Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:20

САЯСАТ

Назарбаевтың жеке басына табынушылық халықтың табиғатына да байланысты...

Қазақстан көптен бері Назарбаевтың жеке басына табынушылық жағдайында өмір сүріп келеді дейді президенттің бақталастары. Алайда оның жақтастары әрі партиялық серіктестері, бұл пікірмен келіспейді. Бірақ, жеке басқа табынушылықтың болуына қарапайым халықтың өзі кінәлі деген де пікірлер бар.

Мәтін көлемі - +
Жеке басқа табынушылық деген не, ол қайдан шығады, ол қайда апарады және одан қалай құтылуға болады? Бұл жайында біз мақаланың соңында қазақстандық психоаналитикпен әңгімелесетін боламыз. Ал әзірге сарапшылар мен қарапайым қазақстандықтардың пікірлерін тыңдап көрелік.

Осындай шетін мәселе туралы олар не ойлайды екен? Президенттік тақта көптен бері отырған Назарбаев жеке басқа табынушылық дертіне шалдықты ма, жоқ әлде, оның серіктестері айтқандай, елдің бірінші демократы болып отырған періште жан ба?

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ БАР

Әңгімемізді Нұрсұлтан Назарбаевты сынағаны үшін жапа шеккен тәуелсіз журналист Сергей Дувановтан бастаймыз. Ол түрмеге отырып шықты. Яғни, жеке басқа табынушылықтың құрбаны болды. Оны соттау үшін басқа жағдайды желеулетті.

Бұл тақырыпқа байланысты журналист Сергей Дувановтың өзі былай деді:

– Өкінішке қарай, бүгінде біздің көптеген азаматтарымыз мұндай дертпен ауырады. Ғылыми тілмен айтсақ: бұл обьективті процесс.
Кез келген жеке басқа табынушылық мемлекет басшысының айналасындағылардың оған «сізге тең келетін, сізді алмастыратын адам жоқ» деп мәлімдеуінен басталады. Назарбаевқа қатысты да дәл солай болды. Бұл өте маңызды мәселе.
Сондықтан, мәселе Назарбаевта емес. Ол аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ.

Президенттің бұл дертпен қаншалықты ауырғанын айта алмаймын. Бірақ ол айналадан өзінің бейнесі мен сөздерінен цитата келтірілген үлкен билбродтарды көргенде қандай сезімде болатынын білгім келеді.

Кез келген жеке басқа табынушылық мемлекет басшысының айналасындағылардың оған «сізге тең келетін, сізді алмастыратын адам жоқ» деп мәлімдеуінен басталады. Назарбаевқа қатысты да дәл солай болды. Бұл өте маңызды мәселе.

Назарбаевқа және өзге де сол сияқты билеушілерге президенттердің келіп, кететінін, ал халықтың қалатынын түсінетін уақыт әлдеқашан жетті. Ауыспайтын, мәңгілік ешнәрсе жоқ. Бұл тарих шындығы.

Ғалым, «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының бұрынғы жетекшісі Төлеубек Сейітқалиұлы журналист Сергей Дувановқа қарағанда қатаңдау айтты. Ол тек қазіргі президентті ғана емес, оппозиция жетекшілерін де сынға алды:

– Билікке білімі таяз, құлдық психологиядағы адам келген кезде жеке басқа табынушылық әрқашан гүлденеді. Бүгінде Назарбаевтың жеке басына табынушылық қатерлі деңгейге жетті.

Назарбаев билікке келген бетте-ақ мен және «Азат» қозғалысындағы менің кейбір әріптестерім Назарбаев тек өзінің мүддесін ғана
Назарбаев билікке келген бетте-ақ мен және «Азат» қозғалысындағы менің кейбір әріптестерім Назарбаев тек өзінің мүддесін ғана ойлайды деп мәлімдегенбіз. Айтқанымыз айдай келді.
ойлайды деп мәлімдегенбіз. Айтқанымыз айдай келді.

Ең жаманы – біздің саясаткерлерде мәдениеттің жоқтығы. Нағыз зиялы дегеніміз үш буын бойы зиялы болғандар екенін сіз білесіз ғой. Ал мыналар кім? «Көшеде жүрген пақырды, патша бол деп шақырды» дегеніңіз нағыз осыларға арналған.

