Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:25

ӘЛЕМ

Халықаралық қылмыстық соттың алдында бірде-бір президенттің иммунитеті жоқ

Геноцид жасағаны үшін Суданның президентіне жаңа айыптар тағылып, оны тұтқындауға жаңа ордер берілуі мүмкін. Халықаралық қылмыстық соттың алдында, кез-келген өзге азамат сияқты, мемлекет басшысының да ешқандай иммунитеті болмайды.

Мәтін көлемі - +

ГЕНОЦИД ҮШІН АЙЫПТАУ

Суданның президенті Омар әл-Баширді тұтқынға алу туралы халықаралық ордер өткен жылдың наурыз айында берілген еді, ал енді оған геноцид жасағаны үшін жаңадан айыптар тағылмақшы.

Осыған байланысты Омар әл-Башир қазіргі президенттердің ішіндегі Халықаралық қылмыстық сотқа тартылатын бірінші президент. Сот оны Суданның Дарфур аймағындағы әскери қимылдар барысында адамзатқа қарсы жасаған қылмыстық әрекеттері үшін жауапқа тартпақ.

Бұдан бір жыл бұрын, Омар әл-Баширге қарсы прокурорлар жеткілікті дәлелдер жинаған жоқ деген себепті алған тартқан судьялар оған геноцидке қатысты айып тағу туралы істі қараудан бас тартқан-ды.

Халықаралық қылмыстық соттың апелляциялық палатасының талабы бойынша, судьяларға Судан президентіне қарсы тағылған айыптаулардың дәлелдер базасын қарау міндеті жүктелді.

Геноцид үшін тағылар айып Омар әл-Баширді бірден тұтқындап, Гаагаға жеткізуге мүмкіндік бере қоймас. Оның үстіне Омар
Халықаралық соттың Омар әл-Баширді тұтқындау туралы ордеріне қарсылық білдіру шарасына қатысқандардың бірі президенттің суреттегі бейнесін сүйіп тұр. Хартум, Судан, 5 наурыз 2009 жыл.
әл-Баширдің жеке өзі Халықаралық сотқа пысықырып та қарамайтын түрн танытумен келеді. Бірақ оны геноцид үшін айыптау фактісінің өзі Судан президентінің бұдан да ары халықаралық оқшаулануына себеп болады.

Өзге елдер өзіне жылы шыраймен қарайтындығын көрсету үшін Судан президенті шетелдерге бірнеше сапарын жасады. Оны Мысырда, Мавританияда, Сауд Арабиясында және Катарда қабылдады. Ал басқа елдер оның сапармен келуін қалаған жоқ. Өйткені олар Халықаралық соттың мүшесі болғандықтан, Судан президентін келген бетте тұтқындауы керек болатындығын көлденең тартты.

Өткен күзде Омар әл-Башир Нью-Йоркқа, БҰҰ-ның сессиясына барудан өзі бас тартты. Уганданың, Нигерияның және Түркияның басшылары да өз елдеріне келуге ниет білдірген Омар әл-Баширді райынан қайтарды.

ЖЕКЕ БҰЙРЫҚТАР

Судан үкіметінің ресми өкілдері Гаага Халықаралық сотының шешімін қабыл алған жоқ. Бұл жағдай Омар әл-Баширдің биылғы жылдың сәуір айында елде болатын президент сайлауына түсуіне ешқандай әсер етпейді деп мәлімдеді олар.

БҰҰ-ның бағалауы бойынша, соңғы бес жылдың ішінде Суданда соғыс қимылдарының салдарынан 300 мыңдай адам өлтіріліп, осы
Судан президенті Омар әл-Башир парад кезінде. Хартум, Судан, 4 наурыз 2009 жыл.
жантүршігерлік қылмыстан құтылу үшін 3 миллиондай судан азаматтары босып кеткен. Көптеген ауылдар жер бетінен жойылып кетті.

Айыптауға сәйкес, Фур, Мазалит және Загава этникалық тайпаларының адамдарын қыруға әскерге Судан президентінің жеке өзі бұйрық берген.

Ал Омар әл-Башир болса Дарфурда бейбіт халыққа қырғын салған содырлардың өз бақылауында болмағанын мәлімдеп, әлгіндей айыптаулардан бас тартып отыр. Судан жағы құрбан болғандар 10 мыңнан асқан жоқ деп мәлімдейді.

