Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:52

ӘЛЕМ

Берлинге дейін барған Совет Армиясының ардагерлері нені жасырады?

Советтік және постсоветтік елдердегі соғыс ардагерлері жаппай неміс әйелдерін зорлау жайында тіс жармайды. Мәскеудегілері де, Алматыдағылары да. Шынтуайтына келгенде, соғыстың соңғы жағында не оқиға болып еді? Қазақстанда бұл тақырып зерттелмеген күйінде қалып отыр.

Постсоветтік елдер елшіліктерінің өкілдері, соғыс ардагерлері, Германиядағы қоғамдық ұйымдар өкілдері фашизмнің күйрегеніне 56 жыл толуына байланысты совет әскеріне орнатылған ескерткіш маңында ресми шараға қатысуда. Трептов паркі, Берлин, 9 мамыр 2001 жы
x
Постсоветтік елдер елшіліктерінің өкілдері, соғыс ардагерлері, Германиядағы қоғамдық ұйымдар өкілдері фашизмнің күйрегеніне 56 жыл толуына байланысты совет әскеріне орнатылған ескерткіш маңында ресми шараға қатысуда. Трептов паркі, Берлин, 9 мамыр 2001 жы
Мәтін көлемі - +

ЖАБЫҚ ТАҚЫРЫП

Екінші дүниежүзілік соғыс жайында, әсіресе жалпы тақырыпта жазу - әуресі көп шаруа. Себебі, советтік және постсоветтік насихат халықтың миын тазалап, «керекті ақпараттарды» ғана қалдыруға тырысып баққан.

Ал, толық тыйым салынған мәселелердің жөні басқа - бұл мәселеге насихат жүрмейтін. Германия әскерінің Еуропа елдеріне басқыншылығы кезінде неміс сарбаздарынан туылған балалардың тағдыры да осындай тақырыптардың бірі болып шықты.

Әңгіме совет әскерінің Пруссияға кіруімен 1945 жылдың қаңтарында басталған советтік сарбаздардың жаппай немістің қыз-келіншектерін зорлауы турасында. Совет адамдары бұл жайында ештеңе білмеді. Соңғы уақытқа дейін бұған қатысты постсоветтік кеңістікті де үнсіздік басып келді.

Батыс та бұл тақырыпты қозғамауға тырысатын. Ал, неміс халқы оны өзінің Екінші дүниежүзілік соғысты бастағанына кінәлі сезінуіменен айналып өтетін. Басқаларға мұның қатысы шамалы еді.

ЗОРЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ

Тағдырдың жазуымен, осыдан көп жыл бұрын бұл тақырып туралы сұрапыл соғыс кезіндегі оқиға куәгері болған адамның өз аузынан мен де естіген едім. Бүгіндері украин ақыны және суретшісі ретінде танымал Эмма Андиевская Мюнхендегі «Азат Еуропа / Азаттық» радиосы Украин редакциясында менімен әріптес болды.

Соғыстың соңғы жағындағы сұмдықтарды мен сол кісіден естідім. Кейіннен оның естеліктері украин баспасөзінде жарияланды, ал, мен ол кезде Мюнхенде шындықты Эмманың өз ауызынан естіген аз ғана жандардың бірі едім.

Ол анасымен бірге 1945 жылы Берлинде болған. Жасы он төртте еді. Совет әскері қаланы басып алған кезде Эмма шешесімен бірге Берлиннің маңындағы тұрғын үйдің соңғы қабатында тығылған.

Эмма өздерінің ауданына әскер кіре салған сәтте зорлықтың басталғанын айтқан еді. Күндіз де, түнде де жаппай сарбаздар ұстап алып, зорлап жатқан қыз-келіншектердің жан айқайы әлі күнге дейін оның құлағынан кетер емес.

Ол бітпейтін бір шу еді. Эмма шешесімен бірге отырған бөлмеге бірнеше рет сарбаздар кіріп келген, бірақ, орыс сөздерін естігеннен кейін шығып кеткен. Олар немістің қыздарын іздеді, көрші бөлмеден тауып алған бетте зорлап жатты.

