Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:20

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Назарбаев туралы мультфильм қарақшыларға пайдалы болды

Шымкентте жергілікті «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» атты анимациялық фильмі дискке жазылып бөлшек саудаға түсісімен видеоқарақшылардың арам бәсекесіне тап болды. Мультфильмнің басты кейіпкері – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Шымкенттік «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі басты кейіпкер - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
x
Шымкенттік «Жебе» студиясының «Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі басты кейіпкер - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәтін көлемі - +
«ПРЕЗИДЕНТ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРГЕНШЕ ЖАНЫМЫЗДЫ ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙІП ОТЫРДЫҚ»

Биылғы жылдың басында жасап шығарылған мультфильмнің әу баста көрермені шектеулі болғандықтан ол қалың көрерменге бірнеше айға кешігіп жетті. Оның өзіндік себебі, мультфильмнің басты кейіпкері – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шығарманы қалай қабылдайтынына тапсырыс бергендер дүдәмал болған секілді.
«Сапа Олимпиадасы» мультфильмінен көрініс: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Кәрім Мәсімов. «Жебе» киностудиясының суреттері.


Бас-аяғы 12 минуттық мультфильмнің құны шамамен 12 миллион теңге [фильмді түсіргендегі бағаммен 100 мың АҚШ доллары]. Анимациялық фильмді жарыққа шығару идеясын сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, бүгінде қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов өзі ұсыныпты.

Анимациялық туындыға тапсырыс берген, әрі қомақты құнын өз мойынына алған шенеунік бұл сыйды алдымен президентке көрсетіп алмайынша, көпшілікке көрсетпеуді ұйғарыпты. Тек фильм Назарбаевқа ұнағаннан кейін, тапсырыс иесі оны көшіріп коммерциялық саудаға шығаруға келісім берген.

– «Мультфильм президентке ұнады» дегенді естігенше, жанымызды шүберекке түйіп келдік. Кейін ризашылығын білдірген Әшімов мырза бізді өз есебінен Голливудқа жіберді. Осылайша, түсімізге кірмеген әлемді өз көзімізбен көріп қайттық, – дейді «Жебе» киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев.

ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ МУЛЬТФИЛЬМГЕ ҚАРАҚШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТТЫ

Сонымен, коммерциялық мақсатпен бөлшек саудаға шығарылған анимациялық фильм енді оны заңсыз көшіріп сата бастаған қарақшылар тарапынан арам бәсекеге кез болды.

– «Сапа Олимпиадасы» мультфильмінің компакт дисктегі алғашқы таралымын әзірлеп шығардық. Бір жағында осы фильм, екінші бетінде «Алтын балық» фильмі жазылған дисктің көтерме бағасы – 550 теңге. Бірақ, қазір бізге қарақшылар қатты кедергі келтіріп жатыр. Қарақшылық жолмен дискіні таратып жатқан олармен біз күресе алар емеспіз. Ал заңды өнімді қарақшылық жолмен дайындап саудаға шығарғандарды әшкерелеуге шағын бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораториий бөгет болып тұр дегенді алға тартады облыстық әділет департаментінің қызметкерлері, – дейді анимациялық фильмді дискте шығарған «АйСиДи рекордс» студиясының директоры Темірхан Асауов.

ФИЛЬМ КЕЙІПКЕРЛЕРІ – ПРЕЗИДЕНТ, ПРЕМЬЕР, ӘКІМ, АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАР

Мультфильмнің оқиғасы мынадай. Қытайдағы жазғы Олимпиадаға қатысуға шақырту алған Қазақстаннан баруға кім лайық дегенді үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен ақылдасқан президент Нұрсұлтан Назарбаев байрақты бәсекеге Оңтүстік Қазақстан облысының азық-түліктері мен құс-жануарларын аттанадыруды ұйғарады.

«Сапа Олимпиадасы» анимациялық фильміндегі жұмыртқалардың жұдырықтасуы.
– Біз бұл мультфильмді қызықты ету үшін, сценариін осылай жасауды ұйғардық. Онда қара жұмыртқа мен біздің жұмыртқа бокстасады. Ал көк алманың құрттағанына қарамастан, шетелдік өніммен салыстырғанда зиянды нейтраты жоқ болғандықтан, тексеруден кідіріссіз өтеді. Ел намысын арқалап барған шымкенттік тауар өнімдері ойдағыдай өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне біледі, – дейді «Сапа Олимпиадасы» мультфильмінің сценарисі Батырбек Дәуренбеков.

