Тыңдау

Қазір әуеде

Кешкі бағдарлама

Келесі бағдарлама




Мультимедиа


 

Қазақтар - әлемде

Еуропадағы қазақтар балаларының болашағын тек Қазақстанмен байланыстырады

Абдулқайым Кесіжі, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы. Германия, Мюнхен, 7 қаңтар 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.

13.01.2010
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Өз ұрпағының ана тілден мақрұм буынға айналғанын қаламайтын Еуропа қазақтары балаларына қазақ тілінен дәріс беретін ұстазға мұқтаж екендерін айтады. Олар жастардың атажұртқа келіп, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосса деп армандайды.


БАСТЫ МӘСЕЛЕ – ТІЛ

Былтыр Лондонда өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайында Еуропаның 10 мемлекетіндегі қазақ мәдени-орталықтары бірігіп Еуропа қазақ қоғамдары федерациясын ресми тіркеуден өткізгендігін мәлімдеген еді. Содан бері бұл федерацияның мұрындық болуымен Еуропадағы қазақ жастары екі рет құрылтайға жиналды.

Бірі – сәуір айында Германияның Мюнхен қаласында, екіншісі желтоқсан айының соңында Швецияның Вестерос қаласында өтккен бұл жиындарда жалпы Еуропа елдеріндегі қазақ жастарына қатысты толғағы жеткен мәселелері көтерілген болатын. Басқосуға Еуропа елдеріндегі қазақ қоғамдарының басшылары, басқа да мүдделі топ өкілдерінен 60-тан астам адам қатысқан.

– Әрине, басты мәселе – тіл мәселесі. Біздің жастарымыз өздері тұратын елдердің тілімен қоса, түрік тілінде сөйлейді. Қазақ тілі солардың көлеңкесінде қалып барады. Соңғы буын түрік тілін де ұмытты, енді тек еуропа елдерінің тілінде сөйлеу белең алып барады. Сондықтан, біз Швециядағы бас қосуда осы мәселені қалай шешуге болатындығын, қандай шаралар қолдану қажеттігін жастардың өз аузынан естуді жөн көрдік. Олар интернет, телеарна, диск, т.б. да көрнекі құралдардың тіл үйрету құралы бола алмайтындығын айтады. Сондықтан,
Алдағы уақыттағы мәселе – мұғалім жалдау болып тұр. Ең бастысы бізге сауатты әрі өз ісіне маман мұғалім керек.
бізге білікті мұғалім керек. Ал, оның жалақысын қалай тауып береміз? Еуропа жастарының проблемаларын талқылағанда осы мәселелер көлденең шықты. Оны шешудің жолдарын іздестірудеміз, – деді Швеция Қазақ қоғамының төрағасы Ибрагим Құсшы.

Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдулқайым Кесіжіден бұл шаралардың тиімділігі жайлы сұраған едік.

– Әрине, біз бұл басқосу шаралары арқылы ондағы қазақ жастарын қазақша сөйлетіп жібереміз деп айта алмаймыз. Бірақ, осындай бас қосулар Еуропадағы жастардың ұлттық рухын оятуға өз септігін тигізеді. Балалар өзара қазақша сөйлесуге талпынуда. Өткенде конференцияға Қазақстаннан бір профессор келген еді. Сонда бір қазақ баласы ағылшын тілінде «Бұл жолы сізбен қазақша тілдесе алмадым, келесі келгенде иншалла, сөйлесемін деген үміттемін» деп ағынан жарылды. Демек, бұл шаралардың тиімділігінің өзі осында – қазақ балаларының қазақ тіліне деген ынтасын оята білгендігімізде. Алдағы уақыттағы мәселе – мұғалім жалдау болып тұр. Ең бастысы бізге сауатты әрі өз ісіне маман мұғалім керек, – дейді Абдулқайым Кесіжі.

