Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:11

ҚАЗАҚСТАН

Әдебиет тілі болып қана қалмай, заман көшіне ілескенде қазақ тілінің болашағы баянды болмақ

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде әр екі апта сайын бір тіл жоғалып кетеді екен. Азаттық радиосына пікір білдірген қоғам өкілдері қазақ тілінің қазіргі жағдайы туралы өз ойларымен бөліседі.

Қазақ тілін қолдауға арналған жиында ұран ұстап тұрған бозбала. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық ұйымының суреті.
x
Қазақ тілін қолдауға арналған жиында ұран ұстап тұрған бозбала. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық ұйымының суреті.
Мәтін көлемі - +


ТІЛДЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫ

Зерттеу деректері бойынша, бүгінде әлем тұрғындары алты мыңнан аса тілде сөйлеседі екен. Олардың 96 пайызын әлемнің тек төрт-ақ пайызы қолданады. Тілдердің бірқатарының жазуы бар, ал кейбіреуінде ол да жоқ. Әр тілдің өзіндік жазу ерекшелігі сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің көрінісі.

Әлемде қолданыстағы тілдердің жартысына жуығы мүлдем жоғалып кету алдында тұр. Мыңдаған тілдер білім жүйесіне ендірілмеген, Интернетте де оларды табу мүмкін емес.

БҰҰ мамандары, тіл алуандығының маңыздығын атап өте келе, әр ұлттың өз ана тілін кеңінен пайдалану мен мәдени дәстүрлердің сақталуын қолдайтындығын айтады. Мамандар тілдің сақталуы үшін 100 мыңдай сөйлеушісі болуы керек дейді.

Ақпанның басында BBC агенттігі 70 мың жылдық тарихы бар Бо тілінің келмеске кеткендігі туралы хабарлады. Яғни сол тілде сөйлейтін соңғы адам бақилық болып, Бо тілін өзімен бірге алып кетті. 85 жасар Боа Срмен бірге әлемдегі ең ежелгі тілдердің бірі де жоғалды деп хабарланды. Лингвист-порфессор Анвит Аббидің айтуынша, бо тілінің жоғалуымен Үндістан өз мәдени мұрасының едәуір бөлігінен айырылып қалды.

Мамандар, бұл тілдердің құрып кетуіне ең алдымен осы тілде сөйлеушілер санының көп болмауы себеп екендігін айтады. Кейде бір тілді 1-2-ақ адам білетін болып шығады.

Мәселен, Американың Орегон шатына қарасты Силец резервациясындағы үндістердің қолданған «Силец-Ди-ни» тілі жуық арада мүлдем жойылып кетуі мүмкін, өйткені бұл тілде тек бір ғана адам сөйледі.

ТІЛГЕ ТАЛАП ПЕН ҚОЛДАНЫС КЕРЕК

– Әрбір ұлт өзінің тілін сақтау үшін ол тіл қолданыста болу керек. Өмірдің барлық саласында пайдалану керек. Ол тілде сөйлемесе, ол тіл құрып кетеді. Тілді үйрену үшін талап керек. Түйеге жантақ керек болса мойнын созып жейді. Егер сен Қазақстанда отырып бастық

«Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, филолог-ғалым Асылы Осман Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 8 қыркүйек 2009 жыл.
болғың келсе, екі тілді де қолдан. Байқасаңыз, президент тіл мәселесін көтеріп, кішкене қозғау салғанда тіл қарқындап ілгері қарай жүреді. Ал енді саябырлған кезде төмендеп қалады. Қазақтің тілі бүгінде дамыған тіл. Оған тек сұраныс керек, қажеттілік және талап керек, – дейді «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, филолог-ғалым Асылы Осман.

Ғалым қазіргі заманда елдің әрбір азаматы өзі тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін меңгеруі тиіс деп санайды.

– Өзге өркениетті елдер бізден тыныштығымыз, туыстығымыз бен бірлігімізден үлгі алғанда, біз неге өзге елден мемлекетінің тілін бірінші орынға қойғаннан үлгі алмаймыз? Неге біздің елімізде мемлекеттік тіл өзінің дәрежесінде болмай тұр? Тек оны өмірде жаппай қолданбаймыз. Мен бұрын «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенде шын наразы болғанмын. Неге Қазақстанда тұратын әзербайжан сонда қазақша сөйлемеу керек пе деп. Сөйтсем, мен қателескен екенмін. Егер қазақтың өзі бір-бірімен қазақ тілінде сөйлейтін болса өзге қайда кетеді? – дейді Асылы Осман.