Оппозицияның бүгінгі кейбір жетекшілерінде болашақ автократтардың өркендері бүршік жара бастағанын байқау үшін соншалықты данышпан болудың қажеті жоқ. Дәл сол Серікбосын Әбділдин, Жармахан Тұяқбайлар жеке басқа табынушылықпен ауырады. Олар елдегі жағдайды өзгертуге шындап бел буса, бүгіннен бастап ойланулары керек. Ол үшін ең алдымен өздерінен бастаулары керек.

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚПЕН ЖАСТАР КҮРЕСЕ БАСТАДЫ

Студенттер «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 3 ақпан 2009 ж.
Биылғы жылғы ақпанның 3-інде «Рух пен тіл» жастар клубының белсенділері президенттік «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы кеңсесінің алдына барып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табынушылыққа қарсылық акциясын өткізді, содан соң өздерінің үндеулерін табыс етті. Бірақ партиядан өз сауалдарына жауап ала алмады.

Нұротандықтар студенттерді байқамағандай кейіп танытып, үнсіз қалды. Ал жастар шынында да алаңдаушылық білдірген еді.

«Елде дағдарыс өршіп тұрған кезде парламент депутаты Сәт Тоқпақбаевтың Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы үндеу тастағаны қай сасқаны?» деп мәлімдеген студенттер тек депутатты ғана емес, сонымен бірге президентті мақтауда алдарына жан салмайтын білім министрі Жансейіт Түймебаев пен өзге де жоғары дәрежелі шенеуніктерді сынға алды.

Жастардың көтерген проблемасы жайында ойланудың орнына «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының идеологиялық және
Бірақ, мемлекетті құрудағы президенттің рөлі зор екендігіне келісетін шығарсыз. Бұны барлығымыз көріп отырмыз. Мұндай тұлғаны сыйламауға болмайды.
қоғамдық-саяси жұмыстар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Сәменбекова әдеттегідей сырғытпа сөзбен шығарып салды:

«Біз әркім өзінің ойындағыны іркілмей айтатын еркін елде өмір сүріп жатырмыз. Егер студенттер мұндай мәлімдеме жасағылары келсе, олардың өз еркі. Мысалы, біреу президентті жақсы көретіндігін айтқысы келеді ғой. Бұл да сол сияқты. Мұнда тұрған не бар? Мәселе олардың бұны қалай жасайтындығында. Кейбіреулер оны соншалықты сенімсіз, бәлкім ойланбай жасауы мүмкін. Бірақ, мемлекетті құрудағы президенттің рөлі зор екендігіне келісетін шығарсыз. Бұны барлығымыз көріп отырмыз. Мұндай тұлғаны сыйламауға болмайды. Біреулер президентті шектен тыс асыра мақтайды деп ойламаймын».

«Нұр Отан» партиясының көптеген белсенділері, солардың арасында партияның идеологы, президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та бар, шамамен дәл осылай ойлайды.

«Рух пен тіл» клубындағы жастардың бастамасын оппозициядағылар да қолдаған жоқ.

ӨТКЕНГЕ ҚАЙТА ОРАЛУ

Елде жеке басқа табынушылықтың гүлденіп келе жатқандығы жайында біз сұрау салғандардың көпшілігі айтты. Олардың арасында Алматыға түрлі себептермен келген Қазақстанның әр аймағының өкілдері бар.

Кейбіреулері Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарға келгенде онымен кездесудің мүмкін еместігін айтты. Үлкен стадион, алаңдарды билікке қажет адамдарды жинап алдын ала толтырып қояды. «Дәл баяғы совет өкіметі кезіндегідей» дейді сынаушылар.

Түркменстан президенті Сапармұрад Ниязов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев уақыт салыстырып тұр. Ашхабад әуежайы.
Енді біреулердің айтуынша, әкімдер өткізген кез-келген кеңес данагөй, теңдесі жоқ Нұрсұлтан Назарбаевты жер-көкке сиғызбай сыпыра мақтауға ұласады.