ЕУРОПАДАН АТАЖҰРТҚА 

Англиядағы қазақ қоғамының басшысы Исмаил Кесіжі Еуропадағы қазақ жастарының ендігі тағдыры Қазақстанмен байланысты екендігін айта отырып, жастарды Қазақстанға жіберу және онда жұмысқа орналастыру мәселесіне маңыз бергенін жеткізді:

– Еуропадағы қазақ жастарының Қазақстанмен байланыс мәселесін және оларды жұмысқа орналастыру жайын көбірек талқыға салдық.
Оқу орнын енді ғана бітіріп жатқан жастарды Қазақстанға жіберсек, олардың бейімделу мәселесі де жеңіл болар еді.
Қазір Еуропадағы қазақтардың алды 50-ден асып кеткендер. Олардың Қазақстанда жұмыс істеуіне, орналасуына мүмкіндік аз. Ал, оқу орнын енді ғана бітіріп жатқан жастарды Қазақстанға жіберсек, олардың бейімделу мәселесі де жеңіл болар еді. Қазақстан қоғамына дендей еніп, сіңісіп алғаннан кейін олар ата-аналарын шақырып алуға мүмкіндік алар ма еді? Біздің бұл қадамымыз өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Лондондағы Кардифф университетінің докторы Ахан Отыншы Қазақстанға кетті. Ол онда университетте сабақ беретін болады. Бұл біздің Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының жасап жатқан алғашқы жұмыстары, – дейді ол.

Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдулқайым Кесіжі мырзаның мәліметі бойынша Еуропада 10 мыңнан астам қазақ диаспорасының өкілдері тұрады.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: бек Қайдан: астана
13.01.2010 19:22
Еуропадағы 10 мың қазақ дегеніміз теңіздің бір тамшысы ғана ғой. олар шын мәнінде еліне, атажұртына келем деп жүрген жұрт емес. олар қазақ үшін жоғалған буын. келгілері келсе баяғыда ақ келер еді.Қазір қазақ әйелдері жылына 250 мың бала тауып жатыр. сонда олардың орындарын толтыру үшін біздің әйелдерге жарты-ақ ай "жұмыс істесе" жетіп жатыр.
қытайдағы, моңғолдағы қалың қазақ аман болсын... Тәуба!!!!

Кімнен: Салтанат
13.01.2010 21:17

Шеттегі қазақтар елді аңсаса, елдегі қақатар шет елге қарап, аузын ашады. Өз тілін үйренудің орнына. Ал оларға бүгінгі қазақ киносы қалай әсер етіп жатыр, бүгінгі киношылардың жасап жатқан дүйниесі туралы мына бір мақаладан оқып, ашуым келіп отыр. қазақтар, қазақ киносының бүгінгі деңгейі шынымен де қайда барады. Бекболаттың мына мақаласы ауыр сын ғой, түсінген адамға.--------
Құр айғай, бақырған құлаққа ән бе екен,
Өнерсіз шатылған кісіге сән бе екен».
Абай
Әй, кино түсіргіштер, мысалды өнерден келтірейін. Консерваторияда сабақ бергенім бар еді әннен. Сонда табиғатынан дауыс боя­уы солғын, тынысы тар, кенеуі кем балалар келетін. Түскісі келеді-ақ байғұстың, амал не, түк жоқ. Аяйсың. Құдай бермегенді пенде беруші ме еді? Дәрмені болмаған соң, әлгі жазған назар аудармаққа көзі бадырайып, тамыры адырайып, айдары қалшылдап, тізесі дірілдеп, балапан әтеш құсап дарылдап бағады. Сөйтеді де, ешкімге зияны тиместен ауылына қайтады. Сол секілді не болды сендерге? Әне бір режиссер әйел туғалы жатқан әйелді зорлатады, анасын буындырып өлтіртеді. Әне біреуісі кіш еткен балаға пленканы қор қылған. Туған қызын зорлаған әкені түсіргеннің есінің дұрыстығына күмәнім бар. Құзғын, қодас, ешкімен ерек­шеленемін деп Өрмек байғұс жүр. Назар тарту үшін соншама төмендеп, арларыңды сатып, не көрінді бейбақтар-ау. Іштеріңдегі дүние сол ма? «Қазанда не болса, шөмішке сол ілінеді» деуші еді. Кекілі дірілдеп ән салған талапкер еске түседі. Ниет бар да, дарын жоқ. Ал назарға іліктіңдер. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?!
Жезтаңдай ән салғанда, жүзі нұрланып, тыңдаушысының жанын ләззатқа бөлейді. Маржандай тісінің арасы ашылғанда, сұлу үн өзі төгіледі. Мұны қазақ дарын дейді. Дарынсыз байғұс дәрменсіз келеді. Дәмесі зоры мүсіркеуге ғана лайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Күйінген-түңілген
15.01.2010 13:44
Салтанат, сен де мен секілді күйінеді екенсің.

