Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:11

МӘДЕНИЕТ

Қазақ тіліне арналған жиын тағы да президентке хат жазумен аяқталды

Қыркүйектің 20-сы күні Алматыдағы Республика сарайында тіл туралы заңның қабылданғанына 20 жыл толуын арқау еткен жиын болып өтті. Мыңдаған адам қатысқан бұл жиын қазақ елінде қазақ тілінің мәселесі күрмеуін таба алмай келе жатқандығын тағы да көрсетті.

Қазақ тілін қолдауға арналған жиын. Республика сарайы, Алматы, 20 қыркүйек 2009 жыл. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының қорындағы сурет.
x
Қазақ тілін қолдауға арналған жиын. Республика сарайы, Алматы, 20 қыркүйек 2009 жыл. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының қорындағы сурет.
Мәтін көлемі - +
НАЗАРБАЕВТЫ МАҚТАМАҚ БОЛҒАН ҮКІМЕТ ӨКІЛІНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ

Жексенбі, қыркүйектің 20-сы күні сағат 12-де «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен қазақ тілі мәселесіне арналған жиынғы жұрт көп жиналды. Үш мың орындық Республика сарайы халыққа лық толды. Оның сыртында есіктің көзінен сығалап, жиынның соңына дейін аяғынан тік тұрған жұрттан ине шаншар жер болмады.

Осыдан жиырма жыл бұрын, яғни 1989 жылы қазақ тілінің заң жүзінде мемлекеттік тіл мәртебесін алған айрықша күн - қыркүйектің 22-сі қарсаңында ұйымдастырылған шараны «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов ашты. Бұдан кейін тіл мәселесіне қатысты өз ұстанымдарын Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек секілді ақын-жазушылар, саяси партия өкілдерінен «Азат»
Ақын Мұхтар Шаханов (ортада) қазақ тілін қолдауға арналған жиында сөйлеп тұр. Республика сарайы, Алматы, 20 қыркүйек 2009 жыл. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының қорындағы сурет.
партиясының төрағасы Болат Әбілов, тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Владимир Козлов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, «Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин өз ой-пікірілерін ортаға салды. Бұлардың барлығы да тіл туралы заң қолданысқа енген 20 жылдың бедерінде қазақ тілінің проблемасы шешімін таппай келе жатқандығын атап өтті.

Әміржан Қосанов өзі шығарған тіл туралы өлеңін оқып берді. Ал, «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов болса, тіл мәселесін шешу үшін саяси реформа қажеттігін қадап айтты.

Жиынға сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитетінің төрағасы Ербол Шаймерден қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазақ тілі мәселесін талқылауға жиналған қауымды «Бүгін тіл мерекесі», - деп жұртты құттықтай келе, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы тіл мәселесімен салыстырғанда, қазақ тілінің мәселесі өз шешімін оңтайлы түрде тауып келе жатқанын айтты.

Ербол Шаймерден бұл сөзіне мысал ретінде, 1990 жылдардың басымен салыстырғанда, қазіргі кезде Қазақстанда қазақ тілді мектептердің саны біршама көбейгенін келтірді.

Бұл президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ тілінің болашағы – қазақ тілінде дейтін сөзінің жанды екенін көрсетсе керек, – деген Ербол Шаймерденнің сөзі лық толы залдағы жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Осыдан кейін Ербол Шаймерден сөзін аяқтап сахнадан кетуге мәжбүр болды.

АНА ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЙЫ «СЫЙЛЫҚ»

Қазақ тілі жиынының соңында жиналған жұртшылықтың атынан Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың атына хат жолданды. Егер президент осы хатқа жауап бермесе, онда қазақ тілі үшін күресті одан әрі жалғастыратындарын мәлімдеген «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов қазақ тілін меңгермеген шенеуніктер мен басқа да азаматтарға берілетін жаңа сыйлық тағайындалғанын жұртшылыққа хабарлады.

Бұдан былай біз, мемлекеттік тілді менсінбейтіндерге мәңгүрт деген атақ шығардық. Міне, сол атақты өз ұлтына тас атқандарға, ұлттық мүддеге қарсы мақала жазғандарға, шетелге шыққанда өз тілін білмей, орысша сайрайтын басшыларға береміз. Алдағы біздің ең басты мақсатымыз – ұлтты сақтап қалу, тілді сақтап қалау, әйтпесе, бәріміздің құнымыз көк тиын, – деді Мұхтар Шаханов.