ТІЛ ТАРИХТЫҢ КӨШІНЕ ІЛЕСУ КЕРЕК

– Тілдің мүмкіндігінше ұзақ сақталуы үшін сол тілдің қажеттілігі сезілу керек және тілдік орта болуы керек. Кәдімгі қазақша сөйлейтін орта болуы керек. Ауылдарда бар, ал қалалардың бір де біреуінде қазақша сөйлейтін орта жоқ. Қазақ тіліне мұқтаждықты туғызбайынша қазақ тілінің әлеуметтік мәні болмайды, – дейді тіл танушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықова.

Ағылшын, неміс, француз, түрік және орыс тілін меңгерген академик, профессор Асқар Жұмаділдаев, тіл – тірі ағза екендігін айтады. Оның пікірінше, белгілі бір тілде сөйлейтін адам болса – тіл бар, жоқ болса – тіл өлді деп есептеледі. Дегенмен, тарих көшінен қалса, сөйлейтін адамы бола тұра тіл жоғалып кетуі мүмкін, дейді математик ғалым.

– Егер бо тілінің жойылуын эмоциялық тұрғыдан қарасаңыз бұл – үлкен трагедия. Ал егер рационализм тұрғысынан алғанда бұл – қалыпты жағдай. Өйткені, тіл тарихтың көшіне ілесу керек. Мен қазақ үшін тарих көшін есек арбамен теңестіремін. Ағылшын үшін, француз үшін, жапон үшін ол ракета, көлік немесе паровоз болуы мүмкін. Ал қазақ үшін – есек арба. Арба есекті тартпайды, есек арбаны тартады. Есек деп отырғаным – технология, экономика. Егер сіздің экономикаңыз мықты болса, әскеріңіз күшті болса, технологияңыз терең болса сіздің тіліңізді жұрттың барлығы үйренеді. Өйткені тіл деген құрал. Тілдің жүздеген фунциялары бар болса, соның бірі – поэзия. Біздің қазақ тілінің артта қалып келе жатқанының себебі – біз арбаны есектің артына қойып қойдық та, бірақ сол есекке мән бермей келеміз. Біздің дамуымыз, қазақ үшін әсіресе технологияның дамуы есек сияқты жай келе жатыр, – дейді ғалым.

Асқар Жұмаділдаев қазіргі заманғы ғылым көшінен қалмаған тілдің ғана болашағы болады деген тұжырым айтады.

– Әйтпесе қазақтың тілі тек қана поэзияның тілі болып қалды. Қазақтың бір сөзімен-ақ біреуді мақтауға болады. Ендігі біреуді жалғыз ауыз сөзбен түкке тұрмайтындай етіп жерге қаратуға болады. Қазақ тілінде неше түрлі қалшақ сөздердің, қыршаңқы сөздердің байлығы жатыр. Осындай тіл байлығы мол қазақ неге микрофонға, карбюраторға, синус пен косинусқа келгенде қарапайым қазақ тілімен жеткізе алмай қалады. Неге? Себеп – біздің технологиямыз, тарих көшіміз артта қалды. Бізде технократ адам жоқ, Ондай адам болмағандықтан біздің экономикамыз да кейін кетіп жатыр. Біздің байлық деп отырғанымыздың барлығы да біреудің жасап кеткені. Тіл дамуы үшін ең алдымен керегі, мен әлемдік деңгейде алмаймын, қазаққа қаратып айтарым, ең керегі – технология, модернизация, ғылым. Тіл болмай халық болмайды, бұл рас. Бірақ технология болмай тіл де болмайды, – дейді профессор.

Тіл туралы арнайы хабардың толық аудио-нұсқасын мына жерден тыңдаңыз
 

 




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сырым
20.02.2010 08:21
+0 / -0
Асқар ақсақалдың сөзіне келісуге болады. бірақ мәселен орыс ғылымындағы терминдердің бәрі де жат жұрттың шығарған сөздері емес пе?! Тіл саясатпен, саяси шешімдер арқылы дамып, қолданысқа ие болатын сияқты. Латын тілі сынды қолданысы тек ғылымда ғана бар тілдер бар ғой?! ол тілдер ешқай елде мемлекеттік мәртебеге ие емес қой! сондықтан әрине технологияны ғылымды өз тіліңде дамытқан жөн, бірақ мәселені тек бір жақты қойған дұрыс емес-ау деймін?

Кімнен: қара қыз Қайдан: Алматы
20.02.2010 12:38
+0 / -0
Иә,өз елінде ,өз жерінде ,өз ұлтынан қорлық көріп ,өгейсіп ,жетім баланың күйін кешіп жүрген тек ҚАЗАҚ тілі ғана . Бұл тек бірнеше адамдардың қайғы ,қасыреті емес ,бұл бүкіл ҰЛТТЫҢ қасыреті екенін кейбір жандар қашан түсінер екен ...
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтанберді Қайдан: Маңғыстау
20.02.2010 15:31
+0 / -0
Қарындасыма өркенің өссін деймін!

