жағынан – тарихымызды, тілімізді, ділімізді менсінбеушілігіміз. Немқұрайдылығымыз. Осыны көріп, әрбір қазақ ұялу керек. Бұл біздің намысымызды қамшылау керек. Астананың төрінде тұру керек хан-батырларымыз неге балшықтың арасында жатуы тиіс?! – деп ренішін білдіреді Берік Әбдіғалиев.

«ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ» БАЙҚАУ ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТПЕН ӘҢГІМЕ

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2007 жылдың күзінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елі сәулет-мүсін кешенінің қазығын
Ашық далада қалған ескерткіште Қазақстан Республикасының Конституциясы да кескінделген. 21 қазан 2009 ж.
қағу кезінде, «Бұл жерде қазақ мемлекетінің іргесін қалаған барлық хандардың, билердің бейнелері орын табу керек» деп мәлімдеген болатын. Содан кейінгі президенттің жоспарларының тікелей куәсі болғанын Сембіғали Смағұлов былайша баяндайды:

«2007 жылдың қазан айында, Бейбітшілік және келісім сарайында президенттің қатысуымен Қазақ елі монументінің макетіне байқау өтті. Оған еліміздің небір шебер монументалистері өз жобаларын ұсынды. Тіптен арнайы Мәскеуден келген мүсіншілер болды. Бірақ президент менің жасаған жобама тоқталып, байқауды мен жеңіп алдым. Осыдан кейін президентпен екеуара ұзақ әңгімелестік. Ол маған өзінің ойларын айтты. Сол кезде Керей хан мен Жәнібек ханның міндетті түрде болуы қажеттігін тапсырды.

Кейін бірге Венгрияға бардық. Сонда Елбасы қыпшақтардың алты батыры бар мүсінін көрді. Осыдан кейін мен «Қазақ елін» жасауда президенттің ойы өзгереді-ау деп ойладым. Айтқанымдай-ақ, бір аптадан кейін президенттен қағаз келді. Батырлардың суретін сызып, салып жіберіпті. «Осы бойынша, макетін жасасын» деп. Міне, мемлекет басшысының өзі тапсырған төл идеясының өзі қажетсіз болып қалды», – дейді суретші Сембіғали Смағұлов.

Мүсінші Сембіғали Смағұлов. Астана, 22 қазан 2009 ж.
Монументалист Смағұловтың айтуынша, байқау кезінде, президенттің мүсінін жасаған жобалар да болыпты. Оны көріп президент «маған ескерткіш қоятын сендер емес, бастарыңды қатырмаңдар» деп қатты ұрсып тастады дейді суретші.

Бұл оқиғалар Астана қаласының әкімі Асқар Мамин болып тұрған кезде орын алған. Кейін 2008 жылдың сәуір айында Иманғали Тасмағамбетов әкімдікке келгеннен кейін, мәслихат депуттары мамыр айында Қазақ елі монументінің жобасын қайта қарады. Сөйтіп, ол жерге Қазақстанның «тұңғыш президенті және оның халқы» деген мүсін қойылатын болып шешілді.

ТАРИХТЫҢ ҚАСТЕРЛЕНУІ ДЕ,  100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ДЕ ШЫМБАЙҒА БАТПАЙДЫ

Осылайша, «тұңғыш президент» салтанатты түрде ашылып жатқан кезде, Әз Жәнібек пен Керей өзі салып кеткен мемлекеттің ұрпағына керексіз болып, межеленген тұғырына қона алмай айдалада қала берді.

Астананың шетінде ашық далада тұрған қазақ батырларының ескерткіштері. 21 қазан 2009 ж.
Батырлар мүсінін көргенде мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхаммед аяушылық білдірген көрінеді.

– Өткенде мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхаммедпен кездестім. Ол маған: «Батырлардың бәрін барып көрдім. Сондай жақсы екен. Мен оларды қараусыз қалдырмаймын» деп уәде берген. Содан кейін Мәдениет министрлігіндегі мемлекеттік комиссия қарап, жәдігерлерді Арай саябағына қоюды ұйғарыпты. Бірақ қазір қаржы тапшылығына байланысты кешеуілдетіп жатыр, – дейді суретші Сембіғали Смағұлов.