Әскери тілші, кейіннен белгілі жазушыға және диссидентке айналған Василий Гроссманның айтуынша, зорлықтың құрбаны болған немістің ғана қыз-келіншектері емес. Сарбаздар үргін-сүргінде кімнің кім екенін анықтап жатпаған, олар Германияға күшпен әкетіліп, жұмысқа салынған жас орыс, поляк, украин және белорус қыздарын да зорлаған.

МҰРАҒАТТЫҚ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

Бұл тақырыпқа советтік идеология салған тыйымды тас-талқан еткен нағыз бомбы - 2002 жылы Батыста жарық көрген және біршама уақыт өткенде Ресейде орыс тілінде шыққан ағылшын тарихшысы Энтони Бивордың «Берлиннің құлауы. 1945» атты кітабы болды. Кітапқа тарихтағы ауқымды да беймағлұм қос қабат басқыншылықты ашатын мұрағаттық құжаттар мен куәгерлік айғақтар жинақталған.

Бір жағынан алғанда, ССРО-ның алып әскери күші гитлершілдердің соңғы қарсыласу ошақтарын жойып жатты. Ал, екінші жағынан, сол бірнеше миллиондық әскер Германияның бағындырылған аумақтарындағы неміс әйелдерін жаза-жәбірге жығып жатты.

Тек бір сандардың өзі ғана сұмдықтың бетін ашып тұр. Бивордың дәлелдемелеріне сәйкес, бір Берлинде ғана 130 мыңға жуық неміс қыздары мен әйелдері зорлықтың, және көбінесе, бірнеше дүркін зорлықтың құрбаны болған. 10 мыңдайы жантәсілім еткен. Олардың көбісі өз-өзіне қол салған.

Германияның аумағын түгел басып алу кезінде совет әскерилері екі миллионға жуық әйел жыныстыларды зорлаған деп санайды ағылшын тарихшысы. Ол келтірген деректерде, совет армиясы сегіз жасар қыз баладан бастап, сексен жастағы кемпірге дейін зорлағаны айталады.

Қызыл Армияның келесі бір әскери тілшісі Наталья Гессе мынадай естелік айтатын: «Орыс сарбаздар 8 бен 80 жас аралығындағы барлық неміс әйелдерін зорлады. Ол зорлаушылар армиясы еді». Наталья Гессе академик Андрей Сахаровтың жақын досы болатын.

Энтони Бивордың айтуынша, совет армиясының Германияда жасаған жаппай бейбастақтығының жабық тақырып болғаны сондай, ардагерлер әлі күнге болған жайтты жоққа шығарады.

ӘСКЕРИ ҚОРҚЫНЫШ

Бұл мақаланы жазу барысында мен Орталық Азиядан осыны растайтын ардагер іздеп табуға тырыстым. Бірақ, амал нешік, ештеңе таппадым. Бес миллионға жуық совет армиясының құрамы ала-ғұла болды ғой. Совет армиясының құрамында ондаған мың грузин, қазақ, өзбек, еврей, татар, армян – бүкіл дерлік «советтік карта» бар еді.

Сондықтан, Алматы немесе Тбилиси, Ташкент немесе Қазандағы кейбір ардагерлердің соғыстың сол сұмдықтарын мидың ең түкпірінде сақтап келе жатуы әбден мүмкін. Бәлкім, олар үшін бұл сұмдық емес шығар, керісінше, сол кезде көп адам солай санағандай, дүниежүзілік қырғынды бастаған неміс нәсілінің лайықты сазайын алуы болып көрінетін болар.

Бір рет мен шындықтың ізін тапқандай болдым. Бұл да сол Энтони Бивордың «Берлиннің құлауы. 1945» атты кітабындағы дерек. Аутор 24 жасар актриса Магда Виландтың оқиғасын суреттеген. Шкафқа жасырынбақшы болған қызды Орталық Азиядан шыққан сарбаз суырып алған.