Кімнен: Мырқымбай
20.02.2010 15:06
+0 / -0
– Мен қазақ үшін тарих көшін есек арбамен теңестіремін. Ағылшын үшін, француз үшін, жапон үшін ол ракета, көлік немесе паровоз болуы мүмкін. Ал қазақ үшін – есек арба. Арба есекті тартпайды, есек арбаны тартады. Есек деп отырғаным – технология, экономика. Егер сіздің экономикаңыз мықты болса, әскеріңіз күшті болса, технологияңыз терең болса сіздің тіліңізді жұрттың барлығы үйренеді. Өйткені тіл деген құрал. Біздің қазақ тілінің артта қалып келе жатқанының себебі – біз арбаны есектің артына қойып қойдық та, бірақ сол есекке мән бермей келеміз. Біздің дамуымыз, қазақ үшін әсіресе технологияның дамуы есек сияқты жай келе жатыр, – дейді ғалым.
----------------------------------------------------------------------------------------
Асеке, біздің технологиямыздың дамуы жәй келе жатқан жоқ, керісінше теріс қарай бара жатыр. Оған біздің өмірімізде мысалға келтіретін фактлер өте көп.
Осы әңгімеңді осыдан 15 жылдай бұрын с.Шаухамановқа айтқан болуың керек.
Өйткені, осыдан 15 жылдай бұрын с.Шауқаманов Қызылорда облысының әкімі болып тұрғанда, басқа жұрт космос кемесін жасап, космосқа ұшып, дүниенің сырын ашуға ұмтылып жатқанда, ол- Мырқымбай -"ұлы әулие", бұл сөзіңнің мәнін тура түсініп, бүткіл Қызылорда обылысына есекарба жасатуға әмір беріпті.
Сүйтіп, КРМЗ деген зауытында есекарба шығара бастапты.
Аудандарды аралап, есекарбаның көрмесін ұйымдастырып, есекарбалардың шеруін жасатқан.
Құмкөлдің ауаны ластап, оттегін жойып, далаға босқа жанып жатқан газын елге трубаман алып келудің орнына, жанармай шығаратын шағын зауыттарды алып келу қамына кірісудің орнына, "отын тасып алып келетін автокөлікке құйятын жанармай жоқ, баяғыдай тезек теріп, отқа жағыңдар"- деген.
Сондай, НӘН-нің Мырқымбай достарының кесірінен Қызылорда облысы тарқап кете жаздаған.
Сондай, Мырқымбайлардың бастығы НӘН әлі елді "басқарып" отырғаннан кейін қандай технологияны сұрап тұрсың?
Сондай, Мырқымбайлардың тапсырыс беріп жасатқан "казсат" деген есекарбасы анау, ғарыш шарлап кетіп, көк аспанды сипап қалдық.
**********************************************************************************

– Әйтпесе қазақтың тілі тек қана поэзияның тілі болып қалды. Қазақтың бір сөзімен-ақ біреуді мақтауға болады.
-----------------------------------------------------------------------------------
Кейбір жағымпаз шалдар НӘН-ді мақтауға сол бір сөзді қанша іздеседе таппай, таңдайын қағып, тамсанып, оған таңданумен ғана жүр ғой.
************************************************************************************

Ендігі біреуді жалғыз ауыз сөзбен түкке тұрмайтындай етіп жерге қаратуға болады. Қазақ тілінде неше түрлі қалшақ сөздердің, қыршаңқы сөздердің байлығы жатыр.
----------------------------------------------------------------------
НӘН-ге сондай бай, қандай сөзін айтсаңда ешқандай қазақтың сөзі өтпей-ақ қойды ғой.
***********************************************************************************
Жалғасы бар.


Кімнен: Мырқымбай
20.02.2010 15:07
+0 / -0
Жалғасы:
Осындай тіл байлығы мол қазақ неге микрофонға, карбюраторға, синус пен косинусқа келгенде қарапайым қазақ тілімен жеткізе алмай қалады. Неге?
-------------------------------------------------------------
Қазақ пікірталас жасап жатып сөз сұрағанда "ДАТ" дейді. Сол секілді микрофонды "ДАТ" деп айтса болады. Мысалы: "датты бер"-дегенде микрофон ұсынуға болады.

Карбюратордың атқаратын қызыметі қозғалтқыштың іштен жану жүйесіне жанар-жағар майды сығымдап, томыртқалап, бүрккіш (фарсунка)арқылы беріп отыру. Демек, карбюраторды-ТОМЫРТҚАЛАҒЫШ, фарсунканы БҮРІККІШ дейді.

