Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:56

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

17 жыл бұрын атажұртқа оралған Нәби Ишан сотқа өкпелеп Түркияға көшіп кетпекші

Шымкент қаласының тұрғыны Нәби Ишанның сотқа деген өкпесі қара қазандай. 3 жылдан бері көршісімен соттасып, сот табалдырығын тоздырған азамат әділдік таппаса, қайтадан шетел асуға дайын. Айтуынша, оған тиесілі жерге көршісі дарбаза орнатқан. Ал сот Ишанның арызын дәлелсіз деп тауыпты.

Мәтін көлемі - +

Жер дауы


Екі көрші арасындағы жер дауы осыдан 3 жыл бұрын басталған. Үйінің жанындағы 1 метр жерді өзіне тиесілі деп есептеп, сотқа арыз берген Нәби Ишан 3 жылдан бері сот табалдырығын тоздырғанын айтады.

Ол жерді меншіктеген көршісі 4 метр дуал тұрғызып, дарбаза қойған. Арызданушының айтуынша, бұл заңсыз. Көршісі оның жерінен дарбазасын алмаса, ол 7 баласымен қайтадан шетел асуға бел буып отыр.

– Мен әріп танымаймын. Жазу білмеймін. Ол оқыған-тоқыған. Соны пайдаланып барлық сотты сатып алып жатыр. әйелім президент әкімшілігіне барып көмек сұраған. Нәтиже жоқ. Біз үкімет ақша бермеді, үй бермеді деп жатқан жоқпыз. Нанымды әділ тауып жеймін. Осы кішкене ғана жерді алып берсін бізге. Өз жерім өзімде қалсын,- дейді Нәби Ишан.
Нәби Ишан әулетімен бірге үйінің ауласында тұр. Шымкент.
1 шілде 2010 жыл.
Көршісі Галиф Тажидинов дарбазаны заңды түрде қойғызғанын айтады. Шымкент қалалық Еңбекші ауданының 2008 жылғы сот шешімі бойынша, талапкер Ишанның көршісінің заңсыз салынды деген құрылысын бұзу туралы шағымы қанағаттандырылмаған. Екі үйдің арасындағы 1 метр жер – мемлекетке тиесілі. Сондықтан, Тажидиновпен соттасауға тек мемлекет қана құқылы, делінген сот шешімінде.

– Сот органдары бар. Сот орындаушылары бар. Қолымда сот шешімі бар. Бұл мәселеге байланысты мен де шаршадым. Сот менің әрекетімнен заңсыздық тапқан жоқ. Қалай болған күннің өзінде, мен дарбазамды бұзбаймын. Тұрғаны тұрған. Мен жұмыс істейтін адаммын. Мүмкіндігім де мол, - деді Галиф Тажидинов Азаттық тілшісіне.

Осыдан кейін Нәби Ишан да, Галиф Тажидинов та жоғарғы сотқа дейін шағымданған. Сот шешімі, өзгеріссіз қалған.

Жанайқай

Нәби Ишанның айтуынша, оның үйіне бірнеше рет бейтаныс кісілер келіп, «соттасуын қоймаса жағдайының қиындайтынын» ескерткен екен. Бірақ отағасы бәрібір ақырына дейін баратынын айтады. Басына түскен жағдайды естіген Ауғанстанда тұратын анасы мен бауырлары елге оралудан қорқып қалғандарын айтады.

– Бізді қайда барсақ та «оралман, қаңғып келген сығансыңдар, кетіңдер» дейді. «Кезінде бабаларың байлығымызды алып қашқан» деп айыптайды. Мен - етікшімін. Нанымды адал жеймін. Соңғы кезде тіптен қалаға шығуды да қойдық. 14 жастағы ұлымызды боксқа бердік. Өзін-өзі қорғап жүрсін деп. Қазір үлкен жетістікке жетіп жүр. Біз Қазақстанға қазағым, елім, жерім деп келдік қой. Қазір анам да, бауырларым да бізді аяп отыр. Басқа амалдары жоқ. Ауғанда, елге оралуға рұқсат ала алмады, - дейді Нәби Ишан.

Ал оның жұбайы Гүлсім Ишан сот пен құқық қорғау органдарынан әділдік табудың қиын екенін айтады. 
Нәбидің жұбайы - Гүлсім. Шымкент. 1 шілде 2010 жыл.

– Өткен жылы тал түсте аялдамада тұрған бауырымды біреулер өлтіріп кетті. Әлі кінәлілер табылған жоқ. Полициядан қайран жоқ екенін түсіндік. Жерімізді ала алмай 3 жылдан бері соттасып жүрміз. Біздің халімізді көріп, шетелде тұратын ағайындарымыз шошитын болды. Жақында Ауғанстаннан ағайындарымыз келіп еді, түннің бір уағында алып кетіп, депортация жасап жіберді. Ағайынға қай бетімізбен қарарымызды білмейміз. Қазақстанда заң жоқ, сот жоқ екен. Қайда барсаң ақша. Тек ақшаң болса ғана, сөзің жүреді екен, - дейді Гүлсім Ишан.