Белгілі себептерге байланысты өз аты-жөнін айтқысы келмеген Алматыдағы бір университеттің жас докторанты ғылымда да өткенге оралудың белгісі бар екендігін айтты Азаттық тілшісіне. Бұрын кез-келген ғалым өзінің ғылыми жұмысының, рефератының, баяндамасының басында міндетті түрде Леонид Брежневтің «дана» сөздеріне сілтеме жасайтын болса, бүгінде дәл сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасамай өтуге болмайды. Осыған байланысты жас ғалым былай деді:

– Мен докторлық жұмысымды ғылыми жетекшіме тексеруге берген соң ол жұмысымды жылдам парақтап шығып: «Тақырыпқа байланысты Назарбаевтың сөздерін тауып, оны жұмысыңа енгіз» деді. Мен оған қарсылассам да болар еді. Онда жұмысымның зая кеткені. Сондықтан мен жетекшімнің маған берген кеңесін орындадым. Бүгінде барлық жерде осылай. Жас ғалымдармен сөйлесіп көрсеңіз, олар менің сөзімді растайды.

Қазақстандықтарды жеке басқа табынушылықтан не құтқарады деген сұраққа респонденттердің көпшілігі «бұған тек әділ сайлау ғана көмектеседі» деп жауап берді. Бірақ скептиктер Қазақстанда алдағы он жылдың шамасында бұлай болуы мүмкін емес болғандықтан нұротандықтар, өздері бір кездері таңдап алған жолмен, күннен күнге өздерінің көсемдерін көкке көтеріп, халықты алдап, ақымақ қылып жүре береді деген уәж айтады.

Бірақ жеке басқа табынуды сынаушылардың барлығы бұл «жеке басқа табыну» ойыны ешқандай жақсылыққа әкелмейтінін ескертеді.

ПСИХОАНАЛИТИК ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Біз аталған тақырыпқа байланысты алматылық психоаналитик Анна Құдияровамен әңгімелескен едік.

Қазақстанның психоаналитиктер қауымдастығының президенті Анна Құдиярова жеке басқа табынушылыққа өзінің диагнозын қояды. Батыс экономикасының дамуына психоанализ ғылымының да елеулі үлес қосқандығына сенімді маман психоанализ арқылы жеке басқа табыну сияқты құбылыстың алдын алуға болады дейді.

Анна Құдиярова, Қазақстанның психоаналитиктер қауымдастығының президенті. Алматы, маусым, 2009 ж.
Анна Құдиярова әңгіме жекелеген адамдар туралы емес, ғылыми тұрғыдан алғанда әлгі проблема туралы болатындығын бірден ескертіп айтты:

– «Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді.

Сірә, адамның психикасы солай жаратылған болуы керек. Яғни, көктегі құдай болсын, тайпа көсемі болсын, адам әйтеуір біреуге табынбай, көкке көтермей өмір сүре алмайды.

«Патша айналасымен сыйлы» деген қанатты сөз бар. Яғни, мемлекет, дін қайраткерінің айналасы жеке басқа табынушылықты
Егер қалың көпшілік, халық өз көсемін көкке көтеруді қаламаса, көсемнің қолынан бұл келмес еді. Міне, демократиялық тәртіп орнаған елдерде ондай құбылыстардың жоғалғаны сондықтан.
тудырады.

Психоаналитиканың атасы Зигмунд Фрейд «Мұса және монотеизм» деген әйгілі еңбегінде осы проблема туралы, яғни, құдайларды ойлап табудың, жеке тұлғаларды көкке көтерудің негізі қайдан пайда болатыны туралы айтады.

– Анна ханым, сонда жеке басқа табынушылықтың пайда болуына билікте отырған нақты жеке тұлға ғана емес, халықтың өзі де кінәлі дегіңіз келе ме?

– Дәл солай. Егер қалың көпшілік, халық өз көсемін көкке көтеруді қаламаса, көсемнің қолынан бұл келмес еді. Міне, демократиялық тәртіп орнаған елдерде ондай құбылыстардың жоғалғаны сондықтан. Ол жақта халық пен биліктің арасында өркениетті келісім бар.

– Бүгінгі психоаналитик-мамандар билік басында отырған кейбір адамдарға әлгі проблемадан құтылуға көмектесе алар ма еді? Өйткені, жеке басқа табынушылық салдарынан тек халық қана емес, ақыр соңында сол басшының өзі де зардап шегеді ғой.

– Иә, ерте ме, кеш пе бәрінің түйіні шешіледі. Ақыр соңында бұдан бәрі де ұтылады. Бірақ мұндай адамдарды емдеу үшін, алдымен диагнозын дұрыс қою керек. Пациентті зерттеп, оның бойындағы «жараның» қайдан пайда болғанын анықтау керек. Неге ол билікке, өзін мақтатуға құмар? Міне, диагноз дұрыс қойылған соң, әрқашан емдеуге болады. Жазылмайтын дерт болмайды.