Кімнен: Махсат Қайдан: Қазақстан
13.01.2010 22:06
Абдулқайым Кесіжі мырза, сіз көтеріп отырған мәселе өте дұрыс. Алманиядағы қазақ жастарының немісше сөйлеп қазақшасы қиындау болғанын іс-сапарға барғанда өзім көрген едім. Еуропада қазақ білім-мәдениет орталығын ұйымдастыру дұрыс еді. Қолымнан келер іс болса, көмек жасайын.

Кімнен: Рауан Қайдан: Астана
14.01.2010 00:59
МашАлла!! келсин казактар!! жиылсын!! Елимиз ныгаййсын,оркендесин!!

Кімнен: Sayan Қайдан: Almaty
14.01.2010 09:56
10min bolsin, 10 bolsin, kazaktardin atamekenge oralgani ote jon. onin ustine europalik kazaktar jai kazak emes mongoliada koi baghip jurgen, olar asa bilimdi, europlalik alghatartpa kozkarasti bauirlarimiz. olardin elge oralip, osi jerde konistansa, enbek etse, onda kosatin ulesteri zor. arine kai kazak bolsa da oz eline oraluina eshkim de karsi bola almaidi. Kelinder, turindar, orkendender baindar jane tuindar. Biz jergiliktiler tek kana kunamiz!!!

Кімнен: шетелден
14.01.2010 15:56
Абдулқайым Кесіжі мырза!
Сізбен қалай хабарласуға болады екен. Бірнеше ұсыныстарым бар, өзім қазақ тілі маманымын.

Кімнен: қазақ тілі оқытушысы
15.01.2010 17:37
Құрметті редакция!

Абдулқайым Кесіжі мырзамен қалай хабарласуға болады? Бірнеше ұсынысым бар. Жауап күтем.

Кімнен: Жанна
15.01.2010 19:19
Еуропадағы қазақтардың жанайқайы әбден орынды.. Оларға көмектесу біздердің парызымыз. Мен қазақ тілінің маманымын, қолымнан келгенше көмекке дайынмын. Ал тіл мәселесі Қазақстанда да сын көтеретін емес, қазір жастар арасында шалажансар қазақ тілі қалыптасып келеді. Себебін, білім беру жүйесінің дұрыс еместігінен деп түсінген дұрыс. Қазіргі білім жүйесі әбден тұралаған. Өтірік мақтанмен келеміз... онымен алысқа бармаймыз, шала сауатты мұғалімдер қазір мектептерге барып жұмыс істей бастады. Табақтай дипломы бар қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, "Абай жолын" оқымаған. Қайдағы Абай тіпті кітап оқымайтын пенде. Ондайлар өте көп. Жас мамандардың қай салада болмасын білімдері өте төмен. Тек мұғалімдер емес, КазГУ-дің журналистикасын бітіріп келгендер Қадір мен Дулат Исабековты танымайды. Осыны көрген кезде тұншығып қалдым, айтарға сөзім болмады. Не істейміз???

