Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:05

САЯСАТ

Профессор Байдосов өмірлік президент туралы пікірінің дұрыстығына шүбәланбайды

Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру туралы соны бастамасымен соңғы аптада танымал болып үлгерген ақтөбелік профессор Закратдин Байдосов Азаттыққа берген сұхбатында мәңгілік президент идеясы өзін көптен бері толғандырғанын, ал қазіргі жастарға сенімінің аз екендігін айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен профессор Закратдин Байдосов. Ақтөбе, 10 қыркүйек 2009 жыл. Ақтөбелік «Диапазон» газетінің сайтындағы сурет. http://diapazon.tv
x
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен профессор Закратдин Байдосов. Ақтөбе, 10 қыркүйек 2009 жыл. Ақтөбелік «Диапазон» газетінің сайтындағы сурет. http://diapazon.tv
Мәтін көлемі - +
«БҰЛ ОЙ МЕНІ КӨПТЕН БЕРІ МАЗАЛАҒАН БОЛАТЫН»

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге сапары барысында «ерекше» ұсыныс жасау арқылы көпшікке танылып үлгерген профессор Закратдин Байдосов қазіргі президентке өмірлік билікті беру туралы көптен бері ойлап жүргенін айтқан еді. Оның бірқатар себептері де бар екен.

– Закратдин мырза, сіз Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында «ерекше» ұсыныс жасау арқылы бүгінде көпшікке танылып үлгердіңіз. Айтыңызшы, осындай ұсыныс жасауға не түрткі болды?

– Ол көптен бері менің ойымда жүрген еді. Егемендігіміздің 18 жылы ішінде бірнеше рет сайлау өтті. Ал ол сайлауларға үлкен шығын шығады, адам күші кетеді, уақыт кетеді дегендей. Міне, осылардың барлығын ойластырып жүргенімде «осы сайлаудың керегі бар ма?» деген ой келді. Қазіргі кезде Қазақстан өркендеп, дамудың жаңа бір сатысына көтерілудің қарсаңында тұр. Осыдан әрі қарай жалғастыру үшін сайлау өткізбей-ақ президентімізге өкілеттік беріп, әрі қарай билігін жүргізе берсе дұрыс болар еді ғой деген менің өзімнің пікірім. Оны маған ешкім айтқан да жоқ, ұсыныс та жасаған жоқ.

Қазақстанның даму жолында Назарбаевтың үлесі қандай деп ойлайсыз?

– Әрине, Қазақстанның қәзіргі жағдайы... өзіңіз көріп тұрсыз ғой, сіз келісесіз бе, келіспейсіз бе, бірақ менің өз басым – Қазақстан үшін, қазақ елі үшін жасалған тіршілік орасан зор деп есептеймін. Ал енді Қазақстанның қазіргі өсіп-өркендеу қарқыны алдағы уақытта өзінің жемістерін одан да мол береді деп ойлаймын.

«ЖАСТАРҒА ҮМІТ АРТА АЛМАЙМЫН, АЛ ПРЕЗИДЕНТТІ ҚОЛДАЙМЫН»

Закратдин мырза, сіздің ұсынысыңыздан кейін елдегі бірқатар оппозиция өкілдері өз наразылықтарын білдірді. Олардың пайымдауынша, бүгінде президенттікке лайықты азаматтар баршылық. Президенттің өз орнын жастарға беруі туралы сіздің пікіріңізді білсек?

– Мен барлығын тек жастарға беру деген принципке қарсылығымды білдіремін. Жастар, әрине, қоғамның үлкен күші, жастар – қоғамның болашағы. Біз әр уақытта да жастарға сүйенеміз, қандай қоғам болса да жастарға сүйенеді. Жастардың қажыр-қайраты, білігі, ұмтылысы – мұның барлығы қоғамды ілгері дамытатын зор фактор деп есептеймін. Ал тізгінді «жасқа беру керек» деп, жұмысты істей алмай жатса, жұмысты ұйымдастыра алмай жатса, білік-білімі төмен, қайраты жоқ болса, ондай жағдайда әңгіме басқа. Ал енді істеліп жатқан жұмыстарды тарихтан өшіріп тастауға болмайды ғой. Қазақстанның егемендік алған 18 жылының ішінде қанша істер жасалынып жатыр, осыны көрмей тек қана «жастарға орын беру керек» деген сөз, ол меніңше нағыз обьективті заңдылықты ескеру болып есептелмейді ғой деп ойлаймын.