Мен сізге мынаны айтайын. Бүгінде батыс елдеріндегі барлық ірі мекемелерде, мемлекеттік құрылымдарда өздерінің штаттағы психоаналитиктері бар. Олар компания қызметкерлерін ұзақ уақыт бақылауға алады, нақты кеңестер береді, сауықтыру әңгімелерін жүргізеді. Міне, сондықтан да оларда қазіргі кезде Гитлер сияқты тұлғалардың билікке келуі мүмкін емес. Ол жақта саясатта жүргендердің іс-қимылын алдын ала болжауға болады. Әрине, олардың амбициясы жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ, оларда қалыпты, түсінікті амбициялар бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
18.06.2009 01:02
+0 / -0
Жеке басқа табыну қазір көптеп кездеседі. Кез-келген салтанатты жиындар мен атаулы кештерде, түрлі халықтық жиындар, сонымен қатар қай іс болмасын, алдымен Елбасы айтқандай деп бастайды. Бұған сонда елбасы кінәлі ме?

Жоқ, меніңше бұл мақала сипаттағандай, бәленің басым бөлігі халықтың жеке басқа табынып сөйлейтін өздерінде кінә. Мәселен мектептер мен университеттердегі іс-шаралық түрлі жиындарда алдымен, "Президен айтқандай" деген сияқты сөзбен бастау алуы бұл дамымай қалған сана мен сонау кеңес дәуірінен қалған құлдық сана принципінің жаңа қазақи үрдіс болып қалыптасып қалғандығында деуінде деп ойлаймын. Дәлелдейтін болсам, қазір ел басында Назарбаев емес, басқа біреу отырса да бұндай жайттардың болмасына ешкім кепіл бермейді.
Міне, сондықтан неге біз Алаш Арыстарымыздың, Бәйтеректеріміздің болмаса жалған* "Халық жауы" атанып кеткен ұлы аға-апаларымыздың сөздері мен бабаларымыздың аталы сөздерін қолданбасқа.
Енді, не дей аламыз, қазіргінің күні - жағымпаздық кейпінде! Өз санасымен алға жылжи, қазақтың ұлттық мүддесін ойлайтын жан сирек және сирек болуымен қатар бұлардың даусын ести алмайтынымыз өкінішті.

Кімнен: Нұртас Қайдан: Түркістан
18.06.2009 06:12
+0 / -0
Нұржол Назарбаевтың жеке басына табынушы. Бұған сонда елбасы кінәлі ме? Нұржол сиақты жалған патриоттар кінәлі!

Кімнен: Құралай Қайдан: Алматы
18.06.2009 09:47
+0 / -0
Меніңше, құлдық сана-сезімді жою үшін мықты ұлттық идея ерек. бізде ұлттық идеологияның о бастан солқылдақ екені мәлім ғой. Әр азамат өзінің ұлттық мінезін мақтан тұтар болса, жөнсіз жағмси беруге арланар еді. Бірақ, әзірге біз өзіміздің қазақ екенімізді жан-тәнімізбен сезінбейміз. Қкінішті-ақ.