Кімнен: Жанна Қайдан: Қазақстан
15.01.2010 19:53
Еуропа қазақтарының жанайқайын әбден түсінемін. Оларға көмек беру- біздің парызымыз. Себебі, қазіргі кезде көмек беретін жағдайымыз бар.
Енді біраз уақыттан кейін оларға көмектеспек түгілі, өзіміз кімнен көмек сұрарымызды білмей қалатынымыз анық. Себебі, қазір табақтай диплом алып шығып, мектепке барып жатқан мұғалімдердің өзері "Абай жолын" оқымаған, қайдағы Абай, мүлдем кітап оқымайтын пенделер.Қаз. МҰУ-ді бітіріп келген журналистердің Қадір мен Дулат Исабековты танымайтындарын көрген кезде, тұншығып қалдым... не істейміз??? Білім беру жүйесі әбден жұлмаланып бітті. Он-ақ жыл қалды, сосын білімді мұғалімдердің бәрі зейнетке шығып кетеді. мақау мұғалім, мақау дәрігер, мақау, инженер, мақау есепші... солай кете береді... Тұралаймыз... сосын қайтып тұра алмаймыз.
Абдулқайым Кесіжі мырза!
Мен қазақ тілінің маманымын қолымнан келгенше көмектесейін.
Пікір алмасу

Кімнен: Білгіш
15.01.2010 23:28
Кеңес Одағының кезінде қазақтар орыстың "жуан жұдырығынан" қорыққаннан аздап болса да сабағын дұрыс оқуға мәжбүр болатын. "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді"- дегендей, орыс кетіп еді, қазақтар жайлауда жайылғандай бетімен кетті.
Қайда аяқ бассаң да жайлаған сыбайласқан жемқорлық. Бұрын оқу орнының оқытушысы студенттерді емтиханнан құлатпай өткізу үшін топтың старстасы арқылы ақша жинатып алушы еді, енді пара алу тәсілі өзгерді. Қазіргі пара алудың кең тарап келе жатқан түрі, бұрын ойлап-табылып, бырақ кең қолданыста болмаған пара алудың классикалық тәсілі бойынша былай: мысалы сен студент болсаң таныс бір оқытушыны ұстауың керек. Ол саған "крыша" болып жүреді. Беретін параңды сол бір адамға ғана бересің. Сен өзіңнің таныс, сенімді адамыңды сата алмайсың. Сатсаң қарабет боласың. Бұл екі жаққа да өте "қауіпсіз" тәсіл. Оқытушылар өз кезегінде бір-бірінің "қарамағындағы" студенттерге оң көзбен қарайды. Соның арқасында, студент жанын қинап сабақты оқымай-ақ, тиісті оқу орнын қалауы бойынша қызыл дипломға, жасыл дипломға "бітіріп" шыға береді.
Пікір алмасу

Кімнен: Білгіш
15.01.2010 23:36
Ия, Жанна, НӘН-нің "алысты болжайтын, көреген саясатының арқасында", біздің де екінші Ауғанстан болуымызға көп уақыт қалмапты ғой.

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
16.01.2010 09:55
Абдулқайым аға, сіздер атажұртқа қайткен күнде оралуларыңыз керек. Қатты да болса айтайын, ол жақта қазақтың қалып бара жатқан атамекен жері жоқ ғой, ендеше неге ол жақта жата бересіздер? Сіздер таза диаспора қазақсыздар, әуелі ол да емес, өте аз шашырандыларсыздар, бұндай қауымға қазақ елі қаншаға дейін шашылмақ? Көмек десеңіз тек көшіп келуге ғана көмектесу керек, ал басқа жағынан шашылып түк керегі жоқ. Бұл сөзді ардақты ақсақалымыз Хасен Өралтайдың өзі айтқан, Еуропадағы аз қазаққа албаты шашылмаңдар, оданша ана өзбек, орыс, қытайдағы түбірлі қалың қазаққа көп көңіл бөліңдер деп.
Қауымдастық енді Еуропада сондай бұндай шара өткіздік, өткіземіз деп әсте шашылмау керек. Тек көшіп алдыруға ғана күш жұмсаса дұрыс болмақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Гулдана Қайдан: Астана
16.01.2010 11:54
Cалеметсiздер ме !?Абдулқайым Кесіжі мырза! Сiэбен калай хабарласуга болады екен? Казак тiлiн уйретушi-маман едiм.
Пікір алмасу