«БАСҚА ЖҰРТ НЕ ДЕСЕ О ДЕСІН...»

Сіздіңше бүгінгі таңда Назарбаевқа тең келер лайықты тұлға жоқ болғаны ма?

– Оны мен айта алмаймын. Мен 18 жыл Қазақстанды басқарған Назарбаевтың саясатын қолдайтын адаммын, ашығын айтқан кезде. Мен – қарапайым ғана ғылыми қызметкермін. Ал енді Назарбаевтың істеп жатқан жұмысын жоққа шығаруға болмайды деп есептеймін.

Сіз қалай ойлайсыз, өзіңіз сияқты бүгінгі биліктің саясатын қолдайтын азаматтар көп пе? Мәселен, Ақтөбеде және басқа да аймақтарда?

– Оны да мен айта алмаймын. Мен жеке ғана өзімнің көзқарасымды айттым. Ал басқа адамдар қалай ойлайды... Жаңа айтып кеттіңіз, оппозиция менің ұсынысыма қатысты наразы болып жатыр деп. Әрине, бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды, ол біржақты болуы мүмкін де емес. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Сондықтан басқа жұрт жөнінде мен ешнәрсе айта алмаймын.

Закратдин мырза, сұхбат бергеніңізге рахмет.


СӘЛ ШЕГІНІС...

Қыркүйектің 10-ында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге сапары кезінде, жергілікті профессор Закратдин Байдосов барша ақтөбеліктер атынан сөз сөйлеп: «Сіз Қазақстанды басқаруыңыз және әрқашан елімізге басшылық жасай беруіңіз керек. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу қажет», - деген ұсыныс жасаған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру мәселесі ресми Астанада қызу талқыға түсіп жатыр. Профессор Байдосовтың ұсынысының ізін суытпай-ақ президенттік «Нұр Отан» партиясы атынан президенттің мәртебесіне қатысты барлық шарттар ескерілетін өмір бойғы президенттік мәселесінің заңдық нормаларын бекіту ұсынылды. Атап айтқанда, партия төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев «Ұлт көшбасшысы» туралы заңның жобасын қолға алу керектігі туралы ой тастады.

Сенаторлардың бірқатары бұл жөнінде президенттің өз пікірін білу қажеттігін атап көрсетті. Ал сенатор Оралбай Әбідкәрімов өмірлік президенттік мәселесін референдум арқылы халық шешу керек деген ойын Астанада журналистердің алдында айтты. Оның пікірінше, мұндай мәселені тек парламенттің қарауына қойған дұрыс емес.

Сәрсенбі күні Алматыда оппозиция жетекшілері де мәңгілік президенттік идеясына қатысты өз ұстанымдарын мәлімдеп, Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беру - 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық еткелі отырған Қазақстанды алға емес, артқа кетіретін қадам деп бағалады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 4
    Келесі 
Кімнен: даке
18.09.2009 11:52
+0 / -0
шал кума

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
18.09.2009 12:08
+0 / -0
Сонда бүкіл Қазақстан бір-ақ адамға қарап қалғаны ма???...Сен профессор сонда өзіңнің асырап отырған балаларың, есекбас болғаны ма???....

Кімнен: Алашұлы Қайдан: Арқа жерінен
18.09.2009 12:12
+0 / -0
Бұл мәселе туралы менің болжамым мынадай, құрметті достар: 1) профессор Закретдин Байдосов тарихта қалатын болды. Біраз жылдардан кейін бұл дерек міндетті түрде Қазақстан тарихына енеді. "Тіпті, ақтөбелік профессор Назарбаев өмірлік президент болсын деген ұсыныс айтты" деп. Бұл үшін оның ұрпақтары қартайған шағында тышқаншыл болған, ойы таяз, жағымпаздықтың қайталанбас үлгісін көрсеткен адамның ұрпағы болғаны үшін өмір бойы төменшіктеп жүретін болады.

Кімнен: Алашұлы Қайдан: Арқа жерінен
18.09.2009 12:15
+0 / -0
Ал, жағымпаздар Елбасымыз бұл ұсынысты құптаса да, құптамаса да ұтылмайтын жолды жанталаса іздеп жатқанына шүбам жоқ. Қабылдаса - өмірлік Президент болады. Қабылдамаса - жұрт алдында бедел жинап, келесі сайлауға тағы түсіп, тағы жеңіп шығады. Жеңіп дегенде....енді түсінесіздер ғой.