 
 
Қазақ тілін қолдау жиынына келген жұрт Республика сарайына лықа толды. Алматы, 20 қыркүйек 2009 жыл. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының қорындағы сурет. Алайда, жиынғы қатысушы жазушы-журналист Жүсіпбек Қорғасбек қазақ тілінің мәселесінде тек қана билікті кінәлі етіп көрсету дұрыс емес деп санайды. Оның ойынша, мемлекеттік тіл мәселесінің бүгінгі тағдырына тек қана билік емес, әрбір Қазақстан азаматы жауапты әрі қазақ тілі мәселесінде ел бокүйездік танытып келеді.

– Ұлт тілінің алдында бәріміздің мойнымызда су түбіне тартып кететін қара тас байлаулы тұр деп айтуға болады. Қазақ тілі мәселесінің алдында ешкімнің ақпын, пәкпін деуге қақысы жоқ. Тіл мәселесін шешуде жаңа бір тетік таба алмай жатырмыз. Оған мына жиында сөйлеп жатқан адамдардың да, үкіметтің де ақылы жетіп жатқан жоқ. Бұл жерде бізге баяғы қанға сіңген ауыз бірлігіміздің жоқтығы кері әсерін тигізіп отыр, – деді Жүсіпбек Қорғасбек.

Оның айтуынша, мұндай тіл туралы жиындар тек іштегі қыжылды шығарудың бір тәсілі ғана.

Ал, ақын Темірхан Медетбек болса, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған ашық хаттан нәтиже болады дегенге сенбейді.

– Ашық хат жазған екен деп, үкімет қазақ тілінің мәселесіне білек сыбана кірісіп кетеді дегенге мен де сенбеймін. Егер халық жаппай ереуілге шықпаса?! Ол да болуы мүмкін. Халық бізден, зиялылардан, Мұхтар Шахановтан соны талап етуі мүмкін. Керек болатын болса, билік соны керек етіп отырған шығар. Ең бастысы, мұндай жиындар халықтың етін өлтіріп алмас үшін керек. Үкіметтің бұл мәселеге құлақ аспайтынын онсыз да білеміз, – деді Темірхан Медетбек.

Алматыда қазақ тілінің мәселесі сөз болған жиын қыркүйектің 20-сы күні қала бойынша өткен қала күні мерекелік шарасына дөп келді. Республика сарайының ішінде мемлекеттік тіл мәселесі қаралып жатқан кезде, сарайдың дәл алдында Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырған қала күні мерекелік шарасы екі тілде өтіп жатты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Самен Қайдан: коммунизм щыңы
21.09.2009 20:14
+0 / -0
Мен бұрынғы Семей обылысында туғам әлі күннге дейін білем бізде Аякөз ауданында 1992 жылға деін, іс қағаздары қазақ тілінде болды.Ал енді егемендік ала сала -салып бастықтар ауысқаннан кеиін бәрлық іс жұмысы орысшаға ауыстрылды.Міне бұғанда 20 жыл болып қалды.Казырғы уакқытта қазақша оқыған балаларға жол жоқ, өйткені жұмыстың бәрі орысша. Қазақстан да тек қана казакша сөйлетіндер өз құқықтарынан кеміттіліп отыр.Ал енді үстілегілердің мне қазақ тіліне ауысамыз деген бос сөз.:Жақында қазақ тілі өлетін шығар егер осы саясат жалгаса берсе бұнымен бірге қазақтарда.

Кімнен: Алтынай Қайдан: Астана
21.09.2009 23:28
+0 / -0
Еркек емес ез екенсің өзі. Қазақ тіліндей бай, әдемі тіл өледі дегенге аузың қалай барады. Одан да оның қолданысын кеңейтуге, жандандыруға тырыспайсыңдар ма? Қазақтың қанша ер-азаматынан осындай сөзді естіп, олармен айтысқаным бар. Қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Бауыржан Момышұлы сияқты ірі тұлғалар қалмады ғой, шіркін. Ұлттың намысы мықты болуы тиіс ерлеріміз осылай айтып отырғанда, басқа ұлттың өкілдері не демейді?! Одан да ояныңдар, ең болмаса көрші өзбектен үйрену керек, өз тіліңде қалай өзің түгіл өзгелерді сөйлетуді. Жігіттер ұсақталып кеттіңдер ғой, не болды сонша? Тектерің мықты емес пе еді?