Ес білгелі отанына оралуды армандағанын айтқан Нәби Ишан мұндай жағдайға жетемін деп ойламағанын ашына айтады.

- Мен - Ауғанстанда туып-өскен қазақпын. Кейін тағдыр айдап Түркияға көшіп бардық. Бөгде елде жүргенде өзімді жетім сияқты сезінетін едім. Сүйікті қызымды ертіп, туған елге көшіп келдім. Той жасадық. Осы уақыт ішінде көрген қызықшылығымыз да, қиындығымыз да көп болды. Талай қиындықты бастан өткендер таныстарым да келген жағымызға қайтайық деп отыр, - дейді Нәби Ишан.
 
Қазір бұл отбасы кезекті рет сотқа арыз бермек. Алайда одан да қайыр болмайтындай көрінеді. Сондықтан да үйлерін сатуға кірісіп те кеткен. 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сауатсыз сот
10.07.2010 07:59
+0 / -0
Егер, әлгі қырсық шалғыр 1 метр жер мемлекетке тиесілі болса сот оны неге мемлекетке қайтарып алмайды? Нәбиге бұйырмаған мемлекеттің жеріне Галиф көршісі қалайша қақпасын сала қояды? Ендеше сот 1 метр жерді саудаға салып "сатып" отырғаны рас. Сол үшін де азаматтардың конституциялық тең құқының бұзылуына жол берген. Ендеше, Конституцияға қарсы жұмыс істейтін соттың сот болып жұмыс істеуге құқы бар ма? Жоқ. Бірақ оның шешіміне назар аударатын соттық бақылау органдарының өздері осы "қателікті" көруге қабілеттері жетпей отыр. Сонда, олардың да Сот жүйесінде жұмыс істеулеріне қақы бар ма? Жоқ. Ал Жоғарғы сот кілең осындай мамандарды жинап алған екен. Онда оның өз орнында отыруға қақы бар ма?...
Әй, бұлай айта бесек, Қазақстан сотсыз қалайын деп тұрған сияқты ау, осы...
Нәби мырза, Сіз көшпеңіз. Одан гөрі Қазақстанды сотсыз қалдырып айды аспаннан бір шығармайсыз ба?! Ауғанда оңып тұрған не бар дейсіз (қазақ үшін)?..

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
10.07.2010 08:56
+0 / -0
Оралман деген сөзді шығарған ағайындар әбден қатырдық деп жүрген шығар . Бірақ , оны қолданып жүргендер қандастарын қас пәлеге батырып жүргені осы хабардан сүмірейіп тұр . " Туғанды биде иман жоқ " дегеннің көкебайын осы жайдан көруге болады . Жік-жікке айрылып , ағайыншылықты тек басқаларға қарсы пайланған өзімшіл де ақшадан өзгені танымаған соттар елді сорлата берер әлі . Нәби Ишандар басқа қазақтарды қазақстаннан қашыңдар деп сескендірсе не жазық .

Кімнен: МЕН Қайдан: Шымкент
10.07.2010 10:27
+0 / -0
Менде оралман болып келдім. Қай заманда да ешкім ешкімге алағой деп өз несібесін бермеген. ОРАЛМАНдар келдің бе кетпе, немесе келме. Қазақстандықтардың өздері әупіімдеп күнін көріп отыр, сол үшін бар қиыншылыққа шыда. Сен түсінбеген хатты балаң түсінеді, сөйтіп сөйтіп Қазқстандық қазақтан ешқандай да кем болмайсың. Қиыншылыққа шыдай алмай кететін болсаң, басқаларға да айт, онда бүтіндей келмесін.

Кімнен: көкше Қайдан: көкше
10.07.2010 20:04
+0 / -0
Менің түсінбегенім, сонда бұл - дуалды 1метрге шегіндіру мен әлде 1 шаршы метр ме? Бауырым, сен де қайтпайды екенсің. Бере салсайшы. Түбінде сенің ұрпағың қайта алады ғой. Анау өзбек пе күрд пе, әзірше соның сөзі - сөз.