Магда оған егер басқа орыс сарбаздардан қорғайтын болса, көнуге дайын екенін түсіндіруге әрекеттенген. Бірақ, әлгі сарбаз өзге жауынгерлерге қызды көрсеткен. Сосын солардың бірі қызды зорлап тастаған.

ЕКІҰШТЫ МЕМОРИАЛ

Бивордың кітабында әйелдері мен балаларына көрсетілген қорлықты көтере алмай өзінің сүйіктілерін өлтіріп, артынан өздерін өздері өлтірген немістер көп суреттелген.

Ағылшын тарихшысы «соғыс заманын көрген неміс әйелдері әлі де Берлиндегі совет армиясының мемориалын «Беймәлім Зорлықшының Моласы» деп атайды» деп журналист Дэниел Джонсонның жазғанын мысалға келтіреді.

Немістің қыз баласын қолына көтерген беймәлім азат етуші сарбаздың ескерткіші де күдіктен аман қалмады. Белгілі тарихшы-зерттеуші Марк Солонин былайша мысқылдаған болатын:

«Немістің қыз баласы совет жауынгерінің қолына басқалай мақсатта және қыз бала үшін салдары басқадай жағдайда тап болуы мүмкін...»

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий Лондонда тұрады. Бұл мақаладағы оның ой-көзқарасы Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Амантай
11.01.2010 12:02
+0 / -0
иә, соғыстың аты соғыс, германға оң қолының үш саусағын беріп келген менің атам марқұм бізге соғыс туралы мүлдем айтпайтын. Біз кішкентай кезімізде атамнан сұраушы едік, саусақтарың қайда деп, ол бізге «Гитлер сұмырай шайнап алды» деп қана жауап беретін. Оның тек бір-ақ рет, жалғыз оқиғаны айтқанын менен жиырма жас үлкен ағам кейін, атам дүниеден өткен кезде маған айтып берді. Атам айтқан әңгіме: «Белоруссияның бір деревнясын немістерден азат еттік. Ұрыс бітіп, неміс кеткен соң, жанымдағы серігім екеуміз қатты шөлдеп, сусын іздеп бір үйге кірдік. Жұпыны үйдің ішінде тірі адам жоқ екен. Бір шал мен жас әйелдің өлі денесі жатыр, оларлды мылтықтан атыпты. Бір кезде ішкі бөлмеге кіріп кеткен менің серігімнің дауысы өзгешелеу шыққанын естіп, мылтығымды оқтап жүгіріп кірсем, жас шамасы бірге де толмаған кішкентай сәбиді немістің ұзын қанжарымен үйдің қабырғасына кеудесінен шаншып қадап кетіпті. Аузы қанға толып, көзі ашық қалған баланың жанарын көргенде жаным алай-дүлей болып, тынысым тарылып сыртқа атып шықтым. Жанымдағы серігім хохол еді, немістердің қолында оның да деревнясы, бала-шағасы қалған болатын. Ол өз үй-іші есіне түсіп кетті ме, боқтап, боздап жылап жүр. Көпке дейін әлгі бейкүнә сәбидің жанары кетпей қойды есімнен. Адамның өзегін өртейтін кек деген сұмдық болады екен. Кейін біз Пруссияға кіргенде, біздің әскер де, әсіресе соғыс кезінде туыстарынан айырылып, көзіне қан толып барғандар немістерді аяған жоқ. Қызылшақа баласын аяқтан ұстап алып, басымен цемент қабырғаға жарғанын да көрдім. Атаңа нәлет, Гитлер, екі дүниеде оңбай көрінде өкірсін!» деп атам өзінің бір тарихын баяндап бергенін ағам айтқан еді. Барлығы сұрқия саясаттың кесірі ғой, соғыс отын адам кейпіндегі шайтандар тұтатады, ал зардабын бейбіт халық көреді, құрысын соғыс!