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
22.09.2009 08:33
+0 / -0
Осыдан үш жыл бұрын ОҚО-ның Ленгір ауданынан келген 18-19 жасар шамасындағы ҚР-ның азаматы болып есептелетін өзбектің баласымен құрылыста жұмыстас болдым. Ол бала қасындағы өзбек балаларымен үнемі өзбек тілінде сөйлеседі. Ал мен аздап болса да өзбекше білсем де, ол балаға қазақтың тілімен ғана сөйлеймін. Өйткені, олардың Оңтүстік Қазақстанда тұратындықтан қазақша сөйлей алатынын білемемін. Бір жолы ол менің барлық жағымнан осал емес екеніме риза болғанын айтып, әңгімесін әрі қарай таза қазақ тілінде жалғастырып, маған тіл туралы мына әңгімені айтып берді: "Мен, мектеп бітірген жылы ағам мені Ленгір қаласындағы колбаса, балмұздақ шығаратын зауытқа жұмысқа тұрғызды. Ол жерде жұмыс істейтіндердің көбі басқа ұлттың өкілдері болғандықтан бастапқы кезде олар маған орысша сөйлей бастады. Ал, мен орысша сөйлегендерге түсінсем де, түсінбегенсіп жауап қайтармаймын, тек қана өзбкеше сөйлеймін. Ақыр аяғында олар маған өзбекше сөйлей бастады, бір жылдан соң мен зауыттағы орыс-кәрістерінің барлығына өзбекшеге үйретіп қойдым" деп өзіне риза болып тұрды. "Қазақтың балалары неге сендей емес?" деп сұрасам, ол айтады: "Қазақтың баласынан бұрын үлкендері, әке-шешесі, кемпір-шалдары, оқыған азаматтарының өздері жалтақ, жақсылық іс істеуге, күтуге шыдамай, "әй" деп кете береді. Шыдамсыз болғандықтан олар отбасында балаларына дұрыс тәрбие бере алмайды" деп, үлкен, өмірді көрген адамдай біздің халқымыз үшін қиналып тұрды.
Өзін қазақпын деген, өзін сыйлайтын азаматтарға, менің және жап-жас өзбек жігітінің әрекетін ең болмаса бір рет қайталап көруіне ұсыныс жасаймын. Одан кейінгі сезімдеріңді, пікірлеріңді ортаға салайық. Сүйтіп, сөзден іске көшіп көрейік.

менімен

Кімнен: Нағашыбай Қайдан: Алматы
22.09.2009 09:24
+0 / -0
– Ашық хат жазған екен деп, үкімет қазақ тілінің мәселесіне білек сыбана кірісіп кетеді дегенге мен де сенбеймін. Егер халық жаппай ереуілге шықпаса?!
----------------------------------
Өте дұрыс айтасыз Медетбек аға. Бір адамның атына хат жазуға шаршамайтындарына таңым бар... Қазақ тілін көгертетін болса, 20 жыл билікте отыр ғой... Бәленің басы қайдан басталатынын жиында сөйлегендер нақты айтқан жоқ па еді... Айналып келіп, ашық хат жазайық дейді... Неткен сорлылық... Бұл хатты тапсырамын деп қанша жүрер екенсіңдер... Жауабын да ХХІ ғасырда ала алмайтындарыңа сенімдімін...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
22.09.2009 09:42
+0 / -0
Алтынай шындықты бетке басып айту ұсақталу емес..Ауруын жасырған өледі дейді қазақ атаң. Сенің құр босқа дандайсып көкбет мінез көрсеткеніңнен іс алға жылжымайды. Әр ұлт өзінің тегін мақтайды. Сен демагогиямен шұғылданба.. Алтынай деп атыңды анаң қойған екен, ендеше айдың бетіне бұлт түсірмей.. ойланып сөйле...

Кімнен: Радикал
22.09.2009 10:41
+0 / -0
Барлық пәле біздің қарттарымыздан, кеңес одағы кезінде орысша сайрап өз қазағын менсінбеп еді, енді бір керемет қолынан келмеді деп шати береді. Жігіт болсаңдар болыңдар. Қорқақ, жуас, басқаның көңілін аулап жүрген, атаққұмар немелер. Енді жастардың намысы жоқ дейсіз. Жақын арада осылай жалғасса, радикалды ағымдар шығатынына мен сенем. Әрине ондай болмағанын қалаймын, егер жол жоқ болса, радикал да болармыз!!!

Кімнен: Мырқымбай Қайдан: Керекуден
22.09.2009 12:08
+0 / -0
Қазақстанда билік өзгермей, қазақ тіліне жол жоқ, осыны түсінетін уақыт жетті. 20 жыл өтседе Заңның орындалмауына кім кінәлі, әрине билік. Заң орындалмаған мемлекетте қандай тәртіп болады, айтыңдаршы ағайын.