ИММУНИТЕТ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛА АЛМАЙДЫ

Бұдан бұрын тағы бір ұлт көсемі, президенттік қызметтен кеткеннен соң геноцид үшін айыпталған. Ол – Югославия басшысы Слободан Милошевич болатын. Бірақ ол сотқа дейін аман жетпеді, Гаага түрмесінде қайтыс болды.

Егер Сталин мен оның жанындағыларды былай қоя тұрсақ, онда бұрынғы социалистік лагерьден адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп Румынияның бұрынғы президенті Николае Чаушескуді айыптауға болар еді. Бірақ ол да халықаралық соттарға дейін аман жетпеді. Оны румын бүлігі басталған соң бірнеше күн өткенде ішкі революциялық трибунал асығыс жазалады.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотына тұғыр болып отырған Рим жарғысына сәйкес, кез-келген адамға оның ресми дәрежесіне қарамастан айып тағуға болады.

Рим жарғысы, сонымен бірге, қылмыс жасаған адамның өз елінде белгілі бір қызметте отыруына байланысты алған кез-келген иммунитеті оны айыптаудан құтқарып қала амайды дейді. Рим жарғысының бабында, мемлекет басшысының да сот тексеруінен ешқандай иммунитеті жоқ деп анық белгіленген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қажы мұхамбет қаракедей Қайдан: иран . горган
12.02.2010 10:13
+0 / -0
Омар Әл Бәшир Омекңді жатқа келтіреді ау . Ол жарықтық бір жанкештілік қылмыстың құрбаны болып әл үстінде жатқанда баласының айыпталушының бірін өлтіріп салды дегенін естіп мен егер тірі қалсам ол баланы қысас етермін деп уәде беріпті . Сондағы қылмыскер деп айыталушы бір гәуір құл болыпты - мыс . Мінеки Исламнының өз азаматтырына бола көзқарасы . Бұл арада ескерер жайт , Судан президентін соттамақшы мемлекеттер өздері одан бетер қылмыстарға итаршы болғаны айдан анық . Сонымен хақ сөзден лас ниеті барлар билік айтуға жарамас деп ойлаймын . Әрине
Алла ғана біледі .

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
12.02.2010 10:26
+0 / -0
Шіркін-ай, әділдік деген жоқ ғой. Әділет деген бар болса Хаага сотына ең алдымен тартылуға тиісті адам - ол кіші Буш. Мықты болса осылай Бушты "жауапқа" тартсын, тым болмаса түр көрсету үшін символикалық түрде болсын ордер беріп көрсінші, сонда бұл дүниеде әділдік, демократия бар екеніне сенер едік. Сосын Ислом Каримов, Ким Чен Ир, Ли Пен деп ордер берілетін қандықолдардың тізімі жалғаса берер еді. Бұлай істесе, басқаны қойшы, елімізде, тым құрығанда диктатор, режим, аутократия деген атауларды естімейтін болар едік.
Өкінішке орай, бұл сот бар болғаны жәй жарнамалық саяси ұйым ғана, ешбір құзырлығы жоқ, басқаларға саяси ықпал жүргізу үшін ғана анда-санда Батыстың ымымен бір маңырап қоятыны бар.