Алайда, президент жанындағы мемлекеттік тілді дамыту қорының төрағасы Берік Әбдіғалиев кемінде 100 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалынған Керей хан мен Жәнібек хан мүсіндерін саябаққа қоюдың өзін кемсітушілік деп біледі.

Ал бір жарым жылдан бері далада жатқан қола мүсіндер Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейінгі Керей мен Жәнібек хандарға жасалған алғашқы ескерткіштер екен.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
Кімнен: Мақат Қайдан: Астана
23.10.2009 16:02
Мынау деген тым сұмдық екен. Бұл бассыздық қашанғы жалғаса береді. Қаным қайнап барады, біздің жағымпаз шенеуніктер үшін "өлі арыстаннан тірі тышқан" артық болып тұрғаны-ай
Пікір алмасу

Кімнен: балапан Қайдан: базардан
23.10.2009 17:35
Сонда өлі арыстан өтіп кеткен хандарымыз бен батырларымыз, ал тірі тышқан бүгінгі билік пен оның құйыршықтары ғой. ха,х а, ха, ха

Кімнен: qazaq Қайдан: daladan
23.10.2009 16:09
sumdiq eken.aruaq atsin.basqa aitar soz ghoq

Кімнен: Алтынай Қайдан: Астана
23.10.2009 16:19
Масқара, не сұмдықты еститін болдық қой, күн өткен сайын. Назарбаевтың өзі біле ме екен, осындай бассыздық болып жатқанын? Қазақ еліне оның мүсінін емес, бірінші Жәнібек пен Керейдің ескерткіші тұруы керек еді. Қайран қазағым-ай! Көзің ашылмай, тұмшаланып қалды ғой. Назарбаевтың жанында жүргендердің бәрі зомби болып қалған.

Кімнен: uaq Қайдан: semei
23.10.2009 16:26
osidan song nazarbaevti, ol bastaghan okimetti qalai baghalau kerek,qazaqqa ghau,qazqalmaidiaqqa qas dushpan ekenine eshqandai kuman ghoq

Кімнен: qazaq Қайдан: daladan
23.10.2009 16:42
altinai , sening nazarbaiigh barin de biledi,ol tek qana ozining qazaqstan,qazaq elining prezidenti ekenin gana bilmeidi

Кімнен: uaq Қайдан: semei
23.10.2009 16:59
aldingi sozimiz 'nazarbai... qazaqqa ghau, qazaq atauligha qas...' dep oqilsa

Кімнен: болашақтан келген бала Қайдан: болашақ Алаш Мемлекетінен
23.10.2009 17:16
Ассалаумағалайкум НАНдықтар мен НАНдық еместіктер! Құрметті далада жатқан ескерткішке қатысы бар азаматтар Жәнібек пен Керей бабаларымыздың тас мүсінін бізге берсеңіздер екен! Ақыры шашылған ақша ғой. Енді бір тиынға қажеті болмай қалған бұл дүние бізге керек! Кейін Монументті дұрыстап қою үшін керек деп сақтап қойсам деп едім. Аллаһ разы болсын сіздер бізге берсеңіздер! Мен дайынмын далада жатқан дүниені алып кетуге! Кім ақыл қосады екен күтемін! Және кім екен иесі? Сол иесіне менің сөзімді жеткізіңіздерші. "Керек тастың ауырлығы жоқ" деген осындайды да меңзесе керек! Қазақты басқарып отырғандарды қанағатсыздықтан, көрсоқырлықтан сақтасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрастанадан Қайдан: астанагүл
23.10.2009 18:46
Болашақтан келген бала, мекен-жайыңызды жазып жіберсеңіз, мүмкін ескерткіштерді жинап апарып салатын бір бай кәсіпкерді табармыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Әлімұлы Қайдан: Сыр елі
23.10.2009 19:23
сол бай кәсіпкерді табу, болашақтан келген баланы табудан қиын болатын шығар Сізге
Пікір алмасу