Кімнен: Тәтімпай Қайдан: Елорда
18.06.2009 10:47
+0 / -0
"Халық өзі қандай болса, ол сондай билікке лайықты", деген сөз бар... Жеке басқа табыну тамырын ертеден алады, алғашында көсемдерге, хандарға, патшаға, Бас хатшыға табыну, ал сол үрдіс қазір де өз жалғасын тауып отыр...Яғни, халық бұл дертпен ғасырлар бойы ауырып келеді, ал ол дертпен айығуына биліктегілер де мүдделі емес, себебі, өзіңе көзсіз бағынатын адамды басқару оңайдың-оңайы...Жеке басқа табынудың психологиялық факторларының бірнешеуі мыналар - халықтың өз күшіне сенімсіздігі,себебі басшысыз күні қараң деп ойлайды, өз болашағының қожасы өзі екенін білмейді, "ол басшысының да басшы Аллаһу тағала екенін" түсінбейді,сондай-ақ, ғасырлар бойы сіңірілген құлдық және тобырлық психология . Саясаткерлердің саяси мәдениетімен қатар, халықтың да саяси санасы оянуы керек.Олай болмаса, халықты басқаруға қандай басшы келмесін, олар "ауру қалса да, әдет қалмайды" дегендей қайта бұрынғысына басады.Яғни, "тәуелсіз елде тәуменді емес тұлғалар" көбеюі керек. Сосын халық билікке деген көзқарасын өзгертуі керек, олар бізді жарылқаушы, асыраушы емес,керісінше біз оларды жарылқаушы,асыраушымыз. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған тәуелсіздіктен басталатын барлық рухи және материалды құндылықтарымызды сақтап, көбейту үшін халық қызметіне біз таңдаған менеджерлер, олар сол қызметін мәртебе тұтсын, халық алдындағы жауапты мұратын абыроймен атқарсын, ал халық олардан тиісінше есебін алсын, халық олардың алдында жалбақтамай, керісінше олар халықтың алдында жалбақтасын. Мәселен, сізге бай ата-бабаңыздан мол мұра қалды делік, Сіз сол мұраны, ата-баба аманатын сақтап-көбейтіп келер ұрпаққа абыроймен тапсыру үшін, сіздердің бүкіл әулетіңіз сол мұраның игілігін пайдалану үшін осы іске білгір маман жалдайды. Ол өз ісін жақсы атқарса, басқару мүмкіндігін береді, ал атқара алмаса, басқаны алады, әділ бәсекелі жағдай қалыптастырып, "жүзден - жүйрігін, мыңнан - тұлпарын" таңдап алады...Бұл жерде бай мұрагер - біздің халық, сол мұраны басқару тапсырылған, сол үшін ақысын алатын менеджер - билік...

Кімнен: жанай
18.06.2009 11:20
+0 / -0
Нұржолдың жеке басқа табынушылығына Назарбаевтың кінәсі бар. өйткені Назарбаев мақтан сүйеді, оны мақтамағандар күйеді.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
18.06.2009 14:33
+0 / -0
Құрметті Нұртасаға және Жанайаға, мен өздеріңіздей бір-бірін табалаған күндестерден шаршадым! Менің сөздерімнен қате көріп тұсаңыз, оны дұрыстап бетіме басыңыз, дәлелдеңіз кейін қатемнің орнын толтырарлықтай дұрыс жол нұсқаңыздар! Шамасы азаттықтағы ең жас оқырмандардың бірі мен болармын, себебі жасым он сгізге әлі жеткен жоқ, бірақ та мен барлығы толғандырады. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі демей ме? Біз сияқты жас өскіндерге кішкентайымызда жоғарғы жақты мақтатып, сол жақты жырлатып өскізді, ал жіберіліп жатқан қателіктер мен олқылықтарды естімегенбіз, мен не білсем соны ғана айта аламын (әрине барлығын емес...), сондықтар бір-бірімізді табалағаннан ештеңе шықпайды!

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
18.06.2009 15:25
+0 / -0
Нұржолдікі дұрыс. Шындығында да біздер әлі айтысу, пікірталастыру мәдениетінен мақұрым қалған жандармыз. Біреу басқаша пікір айтса, бас салып жамандай жөнелеміз.Осы сырқаттан арылу қажет. Егер сізге екінші біреудің айқандары ұнамаса, өз дәлеліңді келтір, тұжырымыңды айт, бірақ жеке басқа тиіспе. Тіпті сол адам Назарбаевтың шашпауын көтеріп жатса да кінелама. Мүмкін бұл оның өмірлік ұстанымы шығар. Мықты болсаң жаңағы қателескен жанның оның қателігін түсіндіріп, ұғындыра біл. Әйтпесе жамандай салу, айыптай жөнелу үшін көп ақылдың крегі жоқ.Нұржол інім, осы қалпыңнан тайма. Қашанда өз пікіріңді ашық айтудан қайтпа. Сонда ғана елдіміздің азаматы боласың.Құрметпен, алыстағы ағаң.

Кімнен: Aibolat Қайдан: Atyrau
18.06.2009 22:14
+0 / -0
Naizamenen turtse de, Zhatyrsyn kazakh oiyanbai. Osyndai kalyn uikyny, Bizge berdin,oi Alla-ai....