Кімнен: Алаштың азаматы Қайдан: Астана
11.01.2010 12:47
+0 / -0
Патшалық ресейден тартып,советтік қызыл империяға дейін бұлардың адамзат баласына жасаған зұлымдығы шектен асып кеткен еді.орыс отаршылдары өзінің териториясынан 100есе ұлкен жерды жаулап алды.100деген ұлтты,ұлысты тұқымын тұздай құртып,жер бетінен жойып жіберді.мұның көбі,балқаннан тартып,ұлы сібір даласына дейін созылып жатқан,ұлан байтақ алапты мекендейтін түбі бір түркі тұқымдас халықтар еді.Шыңғысханның темірдей тегеуріні мен күші де,орыстарды жер бетінен жойып жіберетін құдыретке ие еді, алайда жауына қатал Шыңғыс ұрпақтары,тоз-тозы шыққан орыс кіназдіктерінің тас-талқанын шығарып,басын біріктіріп,бір орталыққа бағындырып,ұйысып ел болуына негіз қалаған еді.қырық пышақ қытай патшаларында ырқына көндіріп,бір орталыққа бағындырды.Шыңғыс әулеттерінің жасаған екі үлкен қателігі,түркі-моңғұл халықтарының осы елдерге аяусыз бодан болуымен аяқталды.көзге шыққан сүйелдей өсіп шыққан жауыздық империялары кеткен кегі мен есесін,түркі-моңғұл халықтарын бас көтере алмастай етіп етіп,жаншіп табанына салды.орыс отаршылдарының қазақ даласында әжелерімізбен апаларымызға істеген зорлық-зомбылығы жан түршіктірерлік болған.тіпті кейінгі желтоқсан көтерлісіне қатынасқан қыздарды жаппай зорлаған совет жендеттерін қалай ұмытуға болады.біздің соғыс ардагері деп қолпаштап силап жұрген қарттарымыз тақырып көтеріп отырған мәселе жайінда ауыз ашпайды.бұлар бірдемені бұлдіріп келген адамдар.және бір айтарым:тарихтан бері отаршылар зорлаған қазақ әйелдерінен туылғандар туралы біз дәнеңе білмейміз.бұл көтеретін және зерттейтін тақырып.сол арқылы халқымызға жасалған ауыр қыянаттарды кейінгі ұрпақтың жадына сақтатып түсіндіру керек.

Кімнен: qazaq bala
11.01.2010 12:47
+0 / -0
Ия, неміс әскерлерінің жасаған қиянатын оқып-көріп-ақ бақтық. Бала кезден. Ал мынау сұмдық екен. Кеңес әскерлеріне деген романтиканың быт-шытын шығарды. Бәріне бірдей топырақ шашуға болмас, ҚҰДАЙДАН қорыққандары бармайды ғой бұған, бірақ адамның "аласы да, құласы да" бар. Дүниедегі қылмыс атаулының ең лас, ең кешірілмес, жиіркенішті, бықсыған түрі, ол - әйелге күш көрсету, қол көтеру, қорлау. Өзімен кетсін. Ұлтына, жасына, түріне, дәрежесіне қарамастан мұндайларды адам деп айтуға болмас.

Кімнен: (Ұлар Қайдан: Алматы
11.01.2010 16:42
+0 / -0
"Совет әскері 2 млн. немканы зорлапты" деген мәлімет шыға келіп еді, соны "жерден жеті қоян тапқандай" қуана құптап, жақтап жазып шыға келгендер қанша болды екен? КСРО жерінде гитлер фашистері істеген жауыздықтың жанында ол "зорлау" соншама сұмдық емесін неге ойламаймыз? Пікірдің бірінде фашистердің сәбиді қабырғаға найзамен шаншып іліп кеткенін көрген солдат сөзі бар, оқыдыңыздар ма? Фашистер жүріп өткен елдерде миллиондаған сәбиді қырмады ма? Ағайындар, мың есе өсіріліп арандата жазылған өсекке құлай сене бермеңіздер!