Кімнен: Алашұлы Қайдан: Арқа жерінен
18.09.2009 12:19
+0 / -0
ОРАЛБАЙ ӘБДІКӘРІМОВТІҢ СӨЗІНЕН СОҢ БИЛІК ЖАҚТА ДЕНІ ДҰРЫС БІР АДАМ ҚАЛҒАН ЕКЕН ДЕП ОЙЛАП ОТЫРМЫН. ДҰРЫС РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗСІН!!! КӨРЕЙІК!!! БІРАҚ, ОНЫҢ ДА ӘДІЛ ӨТЕТІНІНЕ СЕНІМ ЖОҚ-АУ. ҚАЙДА БАРСАҢ ДА ҚОРҚЫТТЫҢ КӨРІ ДЕГЕН ОСЫ ДА...

Кімнен: Алашұлы Қайдан: Арқа жерінен
18.09.2009 12:21
+0 / -0
ПРОФЕССОР БИДОСОВ ТҰСАУЫН КЕСКЕН ЖАҒЫМПАЗДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫНДА ҚАЛЕТАЕВ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ!!! ЕКІНШІ , ҮШІНШІ ОРЫН КІМДІКІ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗДАР???

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстаудан
18.09.2009 12:46
+0 / -0
Профессор алжыған не болмаса оған біреу үргізіп отыр. Профессор атағын да жағымпаздықпен алған болар, жағымпаздықпен орден алғысы келіп отырған шығар жазған, қайтсын енді бір нәрсе қылып өмір сүру керек қой.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
18.09.2009 12:49
+0 / -0
Қазақ деген сорлы халық болды ғой. Осындай ғалымсымақтар қандай ананың ішінде жатты екен. Президентке өмірілік тақ беретін болсақ, ол бүкіл қазақтың байлығын тартып алып, тағы көптеген жылдар бойы сорлы қазақтың қанын сорып отырады ғой.

Кімнен: ben
18.09.2009 13:08
+0 / -0
ESALAN ADAM goi bul. Professor emes

Кімнен: alashe Қайдан: alshe USA
18.09.2009 13:30
+0 / -0
Назарбаевтың ОНЫҢ К...ТЫНЕ ТЕБЕТЫН КЕЗ ЕНДЕ ЖЫТТЫ!!!

Кімнен: 37нің ұрпағы Қайдан: қазақ жері
18.09.2009 15:26
+0 / -0
Ажал келіп НӘН кетіп қалса сонда бізде ажал жұтуымыз керек пе профеесор Байдосов? Осы жағымпаздық коррупцияның түп төркіні. Сондықтан "жағымпаздық" пара берген Байдосовты да, оны "қабылдаған" НӘНді де әділ жазаға тарту керек!!!!!!!!!!

Кімнен: Turkmen
18.09.2009 17:04
+0 / -0
это я уже где то видел :)) Казахский вариянт веномена Туркменбаши, но как всем известно вечного ничего нет (кроме Аллаха естественно) назначил себя Ниязов пожизненным президентом и отдал концы. Видимо этот провессор хочет чтобы тоже самое случилось с Назарбеевым ? А еще дискридитирует президента в глазах цивилизовонного мира. Хороший подход.

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
18.09.2009 17:48
+0 / -0
Демек, Қазақстандағы өмір Назарбаевпен және Байдосовпен тоқтайтын болғаны ма? Жетіскен екенбіз...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
18.09.2009 19:34
+0 / -0
Бұл ұсынысқа бірден өре түрегеліп қарсылық білдіруге болмайды.Ұсынысты көптің талқысына салайық. Ақылдасайық. Өткен кеткен оқиғаларға сараптама жасайық. Себебі бұл ұсыныс ел ағасы мүйізі қарағайдай профессордың аузынан шығып отыр. Ойланып көрейік. Депутат мырзалар не дер екен. Халықтың игі жақсылары көсемдері қандай ой айтар екен. Жазушылар мен Өнер Мәдениет қайраткерлері қандай пікір білдірер екен. Мүмкін шындықтың беті сондай ашылар....