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
12.02.2010 10:43
+0 / -0
Осы халқаралық сот дегенге көп өкпе айтуға болар еді. Оның құрамында кімдер бар? Ол адамзат баласы үшін толыққанды жұмыс істей ме? Меніңше қазіргі халқаралық сот өз мәртебесінде емес.Тек белгілі бір ұлттың, белгілі бір діндегілердің немесе мемілекеттің ғана сойылын соғатындай. Әсіресе сот еуропа тектілердің пайдасына көбірек шешіліп жатады. Ал Азиялықтарға, соның ішінде мұсылмандарға тіптен пысқырмайды. Оған мысалға қытайды алуға болады. Қытайда тұратын өзге ұлттар, қытай емес аз ұлттар неше жүздеген ғасырдан бері сол жерде өмір сүріп келеді. Бір сөзбен айтсақ, ол кейіннен қытай зорлықшылары басып алған сол аз ұлттардың ата-бабасынан қалған өз жерлері еді. Атап айтсақ, Шығыс Түркістан (Қазіргі Шыңжаң), Тібет, Ішкі монғол, Манжур елі, Аққорғанның аяғындағы Дүнген өлкесі т,б-лар. Осы аталмыш жерлердегі байрғы тұрғындар атам заманнан бері ата жауы қытаймен қанды шайқастар жасап келеді. Арысын айтпай-ақ қоялық, өткен ғасырдың ортасында Шыңжаңдағы қазақтардың Шығыс Түркістан Республикасын құрып, Құлжа қаласын астана сайлағаны баршаға белгілі. Екі жылға таяу ел болған түркілер мемілекетінің тағдыры қанды қырғынмен, қасіретпен тұншықтырылғанын бүкіл әлем біледі. Соның салдарынан қаншама қазақтың тоз-тозы шықты! Қаншама қазақ туған жерін тастап Гималай асып босып кетті... Осыдан кейінгі қытайдың жер реформасы, таптық күрес, мәдени төңкеріс сыяқты саяси науқандардың көлеңкесінде ондағы қазақтармен қатар өзге де ұсақ ұлттарға жасаған жауыздығын айтып тауыса алмаспыз. Әр он жыл сайын бұл қырғын міндетті түрде қайталанып отырады. 1949-жылы коммунистік қытай өмірге келгенннен кейін бұл салт тіптен өршіп, кезең-кезеңге бөлініп жоспарлы түрде жасала бастады. Әуелі Манжурияда, сосын Монғолда, Тібетте, Шыңжаңда...
Кеңестік одақ тарағалы бері қытайда тұратын аз ұлттардың көкірегінде азаттықтың үміт ұшқыны жанғандай болды. Әсіресе ондағы қазақтардың сан ғасырлық қасіретінің тұманы алдымен сейілді. Бірақ, кешегі сол бастан кешкен небір "Зобалаң күндер" мен "Жеңісті үндер" тарихтың қойнауында, тәуелсіз Қазақстан елінің тасасында мәңгілікке жабулы қазан күйінде қалып қойды... Қош делік, 90-жылдан кейін кеңестен бөлінген тәуелсіз елдердің қуанышынан қуат алған Ұйғырлар Шыңжаңда баяғы Шығыс Түркістанды қайта жаңғырта бастаса, Тібетте Таңғыттар, Көкқұтыда Монғолдар өз еркіндіктері үшін тырбынып бағуда. Бірақ, бәрі ауыр қайғымен аяқталып жатыр... Мәселен: 95-96 жылдардағы (нақты уақыты есімде жоқ) Қашқардың Барын ауылындағы алапат қырғында түмен ұйғыр аудан-ауылымен қоса тып-типыл етілді. 1997-жылы 5-ақпандағы Құлжа оқиғасы да осының кебін киді. Ал былтырғы Үрімчідегі қақтығысты алыңыз.... Сонда мына адамзатқа қормал болар халқаралық сот қайда қарап отыр?! Олар осыны білмей ме? Әлде, білсе де осылай үндемей отыра ма?
Пікір алмасу

Кімнен: КИІКШІ Қайдан: Түркістан
12.02.2010 14:46
+0 / -0
Қас Жолымбет сөзіңнің жаны бар.
Өткен ғасырдың алғашқы ширегіндегі қызыл биліктің қазақты аштыққа ұшыратуы, ұлттың көзі ашық арыстарын шеттерінен атуы....тарихтағы ең ауыр геноцид. Ал сол геноцид үшін жауапты кімнен аламыз? Сталиннен бе? Голощекин бе?

Кімнен: аааааааа Қайдан: авыф
12.02.2010 17:20
+0 / -0
Халқаралық соттың жағыдайы Абай айтақандай:
Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап!
Әлсіздің сөзін салғыртсып, шала ұғамын нығыздап. - дегендей хал!

Ал Судан патшасына келсек, ол көксоққан расында геноцид жүргізіп, тайпаларды жоюға, қара халықты қыруға басшылық жасаса, дарға асып басқа есуас тирандарға сабақ еткен жөн! Біздің президентіміз де сабақ алар деп үміттенемін.

Кімнен: vcxvcd Қайдан: vcxvcx
12.02.2010 22:34
+0 / -0

Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті

Кімнен: d Қайдан: d
13.02.2010 22:25
+0 / -0
Harajorha
http://www.56.com/w85/play_album-aid-4981137_vid-MzIyNDQ1NTg.html