Кімнен: казак Қайдан: astana
11.01.2010 17:00
+0 / -0
Тарихтың ақтаңдақ тұстарын ашу қажет-ақ, бірақ қыз зорлаған совет әскерлерінің бойында ашу-ыза болғаны, өзінің алыста қалған жарын уайымдауы /сол кезде ауылда қалған шолақ белсенділер майдандағылардың әйелдеріне білгенін істеген жоқ па/ және нәпсіқұмарлық тағы бар, осындай оқиғаларға жол бергені берген шығар. Оны қайта қопарып, Берлинге жеткен аталарымыздың жүрегін ауыртпай-ақ қояйық. Ел құлағы - елу. Егер солар жеңісті бізге әпермегенде бізді барлығы зорлайтын еді. Оралдан кері қайтарып, берлинге жеткен аталарымыз жолда немістердің талай опасыз істерін көргенін барлығыңыз білесіздер. Олай болса аталарымызға кешіріммен қарайық, ағайын.

Кімнен: сұңқар Қайдан: астана
11.01.2010 17:35
+0 / -0
Адам естігісіде, көргісіде келмейтін сұмдық нәрселері болады ғой, бірақ ол сол адамның еркінен тыс туындап жатады, кинодағы қатігез қарақшылар мен мейрімшіл мерездер кейде өз қасыңнан табылып жататыны өкінішті.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2010 18:00
+0 / -0
Басқасын білмеймін мен елбасын сағынып кеттім.. Оншақты күн болды басымыз жоқ қиналып жүрміз ғой міне.. Сендер қайдағы бір ұсақ-түйек әңгіме айтасыңдар.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
11.01.2010 18:08
+0 / -0
Жерден жеті қоян тапқандай болмайық! Зорлықтың көкесі Қазақстанның өзінде де өршіп тұр ғой.. Қазаққа қазақ жау болған заманда көп нәрсеге таңқалуға болмайды. Шалақазақтар мәселесі тағы бар"

Кімнен: qazaq bala Қайдан: (Ұлар мен казакқа
11.01.2010 18:19
+0 / -0
Әрине, Гитлер әскерінің жасаған қорлығы мен зорлығы есі барда адамзаттың есінен шыға қоймас. Бірақ, Сіздердің айдың-күннің аманында қыз зорлаған жасақты жақтап шыға келгендеріңіз қызық-ақ екен. Сосын, АЛЛАға имандай сенген,қанша жерден атеистік идеология, құдайсыз қоғам десек те, сенімі бізге қарағанда әлде қайда берік болған, Сіздер айтып отырған аталарымыз сол кезде әлгіндей әрекетке бара қойды дегенге өз басым сенбеймін. Болса болған шығар, онда оларға ҚҰДАЙ - сот. АЛЛАДАН олар үшін кешірім тілейік, бірақ ақтаудың қажеті жоқ. Қазақты құртатын да осы, қатынға қожаңдаудан ары аса алмай отырады, малтасын езіп. Нағыз шіріктіктің ең төмен түрі - әйелге күш көрсету, қорлау. Қарау істе ұлтына, дініне бөлу болмайды. Нәпсісіне ие бола алмаған адам-адам емес. Кім болса да. Бүгін оларды ақтасақ, ертеңгі ұрпақ онда мұндай істі дұрыс деп қабылдайды емес пе!?Гитлер де оңдырған жоқ, кеңес әскерінікі де нағыз иттік. Әйел, ол қайда да әйел. Әйел кіндікті туыс бәрімізде бар. Ал оларды "бойында ашу-ыза болғаны, өзінің алыста қалған жарын уайымдауы /сол кезде ауылда қалған шолақ белсенділер майдандағылардың әйелдеріне білгенін істеген жоқ па/ және нәпсіқұмарлық тағы бар" (Казактын сөзі) үшін біреуге беріп қоймайтын шығармыз...АЛЛА разы болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Sak-kulak
11.01.2010 22:04
+0 / -0
Адамдарды баскаратын бір топ болады. Ол топ адамдарга екі өтірікті, жалганды ұсынады екен. Адамдар дауласып екіге бөлінеді. Адамдар араздасып, жан-жалға дейін барады. Бұл әлемдегі биліктің қолданылатын тәсілі. Ал енді неміс пен кеңестердің әділетсіздігін ол соғыс деп атайды. Соғыста кинодағыдай болмайтын шығар.
Екінші мәселе бұдан нені көруге болады. Елі жылда ел жана демекші, ол кездегі қылмысқа алпыс жыл өткенде ешкім сұрамайтынын көреміз. Ал біздің кездегі әділетсіздіктер елу жылдан кейін ұмытылып қалатын болса, бүгінгі қылмысты қылмыспен жапсамда елу жылға дейін созуым керек қой. Ал кәзір не болып жатыр, ойыңды сарсанға салып көр.