Кімнен: Баке
18.09.2009 19:36
+0 / -0
Назарбаевтың өзі жазадан құтылайын деп тұр, немере-шөбересі болмаса. Себебі ол "тірілей кетпеймін, сайласаңдар да, сайламасаңдар да президент боламын" деп отыр ғой. Оларды қойшы, мына жерлесіміз Байдосовты аяп отырмын, обал болатын болды. "Айран ішкен құтылып, шелек жалаған бишара Байдосов пен оның немере-шөберелері жазаланатын" болды ғой. Олардың не жазығы бар еді.

Кімнен: fuckber Қайдан: almate
18.09.2009 21:36
+0 / -0
жағымпаздар Нижней части потока лестно, недальновидно, краткое идей. Коррумпированных и некомпетентных. Они хотят установить диктаторский режим. Пусть этот ублюдок выйти как можно скорее.

Кімнен: Nuk Қайдан: NY
19.09.2009 02:53
+0 / -0
Oi, Alla - ai, ne degen, maskara!
16 mln. kazakstandyktardyn iscinen bir azamat shykpagany ma? Kenes Odagynan endi kutyldyk pa degen de, onyn zhalgasy biter emes.Tauelsiz Kazakstannyn tauelsiz azamattary tauelsiz el basyn sailauy kerek. "Mangilik prezident" degen soz Kazakstandy tek artka tartady, kulli alemge kulki bolu degen soz.2-Tyrkmenbashy

Кімнен: nuk Қайдан: ny
19.09.2009 03:07
+0 / -0
Maskara! Baska sozim zhok....

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
19.09.2009 07:42
+0 / -0
Ақсақалдарымыздың түрі осы ма? Жәй ақсақал емес, тағы да өзі профессор. Жеткен жеріміз осы ма? Жетіскен екенбіз. "Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық" деген. Қазіргі кезде қазақтың жастары неге үлкен кісілерді бұрынғыдай сыйламай кетті" - деп ойлаушы едім, сүйтсем, оның да себебі бар екен ғой. Бұл кісінің саяз ойлайтыны соншалық, Ақтөбе халқының атынан сөйлеп, өзінің қәзіргі жағдайы жақсы болып тұрған соң, "өмір тоқтап, өзгермей, мәңгі осылай тұра берсе екен" - деп ойлайды. Алланың бермесін тартып алғысы келеді. Енді бүкіл 16 млн. халықтың атынан сөйлеп, олардың таңдау құқын аяққа таптады. Басқаның жағдайын ойламайды. "Құдайдан қорықпағаннан қорық" -деген осы. ХХІ-ші ғасырға сәйкес емес, санасы дамымай қалған, ортағасырлық деңгейлі кісілер, біздің барлық облыстарымызда кездеседі. Өздерінің ру-ру болып, әрі кесе тайпалық деңгейде өмір сүру образынан қорқып, ертең басқа тайпадан президент болып кетсе, қазақтың жағдайы қиындап кетеді" - деген "көрегендігінен" қорқып айтылған утопиялық ойы ғой. Яғни, Қазақстан Мемлекетінің "Ұлы құтқарушы Ойшылы". Қазір орта ғасырлық заман емес, теледидар, газет, журнал, одан қалды интернет күн сайын, сағат сайын дөңгелек дүниедегі жағдайды көрсетіп жатыр, 5-10 жыл сайын демократиялық жолмен сайланып жатқан президенті бар елдердің халқы қалай емін-еркін, бай өмір сүріп жатыр, ал президенттері тақта өлгенше отырғысы келетін Солтүстік Кория, Ирак, Ауғанстан, Куба, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің халқы қандай күйде екенін. Бұл, профессор, "Ойшыл" (шалқасынан түскір) шалымыз ең болмаса осыны салыстыра алмады ма? Онда, неге саясатқа араласады, әлде биліктегілер оның "биліктегі адамдарға" - деген "кіршіксіз, көзсіз махаббаты" бар екенін біліп, айдап салып отыр ма екен, болмаса халқына не тілеп жүр.

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
19.09.2009 07:49
+0 / -0
Шалдың суретіне енді қарап жатырмын, омырауы толған сенбейтін халқына ауыстырып алған "түрлі-түсті металлолом". Оның қандай адам екенін енді ұққандаймын.
Пікір жарияланған бет , жиыны 4
    Келесі