Кімнен: Секербай Қайдан: Тараз
22.09.2009 14:19
+0 / -0
Осы Патшаңмен отыратын болсаң жарқын болашақта, хатқа жауапты келесі ғасырдың басында алып қаларсыңдар қадірлі ағайын.

Кімнен: Айқап Қайдан: 1915
22.09.2009 18:16
+0 / -0
Хат жаза берсін,ештеңе істемей кол қусырып отырғаннан жаксы.
Шаханов алғаааа!!!!!

Кімнен: Қазақстан орысы Қайдан: жамбыл
22.09.2009 18:29
+0 / -0
Алдымен үкімет басындағы ағаларымыз қазақша сөйлесін,сосын барлығымыз өздігімізден қазақша сөйлейміз,орыс болсамда қазақтардан жақсымын,балаларым қазақша оқып жатыр......

Кімнен: Алаш Ордашы Қайдан: Маңғыстау
22.09.2009 20:37
+0 / -0
Кімнен: Қазақстан орысы Қайдан: жамбыл
22.09.2009 18:29
Алдымен үкімет басындағы ағаларымыз қазақша сөйлесін,сосын барлығымыз өздігімізден қазақша сөйлейміз,орыс болсамда қазақтардан жақсымын,балаларым қазақша оқып жатыр......
------------------------------------------
орыс сен ҚАЗАҚТАРДАН жақсы емессің.ҚАЗАҚТАР әлемдегі ең жақсы,ешкімге жамандық жасамаған бейбіт халық!.Байқап сөйле.Сен тек тілін білмейтіндерден жақсы шығарсың.
"Алдымен үкімет басындағы ағаларымыз қазақша сөйлесін,сосын барлығымыз өздігімізден қазақша сөйлейміз"-дегенің дұрыс.

Кімнен: Kazak kyzy Қайдан: Alystan
23.09.2009 02:12
+0 / -0
Men kazir chet elde zhurmin. Munda kyrfyz, ozbek, turik azamattaryn kezdestirgende kazaksha soilesip, okinishtisi,ozimizdin kazahtar kezdesse orysha soileidi. Afylshyn,orys tilderin bilgende, nege ana tilinde soilemeidi? Mensinbeidi, namys zhok. Budan askan korlyk bar ma?

Кімнен: Оқырман Қайдан: Астана
23.09.2009 10:47
+0 / -0
Жуырда автобуста екі орыс қызы әжептәуір қазақша сөйлеп тұр екен. Таң қалып қарап тұрған айналасындағыларға екі қыздың бірі: "Сіздер бізге неге олай қарайсыңдар? Сіздер (қазақтарға айтқаны ғой) орысша сөйлегенде біз таң қалмаймыз ғой" деп әдемі әрі батыл жауап бергеніне расында риза болдым.
Тағы бір оқиға: Анастасия деген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қазақ ертегілерін ғана оқитынын және балаларына да соны оқытатынын айтып отырғанда, үйлерінде шетелдің мультиктерінен көз алмай қарап, уақытын тосып отыратын қазақ балалары есіме түсіп риза көңілім су сепкендей басылды. Неге қазақ ертегілері деп сұрағанымда, ол: "қазақтың ертегілері адамгершілікке, жақсылыққа, бауырмашыл болуға, тәртіптілікке баулиды, ал орыс ертегілері балаларды эгоизмге көбірек итермелейді" деп жауап қатты.
Жуырда корейлердің қазақ жеріне аяқ басқандарына 72 жыл, ал Астанада корей ұлттық орталығының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты кеш өтті. Кеш қазақ тілінде амандасумен басталды, лебіздер қазақ, орыс, корей тілдерінде айтылды, кеш тартымды өтті, мен қазақша сөз естімейтін шығармын деген ақылға қонымсыз оймен барғаныма тіпті ұялып та қалдым іштей, қазақша сөйлеп, тілегімізді, ойымызды ана тілімізде жеткізсек барлығы да түсінеді.
Отан отбасынан басталады, отбасына ие бола алмай отырғандар қаншама...?

Кімнен: Алтынай Қайдан: Астана
23.09.2009 15:06
+0 / -0
Тәкеңе, шамаңызға тиіп кетсе, кешірім өтінем. Бірақ, ер азаматтардың тіл өледі деп байбалам салғанына не жорық?! Одан да әрекет ету керек, құр пессимизмге салынбай, намысты ояту керек. Менің таң қалатыным, қазақ жігіттері үнемі осылай тіл өледі деп ауыздары қисаймай айтатын, оны айтудың өзі намыссыздық қой. Бірде-бір қазақ қызынан естігем жоқ, тілді артқа тартып сөйлегенін. Тіпті түрік қызы Асылы Осман апайымыз қазақ тілі ешқашан өлмейді, намысы мықты адамдар оны өлтірмейді деп келеді.