Кімнен: Сарапшы
16.01.2010 12:16
Қалмұрат! Сен сонша қол-аяғың дір-дір етіп, неге "шашыл, шашылма" деп, артыңа дейін бүрісіп-тырысып қалды? Сенен еуропадағы қазақтар материалдық бір нәрсе сұрап па еді? Сенің бір айлық табысыңды еуропалықтар бір-ақ күнде табады. Сенің Қазақстаның бір жылда табатын табысын еуропаның бір ғана мекемесі бір-ақ жылда табады.Олардың сұрап жүргені рухани байлық. Өзің рухани кедей болсаңда, сол бір қазақтың рухани "байлығын" өздерінің (еуропалық қазақтардың) балаларымен, немерелерімен бөлісуді өтініп сұрайды. Сен еуропада 2-3 жыл тұрып, еліңе қайтып келсең, сол кезде көресің, Қазақстаның, қазағың "күйі" қандай екенін. Сыртқы көз сенің қандай екеніңді сенен жақсы байқайды. Саған майдай жағанын сенің "күйің" олардың көзіне "тарсылдап ұрып тұрады".Сол себептен ғана олар бұл жаққа келуге (сендерден) тура мағанасында қорқады. Олар баяғыдан бері осы интернет арқылы (қазақ тілі мен мәдениетінен басқасын) бәрін оқып-біліп отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: halmurat
16.01.2010 14:46
Сарапшы,
Шетелдегі қазақ екі түрлі: диаспора және ирредиент екенін білесіз ғой. Бұл еуропадағы қазақтар - таза диаспоралар, қалып бара жатқан жері ғой, тек ондағы әжептәуір тірлігін атажұртқа келіп сарп еткісі келмейді. Қазақстанның жақсарғанын күтсе, біріншіде, ондаған жыл керек болады, екіншіде, өздері ана еуропалықтарға әбден сіңіп бітеді, сондықтан "тамұқ-тозақ" болса да атажұртына тезірек оралу керек, басқа амал бәрібір жоқ. Рухани қолдау үшін де ақша керек, айналамыз капитализм болған соң аттап бассаң да ақшаға бәріміз тәуелдіміз. Ақша шығармай рухани қолдау деген болмайды. Сосын мен де сіз айтқандай "сырт көзбін". Бірақ та ирредиентпін. Содан да болып "ит тойған жеріне, ер туған еліне" дегенді әлі күнге дейін елемей келе жатырмын. Әйтпесе баяғыда атажұртқа оралар едім! Иесі көшкен сайын иен қала беретін ол неғылған бос жатқан жерлер!
Сол үшін, мың қытайланып, моңғолданып, өзбектеніп, орыстанып кетсе де Сарытауда, Қажы тарханда, Төмен-Қорғанда, Омбыда, Селебеде, Орынборда, Мырзашөлде, Жызақта, Алтайда, Бай Өлкеде, Іле-Тарбағатайда (Барқытбелде), Құлжада, Баркөл-
Құмылда міндетті түрде біраз қазақ жасау керек. Ертең жеріміз азат болатын заман да туар, бәлкім. Ал мына еуропалықтарда ондай алаңдайтын құндылығы жоқ ғой, тек Қазақстанға салыстырғанда ұжмақтай сезілетін ғажап тірлігі ғана бар...
Бұл үшін ондағы ағайынды жазғыру қиын. Кімде кім жақсы жерде тұрып өмір сүргісі келетіні рас. Бірақ та бірдең осылай еткенің рас болса онда бір нәрсеңді бәрібір құрбандыққа шаласың...
яки тілің мен ділің жоғалып сіңуің керек ол үшін.
Демек, бұл жолда істеген жұмыстан яки сіз айтқандай рухани қолдаудан көп нәтиже шықпайды.
     
Мәтін көлемі - +