Кімнен: balabi Қайдан: qazaq zheri
26.10.2009 20:29
Болашақтан келген баланың мекен жайы ҚАЗАҚ ЖЕРІ болса керек еді. Ал ниетіне Рахмет! Алланың нұры жаусын!
Қазір мекен жайын көрсеткендерді жайратып кететін әдет болды ғой. Құзғын қарға мың жасаса да құзғын атынан арылмайды. Батыр бабаларымызды сондай дәрежеде ұстаған билік басындағылардың шымшық миларының деңгейі қазір көрініс табуда. Қарадан туып хан болған, құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас,-деген сөзді де сол бабаларымыз айтып кетті емес пе?! Қазақтың қас батыр қырандары қашан болса да көгінде, халықтың көкірегінде! Олар қайда жатса да шын алтынды ешқашан тот баспақ емес!
Уақыт та өтер, қазіргі билік басында бірін-бірі құптап бақылдап отырған бақалар да көл тартылған соң шалшық іздеп кетер жан-жаққа. Қазіргі жағымпаздықпен жасалған дүниелер уақыт өте өз бағасын алып, тып-типыл болып жойылып, алтындаған әріптері қара бояуға айналады. Тарихи тәуелсіздік алған кездегі қара дақтар теген атпен тарихқа жазылады.
Пікір алмасу

Кімнен: болашақтан келген бала Қайдан: болашақ Алаш Мемлекетінен
27.10.2009 19:58
Құрметті менің бабаларым! Бүгінгі күннің ағалары! Жан дауыстарыңызды естіп қайта келдім. Бабалар мүсіндерін маған берсе Көктөбенің төріне "Битлздің" орнына қояр едім астындағы тұғырын биіктетіп! Әр көшедегі жарнамалық тақталарға тек "Бабалар өсиетін" жарнамалайтын сөздерін, суреттерін бейнелер едім. Жұманы демалыс етіп "Дұға бағыштауды" әрбір тұрғынға міндеттер едім. Ата Заңға "Жеті Жарғыны" енгізер едім. Тастанды Қарттар мен балалар үйлерін жойып әр баланың тегін анықтап сол рулы елдерге таратып берер едім. Ерлізайыптылардың түтінінің түзу шығуына әлеуметтік жағдайды реттер едім. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін жұмыс істеу жүйесін енгізер едім. Сананы улайтын емес сананы тәрбиелейтін ақпаратты қолдар едім. Атақ пен Даңққа құмарпаздықтан гөрі өнерпаздықты қолдар едім. "Тойото" мен "Мерседестердің" орнына "Тайбурыл" мен "Керқұланы" жасатар едім...
Ал енді "Бабалар" тас мүсіндерін айтқан жерге қойсаңыздар дүниеге келгенде сіздерге разы болып барлығыңызға құран бағыштар едім! Егер мүмкіндіктеріңіз болмаса онда болашақта өзіміз келген соң сол "Көктөбеге" бәрібір қоямыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Bauyrzhan Қайдан: Astana
29.10.2009 18:44
ua alla,
osyndai alashtyn azamattaryn kobeite gor, sorly elimnin kokiregin oyata kor!

Кімнен: qazaq Қайдан: atirau, arqa,alatau
23.10.2009 18:01
azattiqti alla gharilqasin

Кімнен: Мақсат Қайдан: Шымкент
23.10.2009 18:05
Қазақтың хандары далада қалған соң, не жорық?! Көршілерден ұят болды-ау өзі. Не істесем екен мына билікті? Қалайша билікте жаны қазақ, ұлттық намысы бар азаматтар қалмады? Назарбаевтың ескерткішін қою үшін оларды далада қалдырғандарды анықтау керек. Ұрпақ алдында күнәһарлар ғой олар.

Кімнен: boreke Қайдан: shamalqan
23.10.2009 18:27
saiabaqqa qoisa, oningiz eskertkish emes,balalarding oiinshighi bolip shigadi. almatida dzerghinskii saiabaghindaghi esek pen tazsha balagha qaranhdar