Кімнен: Diaspora Qazagy Қайдан: Ewropa
23.09.2009 22:40
+0 / -0
Shygys Turkistannan qashqan Qazaqtardyng bir jetim balasy Pakistan jerinde qalyp qoiyp 40 jildai qoi bagyp jalgyz omir suripti. Sol bala tauga-tasqa soilep, koris aityp 40 jyl qazaq tilin umytpagan. Keiin Turkiaga kelip qaitys bolgan Oraz degen sol agany kozimiz korgen. Qazaq jerinde jurip tildi umytsangdar, odanda korge kiringder. Qudai atsyn ondailardy. Omirde Oraz aga sekildi jalgyz jurip kun kesshemde umtypaspyn seni anamnyng, atamnyng tili, Qazaq tilim.

Кімнен: Hitayby Қайдан: ileden
24.09.2009 16:32
+0 / -0
«теріскен» деген адамның тіліне шығатын сулы жара болады. соны қазақы былай жазады. тіліне теріскен шығушы: « тіліме теріскен шықты?» деп үш реттен алты рет айтып шығады. ал жанындағы: үші адал, үш арамның «артын» айтып, «пәлен малдың к..ті…» деп жиіркендіреді. ең соңында: «бұл тілім қәйтсем жазылады?» деиді теріскен шығушы. сонда қасындағы: «алай- бұлай қарасаң, пәленбәйдің к...тін жаласаң жазылады» деиді. «ойбу… қайран тілім боқ болды, құйыршығым жоқ болды… тфу…тфу…» деп жұрегі айнып жиіркеніп, тітіркенген соң, ертесі тілді тескен теріскен өздігінен жоқ болып кететін. ал, біздің «мәңгүрттер» жиіркенуден кеткелі қашан? сосын да жазылмайды да… қазақстанда әлі күнге деиін дамханаларда «халал» деитін белгі жоқ, мұсылманбыз ба? ауру әспен кіреді деиді ғой, қаракиіктің құлағы мен қазақ қойдың құлағын парықтаған күні «тіл теріскеніміз» жазылатын шығар.

Кімнен: Бота Қайдан: Алматы
24.09.2009 16:33
+0 / -0
Мен 20 қыркүйекте болып өткен "Тіл акциясына" қатыстым! Негізінде осылай қазақ жастарының рухын көтеріп,әрдайым қолдау көрсететін Мұхтардай ағалар көп болса,қазақ тілі де,қазақ халқы да өлмейді!Алайда осыны түсінетін жастар саусақпен санарлықтай! Қазіргі уақытты әртүрлі шет елдік идеологияның құлына айналып бара жатқан жастар саны көбірек! Ашық хат жауапсыз қалады деген Темірхан ағаға толық қосылам!Өйткені өз ана тілі үшін қам жейген билік басшыларын көрмедім! Билік басшысы тұрмақ "Жасанды көсеміміз" Елбасы да қазақша сөйлеуге қиналып,салемін қазақша бастап,жолдауын орысша аяқтайды!Масқар!!!!Мен әлемде шет елге шыққан уақытта ешқандай президенттің өзге тілде сөз сөйлегенін көрмеппін! Тек біздің Елбасымыз орыс тілінде сайраған кезде,Ресей халқының депутаттарының бірі ме деп қаласын?"Балық осылай басынан шіріп жтса",болашақ ұрпақтың халі нендей болмақ! Мәңгі ғұмыр кешетІн ешкім жоққой! Елбасымыз артына жақсы сөз,жағымды пікір қалдырғысы келмей ме қалай? Сансыз сұрақтар мазалайды мені..."Мәңгілік диктаторлардың" жеткені жері мен алған асуы белгілі ғой! Ең құрмаса болашақ ұрпаққа қалдыратын рухани мұрамыз қомақты болса екен, Ей, Алла! Алла жар болсын ана тілім деп еміренген ел ағалары және зиялы қауым өкілдері!!!!

Кімнен: Диана Мұқан Қайдан: Қарағанды қаласы
29.09.2009 11:09
+0 / -0
Менің ойымша,бұл жиында айтылғандардың барлығы бос сөз.Өйткені жоғары лауазымдағы "Ивановша" сайраған билік иегерлеріне тек мәңгүрт атағын ауызша тұрғыда емес,оны жазбаша түрде аңықтама жазып беруі керек.Қызметтерінен айырылғылары келмесе ,әрине ана тілімізді қорламайтын болады.