КОСИНУС-ол гипатинузаның бұрыштың астындағы катетке түскен көлеңкесінің шамасы, демек оны БҰРЫШАСТЫЛЫҚ деу керек.(косинус угла).
СИНУС-деген гипатинузаның бұрыштың алдындағы кететке түскен көлеңкесінің шамасы, оны БҰРЫШАЛДЫЛЫҚ деуге әбден болады.
Тангенс, катангенстерді- КЕРІБҰРЫШАЛДЫЛЫҚ, КЕРІБҰРЫШАСТЫЛЫҚ деген сөздермен атап, басқада сөздерді қазақша айта берсе өте жұмсақ, ыңғайлы, өте түсінікті болады.
Міне сол кезде, ауылдың қазақ баласы ғылымның патшасы матеметика мен физикаларды және басқада ғылымдар қазақтың өзінің туған ғылымы сияқты болып, одан еш қорықпай, сүйіп, ғылыммен бас көтермей айналысатын болады.
Мектапте бір сыныптың 20-25 оқушысының 90 пайыздан көбі жаратылыстану пәндерін неге өте нашар оқиды? (БҰТ -нің қортындысы бойынша)
Меніңше оның себебі, бұл пәндерді де гуманитарлық пәндер секілді, "тисе терекке тимесе бұтаққа"- деген сияқты, "нені былшылдасам да менікі дұрыс"- дегендей, тек қана елеспен ғана оқытуы.
Ал, жаратылыстану ғылымы-ол өте дәл ғылым(точная наука).
Оны тек елеспен оқытып, баланың миын ашыта бергенше, теорияны практикамен бекітіп оқытқан дұрыс.
Мысалы, тригонометрияның осы синус, косинустарын оқытқанда, оны көзбен көретіндей құралдарды фабрикада мыңдап жасатып, синус ноль градуста қандай шамаға тең, 45 градуста неге тең, 90 градуста неге тең екенін шкалалармен бөлініп, көзіне көрсететін құралдармен оқыту керек.
Міне сонда, бала бір нәрсеге көп энергия жұмсамайды. Үнемделген энергияны басқа қиын тақырыптарға жұмсайды.
***********************************************************************************

Себеп – біздің технологиямыз, тарих көшіміз артта қалды. Бізде технократ адам жоқ, Ондай адам болмағандықтан біздің экономикамыз да кейін кетіп жатыр. Біздің байлық деп отырғанымыздың барлығы да біреудің жасап кеткені. Тіл дамуы үшін ең алдымен керегі, мен әлемдік деңгейде алмаймын, қазаққа қаратып айтарым, ең керегі – технология, модернизация, ғылым. Тіл болмай халық болмайды, бұл рас. Бірақ технология болмай тіл де болмайды, – дейді профессор.
-------------------------------------------------------------------
Сондай, Мырқымбай-НӘН-нің 26 жылдан бері "поэзиясын" тыңдап, жалықпай, талмай өмір сүріп келеміз.

Көп сөздің тобықтай түйіні, елден Мырқымбайлар кетпей ешнәрсе де болмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Саян Қайдан: Розыбақиев 216-29
21.02.2010 10:32
+0 / -0
Мырқымбай керемет ойларыңыз, www.kense.idhost.kz сайтына келіп жазыңыз

Кімнен: Жайнагүл
20.02.2010 21:28
+0 / -0
Асқар Жұмаділдаев қазіргі заманғы ғылым көшінен қалмаған тілдің ғана болашағы болады деген тұжырым айтады.
-Ендеше Асқар мырза өзі неге үлес қоспайды тілді дамытуға. Поэзия тілі болып қала береді деп, бұл математик ағамыз қазақ тілін менсінбей тұр ма, сонда?

Кімнен: Қадырхан
20.02.2010 21:29
+0 / -0
Асылы Османқызы бір керемет адам. Қазаққа шынымен жаны ашитын осындай кісілер көбірек болса, ана тіліміз әлдеқайда қолданысын кеңейтер еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2010 21:32
+0 / -0
ия, мен бұл хабарды тыңдағамын кеше, бірақ Асқар ағаның ҚТ, Дт дегендерін түсінбедім, сонда қазақ тілін сондай терминдермен дамыту керек деді ме? Ол өзі тіл тақырыбына неге қатысып жүр екен?!

Кімнен: Мәншүк Асаутай Қайдан: Almaty
23.02.2010 09:48
+0 / -0
Мақалаға қатысты пікірлеріңіз үшін мың алғыс.