Кімнен: шынар
11.01.2010 20:16
+0 / -0
Немістердің лагерлеріндегі жаппай адам қыру сонда мұның жанында ешнәрсе болмай қалды демекпіз бе? Зорлау болуы болған шығар, соғыс емес пе. Ауғанда lда болған жағдай деп естиміз.

Бірақ кеңес өкіметі кезіндегі қарапайым адамдардың менталитеті мүлде басқа болғаны да рас, олар мұндай жабайылыққа бара қоюы екіталай сияқты. Ал басқа жағынан алып қарасаң, жиырмасыншы жылдары қызылдардың Орта Азияда ойларына келгенін жасағанын да жасырып келген жоқ па біздің ата-апаларымыз. Нағыз партизандар, айтпа десе айтпай өледі.

Кімнен: Айболат Қайдан: Атырау
11.01.2010 22:39
+0 / -0
Ол жылдардағы коммунистердің қорлықзорлығы фашистерден де асып кеткен. Себебі фашистердің жүректерінде Құдайы болды, ал коммунистер,дінсіз кафирлер еді. Түркі халықтарына бостандық алып бергісі келген Мустафа Шоқай атамызды да өзімізге жау қылып көрсетті емес пе? Ол қызыл империядан тапқанымыздан гөрі жоғалтқанымыз көп болды. Қәзіргі Қазақ Елінің алға жылжымай отырғаны да сол қызыл империямен тәрбиеленген адамдардың әлі билікте отырғандығы деп білемін.

Кімнен: Мен Қайдан: Семей
12.01.2010 11:34
+0 / -0
Совет әскерлеріне қарағанда неміс сарбаздары әлдеқайда мәдениеттірек болған. Бойларында асылтектілік бар еді. Ол тарихи факт!
Гитлер идеологиясының тағы бір пішіні - адамзаттың қас дұшпандары санаған еврейлер мен коммунистердің көзін жою еді.

Кімнен: Даурен Қайдан: Астана
12.01.2010 11:42
+0 / -0
Баленин барин согыска байланысты ашынгандыктан зорлады деуге болмайды, акылы, ожданы бар азамат буган бармас еди. Бирак, олар немис кыздарын зорлады. Зорлагандардын канша пайызы казахтар маселе сонда.Барлык Германияга жеткен совет аскеринин каншасы казах екен, болса 1%(ягни 100 аскердин биреуи), мумкин одан да аз шыгар. Демек, совет аскери зорлады дегенди орыстар зорлады деп ауыстыру керек шыгар. Макалада бир азият кызды барине корсетти, баска биреу зорлады деген соз бар, ози емес.
казир адеми адеми казахтын кыздары озгелерге оздери ерип жур, неге? казах жигити табылмады ма? жок алде баска бир гап бар ма? (менде казахша арип жок, кешириниз)

Кімнен: Шалғынбаева Қайдан: Қазақстан
12.01.2010 13:01
+0 / -0
бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген. Млн, әскердің ішінен бір малғұн шыққан шығар, жарайды бірнешеу. Көпке топырақ шашуға бола ма? Фашистік хайуандардың жүріп өткен жерінде қандай жан түршігерлік зұлымдықтар жасағанын ұрпақ ұмытпақ емес. Кеңеске деген өшпенділігін білдірген бір жазғыштың арандатуына еріп, ел-жұрты мен әлемді гитлердің тырнағынан азат еткен айбынды бабаларымыздың қаны мен терін жоққа шығармайық