Кімнен: KZ Қайдан: Актау
23.10.2009 18:57
Бұл қылыктары қазақ халқын аяққа таптағаны. НАН мен басқа биликте отырған осыған жол берген надан мәнгүрттерді біздің осы хан, батыр бабаларымыздың аруахтары атсын.
Асар жасап, бұл мазақ қылған қайран елімнің хан-батырларының ескеркіштерін құтқару керек. Қанды қайнатар қылық, бүкіл қазақ елін аяққа таптағаны, бетіне түкіргені деп білем. Тілімізге түкірді, дінімізге түкірді, енді рухымызға түкіргені жетпеді. НАН өлгісі келіп жүр, өлерсің? аз ұақыт қалды. Өз ескерткішіңді қойып, Қазақ елінің мына аяққа таптап отырған ата-баба аруахтары ұрсын сені.
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Шамалған
23.10.2009 23:33
"КZ" баурым айтқаның "АЛЛА"ның қулағына шалынсын.Қазақта "битке пышақ сурғандай" дейтін тәмсіл бар,бул НАН және аиналасындағы жүрген "тақ" қумарлар шынын айтар болсақ,кешегі орыс отаршыларның қолымен әдейі алдын ала тәрбиелер қазаққа қарсы қойыу үшін дайындалған ұлт сатқендары,ондай адамдарға сөз айтыпта бекер. Халықта "мың душпаннан,бір сатқен жаман" деген нақыл сөз бар.бундай қасиетсіз,имансыз қубжықтарды қара жер қалай көтеріп жүр екен? олар Керей мен Жәнібек хандай болмақ түгілі,ол бабалармездың бір тал түгінен садаға кетсін!!! аита берсек олардың қазаққа жасаған қианаты,қаншалаған кітапқа арқау болады,болепта жатыр,енді ел болып жиылып, бул сорақылықты тоқтатайық ағайын ...

Кімнен: uaq
23.10.2009 19:04
nazarboratting eskertkishin qoqisqa laqtirip,ulu qandarimizdi oz ornina qoiatin kun de taqap qalgan siaqti

Кімнен: kerei Қайдан: alman eli
23.10.2009 19:24
kaspionetten kordik, eskertkish ashilganda sairagan kekilbai men tleuqan el betine qalai qaraidi

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 19:41
Соларды қаншама қаржыға жасатып, далаға тастай салатын "кеңдік" бізде ғана бар шығар. Қажет болмаса мен үйіме тасып алайын!

Кімнен: Асылтас Қайдан: Астана
23.10.2009 20:06
Осындайда қазақтың зиялы қауымы үнсіз қалады. Неге?! Бұл деген барып тұрған сорақылық қой. Қалай үндемей қалуға болады?! Сол Қазақ елі монументінің ашылуында көсіліп сөйлеп, президенті хан деп сонша жағымпаздана мадақтаған Әбіш Кекілбаев ағамыз есінен ауысқан ба деп қалдым. Сондағы сөздері сондай жиіркенішті болып шықты. Назарбаев деген кім ол өзі, Әз-Жәнібек пен Керей ханның жанында? Әшейінде керемет діншіл Бекболатқа не жоқ. Әулім десең ол ұстанатын дін жолында тірі адам тұрмақ, өлген адамның мүсінін қою күнә болып саналады. Ол болса, Назарбаевты әбден келіп мақтады-ау келіп. Жаман намысым келді, елдің басында осындай жырым-пырымдар отырғанына, жағымпаздар мен намыссыздар жүргеніне. Қазақтың бәрі бірдей намыссыз емес шығар. Қазақтар осы ескерткіштер тезірек өз орнына қойылғанша тынбайық, ояныңыздар енді.

Кімнен: Hitayby Қайдан: ileden
23.10.2009 20:20
sumdih bolghan eken... osinday da "ash yitting k...in suh yt jalaghan" bar ma eken? Ymanghaly TASMAGHANBET khazakh hani kushti dep estwshi ek, oning da arti belgili boldi ghoy... Hanarding kyesi atsin!

Кімнен: Aina
23.10.2009 20:31
Еки Ханымызды "Казак ели" монументине косуга болмас па еди? Аты жап-жаксы монументтин, заты мумкин назарваевтын жекешелендирип алган "казак ели" символы осылаи болуы керек.......... Казир танкалатын ештене калмады. "Мын олип, мын тирилген" казакпыз гои, тирилетин шыгырмыз?! Бир биримизди оятаиык, агаиын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2009 20:34
Ескерткішетрдің қойылғаны өте дұрыс. Себебі ел сол тастұлғалар арқылы кімнің кім екенін ұмытпай еске түсіріп жүреді. Сондықтан әлдекімдердің бұл мәселеде ұтылып қалуы ғажап! Атаңа не істесең алдыңа сол келеді дейді.. Кімнің далада қалып, кімнің қалада қаларын бір Алла ғана біледі.