Мультфильмде жанкүйер көрерменге Бейжіңдегі сайыстың тікелей көрсетілімін ғарыштан әлі
«Көңілділер мен тапқырлар клубының» ойыншысы президент Назарбаевтың дауысын айнытпай салған, ал сол кездегі облыс әкімі Нұрғали Әшімов фильмде өз кейіпкерін өзі дыбыстаған.
жоғалып кетпей тұрған кездегі «Қазсат» жер серігінің көмегімен тамашалайды.

«Жебе» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің айтуынша, ең қиыны Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсас дауыс табу болыпты. Оған бірталай уақыт кеткен көрінеді. Көп үміткердің арасынан таңдау алматылық «Көңілділер мен тапқырлар клубының» (КВН) ойыншысына түсіпті. Ол президент Назарбаевтың дауысын айнытпай салған, ал сол кездегі облыс әкімі Нұрғали Әшімов фильмде өз кейіпкерін өзі дыбыстаған.

Қазақстанда жоғары лауазымды қызметте отырған басшыларды кейіпкер етіп алған алғашқы анимациялық фильмге көрерменнің сұранысы жақсы екенін байқаған жобаны әзірлегендер алдағы уақытта бұндай мультфильмдерді тағы да түсіруге болатынын айтады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ақиқат Қайдан: Ақорда
26.06.2009 18:56
+0 / -0
Онсыз д жем боп жүрген халықты, азық-түлікке теңегендері дұрыс болмапты...
Бұл жағы да шенеуніктердің көзімен жасалған болса керек..

Кімнен: байқаңдар Қайдан: шымкенттен
27.06.2009 10:42
+0 / -0
"Ойыннан от шығады" дегендей, "қызық мультфильм шығарамыз" деп жүріп, күлкілеріңді жинай алмай қалмаңдар, жігіттер. Біздің шенеуніктерге сенім жоқ, бір күн Бие, бір күн Түйе құсақты олар. Соттың алдынан бірақ шығып, тапқан-тергеніңнің бәрін беріп құтыла алмай қалмаңдар.

Кімнен: халық Қайдан: зоопарк
27.06.2009 11:55
+0 / -0
Сонда президент пен шенеуніктер халықты азық-түлік пен жануарға теңеп солардың тапқан жемісін жеп семіріп отырғаны ма?....

Кімнен: Қарт Қайдан: Қарағанды
27.06.2009 17:32
+0 / -0
Керемет екен!!! Шымкенттіктер ештеңеден қорықпайды осы...жан-жақтың бәрін өздері тойдырып отыран соң шығар...

Кімнен: Кинг конг Қайдан: Мұхиттағы арал
28.06.2009 01:05
+0 / -0
Анимациялық фильмді жарыққа шығару идеясын сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, бүгінде қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов өзі ұсыныпты.Е,БӘСЕ бәрі түсінікті болды!

Кімнен: ArmanKan Қайдан: Almaty
29.06.2009 11:34
+0 / -0
Егер халықты азық түлікке теңесе онда филім сәтті шыққан!

Шыныменде солай ғой. Қәзір Қазақстан халқы азыт түлік одан қалса жан жануарғаой шенеуніктер үшін. Кейде сол жануарлардың сорақсынанда төмен.

Үлкен үлкен ақсақалды аталарға 20-30 дағы шенеунік сияқтылардың зікіргені әрине иттік.

Кімнен: Куралай Қайдан: Алматы
30.06.2009 12:17
+0 / -0
Мультфильмді өзім әлі көрген жоқпын. бірақ естуімше, онда мынадай қызық жері бар екен. Президен Кәрім Мәсімовке былай дейді:"Қытайға спортшыларды сіз апарыңыз. Орысшаңыз да, қытайшаңыз да жақсы ғой" десе, анау "Мен казакша да біледі..." дейтін көрінеді. Күлкілі емес пе. Ал кейіпкер ретінде азық-түліктерді алғанына келсек, онда тұрған ештеңе жоқ. Мультфильм емес пе. Қайта, Қазақфильмге қарап ауызды аша бермей, осы саланы қолға алғандар табылғаны көңіл қуантады.Соларсыз да таң ататынын дәлелдейік.