Кімнен: Халық Қайдан: Ақтау
19.06.2009 06:46
+0 / -0
Нұржолдікі дұрыс емес,ол барып тұрған надан,соқыр,дым білмейтін жалмауыз.Нұржолға елбасының аяғын,артын жала десе бірден ойланбастан рахаттанып іске кіріседі.
Іс­те­ген әр­бір ісі­мізге, бас­қан әр­бір қа­да­мы­мызға, сөй­ле­ген әр­бір сө­зі­мізге ер­тең о дү­ниеде есе­п бе­ре­міз.О дүниеде бәріміз ұлы Аллах тағаланың алдында жауапқа тартыламыз.Жоғарыдағы суреттегі адам да жауапқа тартылады.Елді дұрыс басқармаған басшылар бірінші болып жауапқа тартылады.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Арал
19.06.2009 06:53
+0 / -0
Нұржол әкімшілікте істейтін қойтан болуы керек шексіз жағымпаздығына қарағанда.

Кімнен: Батыр Қайдан: Алматы
19.06.2009 07:02
+0 / -0
Нұржолдікі дұрыс деп пікір жазып жіберетін Нұржолдың өзі.Ааахахахах ұят қайда!

Кімнен: Куралай Қайдан: Алматы
19.06.2009 10:34
+0 / -0
"Нұржолдікі дұрыс емес,ол барып тұрған надан,соқыр,дым білмейтін жалмауыз.Нұржолға елбасының аяғын,артын жала десе бірден ойланбастан рахаттанып іске кіріседі".Ұят екен."Халықтың" түрі осы болса, жетіскен екенбіз... "Азаттықтың" оқырмандары осылай базарлағы әйелдерше аузына келгенін айтып, ұрсысатын болса, басқалардан не қайыр, не жорық... Ал, Нұржолдың сөзінің жаны бар екенін мойындау керек. бір алып-қосарымыз, "елбасы судан ақ, сүттен таза" деген пікір жаңсақ болар. себебі, таяқтың екі ұшы бар, бірі бастайды екіншісі қостайды. Бірақ, сондай үрдісті, яғни, жағымсу, көзге артық мадақтау, т.б. сынды қылықтарға тыйым салса болар еді. Өзі. Егер ол "қой!" десе, жағымпаздар қорыққанына болса да қояр еді. Ал жағымпаздар салған үрдіске ерікті-еріксіз мойынсұнып жүрген көпшілік "ода" айту міндетінен құтылар еді. "Көп деген - тобыр" деп жатады ғой. Олардың басын біріктіру оңай шаруа емес. Оның үстіне "жеке басқа табынумен күресемін" деп үгіт жүргізе бастасаң, "халық жауы" болып шыға келетінің айтпаса да түсінікті. Сондықтан, елбасының бір ауыз сөзі бәрін пышақ кескендей тияр еді. Шіркін...

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
19.06.2009 17:29
+0 / -0
Рахмет барлықтарыңыздың пікірлеріңізге! Ырзамын пікірлеріңізге! Аттарыңызды атағым да келмейді, бірақ өздеріңіздей салиқалы пікірлі, қуыс кеуделі ағаларым аман жүрсін! Біле білсеңіздер, кімнің кім екенін пікірінен-ақ байқауға болады, бұл жерде мені емес, өздеріңізді жарылқап алуларыңыз керек, бірақ Сіздердің өтірік, қу, жалған сөздеріңіз маған АНЕКДОТ сияқты көрінеді, біріңіз "Әкімшілікте істейтін біре ма" деп жазыпсыз, бірақ бұл жерде менің жазған пікірімді оқымай, біреудің сандырағын қоштай салғаныңыз.

Ия, рахмет кейбір аға-апаларыма, бірақ мені қолдап пікір қалдырмауларыңызды өтіне сұраймын, себебі мына қараң қалғыр, садаға кеткір мен үшін Қасиетті, періште ағалардан нақақтан нақақ сөз естіп қалуларыңызды қаламаймын.

Бір мысқыл сөз бар еді: "Көзі жетпей біреуді жайдан жәй балағаттай, аузына келгенін айтатындар тек өзін ғана суреттеп береді" - деуші еді, көз алдыма талай дүниелер елестеп отыр. Мен туралы не жазсаңыздар да, ренжімеймін, себебі жалған сөз менің көңіліме алмаймын!
Ит - үрігенімен жағады деуші еді, мұндағылар не билікке жағарын білмей, не билікке қарсы шығарын білмей, біреуге киліккенді ғана ұнатады ма деп қауіптенемін.