Кімнен: Қарашаш
10.07.2010 21:00
+0 / -0
Анау көршісі соттың бәрін сатып алатындай құдіретті шығар. сосын да оралман деп қазақ байғұсты менсінбей отырған. өзі де атына қарағанда қазақтан алыс адам сияқты ғой. негізі оралмандарды қорғаудың орнына қорлап жатқаны мемлекеттің ұят тірлік.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.07.2010 21:04
+0 / -0
негізі оралман деген сөздің өзі қандастарды қазақтан алшақтатады. сондықтан оларды қазақ деу керек қой. әу бастан бөтенсіткен билік енді қатесін түзесін

Кімнен: Қазақия Қайдан: Қазақия
11.07.2010 00:11
+0 / -0
Шымкенттік ағайындар,алыстан ат арытып келген туған бауырыңды қаңғыған сарттың табанына салып беріпсіңдер,ағайындықтарың осы ма? Сасық сарт туған бауырдан артық болғаныма? ... қырғыздар құсап жарты жүз түменін бостырып жібермеген,тең қарап отырған қазақтың кеңдігін бұл сарттардың білетін кезі жетті,Алматыда Ұйғыр деген сарт,оңтүстікте тағы да сарт,сарт сұрт,құдай атқан жұрт деген осы,ал,Шымкенттің ел ағалары,бұтаны паналаған торғай да аман қалатын,бұта құрлы жосыңдарма?Намыс қайда? Елдік қайда? Ақша табылар,елдік,бауырылық табылмас,ұят деген бар

Кімнен: Жанталас Қайдан: Арпалыс
11.07.2010 22:09
+0 / -0
Галиф Тажидинов, яғни "құдайы көрші" қазақ емес-ау шамасы, Қазақстанда басқа ұлтқа әр заманда ақ жол болғандықтан, қазақ байқұс сорлының күнін көріп жүр емес пе? Неге мемлекекет жері болса, сол 1 метр жерді ешкімге де реніш келтірмей шешімге келмейді? Біздегі жемқорлықпен қарапайым адамға өмір сүру қиын болды. Соты бар, финполиция дегендер бар істеп жатқандары тек жан түршігерлік. Олар "түйені түгімен жегендерді" емес, 17000 мың теңге еңбекақы алып, әрең күнін көріп жұрген сорлыларға "тор құрып", 10000 АҚШ доллардан пара жинап әлек. Менің түсінбейтінім - олар "взяточник" деп ұстады ма, аяғына дейін солай бола біл. Жоқ, олар он мың АҚШ долларын берсең, "құда да, құдағи да тыныш" дегенге келіп, сорлыны одан ары сорлатып "мәңгілік қарызға батырып", парасын алып, келесі байқұсты торға түсіруге "жоспар құрады". Ол несіне финполиция? Халықты тек сорлату үшін құрылған болса? Қашан ғана адал өмір сүретін күнге жетеміз?! Бишаралықтан аздық, тоздық. кім халықтың жан айқайын түсінеді? Кім бар? Осылай өмірден түңіліп, өтуге ғана жазылған ба Тәуелсіз мемлекеттегі өміріміз? Бұндай Тәуелсіздікке .............

Кімнен: janashir Қайдан: baska kuriliktan
12.07.2010 14:36
+0 / -0
nabi aga sizdin kim ekeniznizdi bilmeymin alayda turkiyaga auganistanga ne bolmasa baska zhakka koship ketem degeniniz tipti akilga konimsiz kazaktin kazakstannan baska barar zheri basar taui zhok sottan adildik tappasaniz zhogargi sotka shagimdanuizga boladi adildik bar kazakstanda

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2010 18:06
+0 / -0
Парақорлыққа қаржы полициясы тосқауыл бола алмайды, керісінше.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.07.2010 10:24
+0 / -0
Керісінше олар парақорлықтың көркін қыздыра түсуде. Шіріген балықтың басы алынбай, сасық иістен құтылу мүмкін емес.

Кімнен: >>< Қайдан: %&$
13.07.2010 21:14
+0 / -0
Осы шетелдегі қандас бауырларымыз атажұрттарына барған оңа қоямыз деп қатты қиялдайды-ау деймін. Не бар Қазақстанда? Проблемадан басқа түк те жоқ. Тіпті қазақтардың өзі де жоқ. Орыстанғандар көп.

Кімнен: Жаяу Мұса
15.07.2010 16:00
+0 / -0
Оған ашынып қайтесіз, доллар бауырым. Бүгінгі биліктің түбінде коррупция мен доллар жалмайтын болады. Тек осы билікпен бірге халқымыз бен мемлекетіміз құрдымға кетіп қалмаса болғаны. Ол үшін не ісеу керек.... Дұрыс ойлайсыз, өтірікке сенбеу керек, биліктен қорықпауға үйрену керек, ыңғайы келсе әшекерелуден танбау керек - "ұрының арты қуыс", құйрығына шам байлап қойсаң кірерге тесік таппай қалады. Биліктегілер халықтан емес, бір-бірінен қатты қорқады, осыны ұмытпаңыз... Сондықтан оларды бір біріне жем етуді тоқтатпаңыз... Әзірге одан басқа шара болмай тұр!