Кімнен: Жасұлан Қайдан: Арқалық
23.10.2009 21:01
Әлбетте, Назарбаевтың өзі бұл ескерткіштерді далада тастатқан. Көрдіңіздер ме, батырларымыздың мүсіні қандай айбынды, керемет болып шыққан. Президент оны көріп, бұлардың жанында өзінің тышқан сияқты екенін сезінбеу үшін көзін жоғалтыңдар деген шығар. Әйтпесе, елдің назары сөзсіз бірден осы батырларға ауатын еді ғой. Ескерткіш өте күшті жасалыпты. Соны көре алмаған ғой президентіміз. Берік замандасымызға көп рахмет осыны көтерген.
Пікір алмасу

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 21:25
Мен бұл пікірге қосыламын. Әсіресе екі ханның мүсіні ұнады маған.

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
23.10.2009 21:32
Мың өліп мың тірілген қазақ емеспіз (осындай сөзді тіпті керектенбенуіміз керек), тек жеке адаммен салыстырып айтсақ өмірде өлгеннен басқаны көрген қазақпыз ғой.
Маған осы ескірткіштер сонша ұнамады. Әнтек ергежейлі, мәстек екен, өзі барып-барып айдаладағы Қытайда жасалған екен. Қазақ рухының белгісі құрып кеткенде өзіміздегі өз тасымыз бен темірімізден өзіміздің қолымыздан жасалуға тиісті еді. Ертең, Қытайда жасалған осындай дүниелерге қайтып табынып құрмет білдіреміз. Өз басым мың жерден ұлы бабалардың ескерткіші болса да осындай қытай тектілеу дүниеге илана алмаймын. Керей мен Жәнібекке алып тіпті өте шоң ескерткіш орнату керек. Моңғолияда Шыңғысханға орнатқан алып ескерткіш бар. Америкадағы Азаттық ескерткіші мен Бразилиядағы Исаның ескерткішіне дәл жетпесе де соған таяу алып ескерткішті моңғолдың жәй бір жекеменшік туристік компаниясы өз қаражатымен орнатты. Алыптығы сондай, атқа мініп тұрған Шыңғыстың ескерткішінің тек аттың жалындағы тұсындағы - маңайды тамашалауға арналған аланқайға шығу үшін тұп-тура арнайы лифтмен көтеріліп шығады, одан әрі аттың үстінде шіреніп тұрған Шыңғыстың өзі бір төбе, көп биіктікте тұр. Қателеспесем осы ескерткіштің биіктігі 40м деген. Орнатылған жері де дөңес үлкен төбе болады. Алыстан қарағанда өте сұсты. Міне дәл осындай алып ескерткіштерді Керей мен Әз Жәнібекке орнату керек. Базбіреулердің жәй бір компаниясы орнатқан ескерткішті неге мұқым қазақ елі орнатпасқа? Биліктегі кей мырзалар жоғарыдан нұсқау келмей өзіндігінен миын істетуді қойыпты ғой, оның бір дәлелі осы қытай текті мәстек, тапал, ергежейлі ескерткіш болады. Керей мен Жәнібекке орнатылуға тиісті ескерткіш өз кезегінде тұп-тура Байтеректей биік, Алатаудай занғар, Хантәңрідей сұсты болу керек. Бұны жасауға қазақ елінің дәті жетеді, тек оны жасайық деген пиғыл болса болды. Бұл ұлттың рухын ояту үшін керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 23:03
Ескерткіштерді Қытай жасап бергенде тұрған ештеме жоқ. Олар ескерткіш жасаудың ежелден-ақ шеберлері. Керек десеңіз, сіз айтып отырған азаттық монументін француздар жасап сыйға тарқан-ды. Сондықтан шебер жасалған дүние болса оның қандай қолдан шыққанын алалаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Сіз қалай ойлайсыз? Мүмкін менің пікірім өзгеріп қалар.
Пікір алмасу