Кімнен: Рух пен тіл
20.06.2009 19:41
+0 / -0
«Рух пен тіл» клубындағы жастардың бастамасын оппозициядағылар да қолдаған жоқ.
дегені мүлде қате. Бізге оппозициялық саяси партиялар да, олардың басылымдары да толық қолдау білдірді. Ақпараттық қолдау білдіргені де бәріне мәлім. Сондықтан мұны дұрыс емес мәлімет деп есептейміз.

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
27.06.2009 00:36
+0 / -0
Елбасым Нұрсұлтанға арнау

Биссмиллаһир раһманир раһим!

Отты жанар күлімдеген,
Кірпікте нұр дірілдеген,
Өң екені, түс екені,
Пәктігінен білінбеген!

Көре алмадым жан баласын,
Сіздей сұлу, мысы басым!
Бар әлемнің жылылығын,
Жинағандай жалғыз басың!

Барқыт мақпал, үнің әуез,
Әрбір сөзің зергерлік тез!
Бір артық сөз, қимылың жоқ,
Жәннат құсы келгендей кез!

Жарым менің, жаным менің,
Жеңіс күнгі бағым менің!
Сарғайтпағай сағыныштан,
Өзің сыйла, жүрек емін!

Кімнен: Айша Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
27.06.2009 00:39
+0 / -0
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ҚАЖЫҒА
АЙШАНЫҢ ХАТЫ

Биссмилла.
Тілегім Сіз, намаз оқып тілеген,
Жүрегім Сіз, сағынумен жүдеген.
Аспаным Сіз, нұр себелеп, аялар,
Баурап алған құдірет ең не деген!

Қабыл болғай Меккедегі дұғаңыз,
Мединеде сәжде қылған Нұр Абыз!
Бес уақыт намазыңнан таралған
Тіршіліктің тамырлары ...Нұр Абыз!

Туған ұлтын тыным көрмей баулыған,
Молшылыққа, тоқшылыққа даулыдан.
Дос түгілі дұшпан сүйген нарқыңды,
Бастауы осы, нұр заманның ауылымнан.

Жаным менің, жүрегімнің іңкәрі,
Арай тұнық, махаббаттың нұр таңы!
Хақ дінімен аялаған санамды,
Тазалықпен ізгіліктің бұрқағы!

Қабыл болғай Меккедегі дұғаңыз,
Мединеде сәжде қылған Нұр Абыз!
Бес уақыт намазыңнан таралған
Тіршіліктің тамырлары ...Нұр Абыз!

/2004 жылдың наурызы/.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қытай
02.07.2009 11:49
+0 / -0
Халықтың ауруы болса онда оны дауалау да биліктің қолынан келеді,бастысы өйткісі келмейді,ұзақ уақыт отыру үшін, халықтың мәңгүрт болғаны билікке пайдалы,халықтың тентек болуын, кемені аударып тастай алатындай күш болып бірігуін қаламайды...сосын
даму, гүлдену, бейбітшілік...дегендер бет берде ретінде пайдаланылады...
адамзаттың билік-болдан тарихы осындай.....
Халықты емдеу керек!

Кімнен: жанай
03.07.2009 21:13
+0 / -0
Нұржол ренжіме, осындаңы пікірлерді жеке адамдікі деп емес, қоғамдағы пікірлердің бір бөлегі деп қараймын, сондықтан жеке басқа қаратып пікір айтпадым. Жеке басқа табыну туралы айтсам, бір адамның бір халықтың атынан ұзақ уақыт сөйлеуіне болмайтындығы дәлелденген, бұл -- аксиома.ійт үреді, керуен көшеді деген сөз сол бійліктегілерге қаратылған, олар түбі бір қалады, бірақ заман жүрісінен жаңылмайды, халық жасай береді.ұзақ уақыт бійліктің майлы басын ұстау сол адамның ішкі кісілік дүнійесіне қатерлі, оның адамдық болмысын ірітеді.
Өзің бір тамаша жігіт екенсің. болашағың алдыңда

Кімнен: Нурлан Қайдан: Porto
04.07.2009 21:16
+0 / -0
Омiрде откен дана патшалар жанындагы жагымпаздарга тиым салып отырган.Бiздiн президенттен ондай кылыкты байкамадым,кайта кулагына майдай жага ма деймiн.Халыкта турган кiна жок.Халыктын аузын какпактап койган.Ат тобелiндей жагымпаз шенеуктердi халык санатына коспай-ак койсак кайтедi?