Кімнен: Фермахан Қайдан: Алматы
26.10.2009 01:33
Санжарға: Пікіріңді өзгерткің келсе, Асатанағ барып, осы екскерткіштерді өз көзіңмен көріп қайт бауырым. Бірақ пікір өзгерте берген жақсы нәрсе емес. Бәріміз даурығып, Хандардың ескерткіші неге далада қалды деп жатсақ, сен не ойлап кеттің тағы. Ескерткіштің әсемдегі маңызды ма қазір? Немесе оның қайда жасалғандығы маңызды ма? Далада қалғанына солар себеп болыпты ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Сырым Қайдан: Балқаш
27.10.2009 19:19
Шынын айту керек, қытайдың теракот жауынгерлеріне ұқсайды: әлде тағы біреулер қытайға жасатып үнемдеп, ұлттың қасиетті тұлғаларын жерге таптап, ақша жасаған ғой ! halmurat дұрыс айтады. Мынау біздің Керей мен Жәнібек емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Асыл Қайдан: Астана
26.10.2009 01:25
halmuratqa: Не деген пессимист адамсыз!!"сөзіңіздің бәрі ұнатпау, түңілу мен күйреу, артқа тарту. Бір қазақ болып қуана да алмайсыз. Мәселе мұнда ескерткіштің жақсы жамандығы емес, олардың айдалада иесіз қалғандығында болып отыр ғой. Не мақаланы дұрыс оқып шығыңыз, не суретіне ғана қарап баға бергенді қойыңыз. Еркек ретінде айтамын сізге.
Пікір алмасу

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
26.10.2009 06:59
Ескерткіштерді мәстек дегенім сізге ұнамады, білем. 5м биік деген сөз небары бір қабат үйден сәл ғана биік деген сөз. Ондай ескерткішті қаттырақ айтатын болсақ біреулер ит пен мысығына да қойып жүр ғой. Енді осындай ескерткішке орын табылмады деп несіне ашуланамыз. Табылмаса табылмасын. Биліктің өзін өзі масқаралап жатқаны осы болады. Екіншіде, біз қытайдан байпақ, шылғау сатып кие беруімізге болады. Ал ескерткіштің жөні басқа, бауыреем. Ертең сіз бен біз бұл ескерткішке бабамыздың көзі деп құрмет білдіреміз, тіпті табынамыз ғой. Сол ескерткішін маңқа қытайдың қолынан шыққан болса жетіседі екенбіз. Елміз ғой. Астанадағы кім тұрары белгісіз қалың сән-cалтанат ордаларды салуға қисапсыз ақша табылғанда мұқым қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушыларға "есі дұрыс" бір ескерткіш орнатуға ақша таппағаны, дұрысы-осылай істейік деген ниет болмағаны билікке сын емес пе. Сондықтан ана ескерткіштерді қайда орнатса сонда орнатсын, онда шаруамыз болмасыншы. Болғанда билікке ғана сын болсын. Қайталап айтайын, Моңғолиядағы Шыңғысханның ескерткішін небары бір жекеменшік кішігірім компания өз қаражатымен орнатты ғой. Егерде бұндай ескерткішті билікке орнаттырсақ оған бөлінген ақшаны жолда біреулер жымқырады, әрі оларда ниет те болмайды, соңы құрдымға айналады. Алып ескерткіш тұрғызуды қиял деп отырған сіз өзіңіз нағыз пессимист екенсіз. Ниет болса бәрі де болады.
Санжарға: сіз айтқан франц(уз)ларыңыз американдықтардың ағылшындарға қарсы одақтасы болды әрі бұл ескерткішті американдықтарға шынайы ниетімен жасап берді. Ал біздікін қытайлар ақша үшін жасап берген, ойланған кісіге жер мен көктей айырма бар ғой арасында. Әйтпесе қытайларды олақ деп отырғам жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аргунн Қайдан: Кокше
28.10.2009 11:57
батырлардын сауыт -сайманы Киыр Шыгыс стилнде жасалган. Мундай сауыт -сайманды кытай,корей,немесе монгол-маньчжур жауынгерлери киген. "Терракоттен жасалгандарга уксайды" деп жогарыдагы бауырым дурыс байкапты. Ал биздин турки жауынгерлеринин сауыт -сайман кару жарагы кобинесе Орта Азия-ирандык стилде болган. Кытай ол аркашанда ретин тауып оз мадениетин тыкпалап отыратын халык емес пе,оларга жасату кимнин ойына келди екен?
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
Мәтін көлемі - +