Кімнен: Алаштың азаматы Қайдан: Астана
12.01.2010 17:17
+0 / -0
мен өзім қытайда туылып өскен қазақпын.мен үнемі жергілікті қазақтардан" қазақтың жауы кім?" деп коп сұраймын.олар маған "жоңғарлар" деп жауап береді.300жылдың алдында сүйегі қурап,жер бетінен жойылып кеткен тайпаны әлі жау санайды екен.әй олай емес шығар,олар жоқ қой десем,олар ойланып тұрады да,"онда қытай дейді" мен оларға қытайлар тарихтан бері қазақ ұлтын,жерін отарлай алмаған ғой,қазақ халқының негізгі бөлігі қытай шеңгелінен аман қалған ғой деймін ғой оларға.сонда олар ойланып тұрады да: "қазақтың жауы жоңғар" деп баяғы сүрлеуін тағы қайталайды.онда қазақтың жауы орыс отаршылдары шығар деймін. өңдері қашып,шаян шағып алғандай,шоршып түседі.300жылдан астам отарлау саясатын жүргізген орыстар оларға жау саналмайды екен. қазақтың жауы баяғы жоңғарлар,онан қалса қытайлар.орыстар төскейде басы қосылған достары екен.отаршылдардың тілі мазалаған халықтан даналық шықпайды.ол түбі құрып жоғалатын ұлт болады.қос тілде сөйлеген ұлт,ең алдымен логикалық ойлау жүйесінен айырылады.мәселеге жан-жақтылы талдау жасау қаблиетінен жаңылады.дұрыс тұжырым жасау мүмкіндігінен безеді.қоғам бірін-бірі тыңдамайтын, жекешілдік мүдде қақтығысы ұлғаяды.біз қазыр сондай деңгейге таядық.мына сау -тамтығы жоқ көзқарастар адамды мезі етеді екен ағайындар!

Кімнен: Мұрат
13.01.2010 19:24
+0 / -0
Оттапсың. Кеңес әскерлері ондай әрекеттерге жаппай барған емес, олардың арасында ондай бірен саран оқиға болған шығар, бірақ ондай әрекеттерге барғандар кеңес әскерлеінің басшылығының тарапынан қатты жазаланып отырған. Тіпті неміс қыздарына ғашық болу, үйлену немесе онымен басқадай байланыс жасау ол кезде қатаң сынға ұшырап, оның болашақтағы мансабының өсуіне кедергі жасалған.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаштың азаматы Қайдан: Астана
14.01.2010 16:46
+0 / -0
мен оттаған ақ болайын,бірақ сен айдалаға лағып кеттің.мен нені айттым,сен нені айтып отырсың? екі көзіңді бақырайтып ашып,қалғымай,зер салып оқысаңшы,кәрі лақса!

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокшетау
15.01.2010 01:57
+0 / -0
Жұрт не десе о десін, мен Герман ұлты жағындамын,қалай десек те олар қазақтың соңғы сиыры мен нанын тартып алып қолдан екі рет аштық жасап халқымның үштен екісін қырып тастаған жоқ,ұлттың бетке шығар алаш азаматтарын жаппай атып, Колыма мен Бутыркада шіріткен жоқ,елімнің тың жерін таспадай тіліп астан кестен қып,ішкеріден келімсектерді миллиондап қаптатқан жоқ,тілім мен дінімнен,алфавитімнен айырып онымен қоймай кемсітіп "калбит","чурка " деген жоқ, желтоқсанда ұлымды өлтіріп,қызымды зорлаған жоқ...
Герольд Бельгердей ұл туған герман халқына үлкен құрмет,

Кімнен: Дос қазақ Қайдан: Атырау
18.01.2010 10:26
+0 / -0
Көзі жоқтың өзі жоқ деп , куәлер өмірден кеткеннен кейін аталарымызға жағылған жала бұл. ... Ал ауылдағы қазақтар тарихты білмесеңдер босқа даурықпаңдар. Аталарымыз немістен де текті асыл сүйекті болған. Несі бар. Немістің қызын , келіншегін қараса не болыпты. Шетелге шықсақ сенде барған жеріңде сол елдің қызын қойныңа салғың келмей ме не. Бұл табиғи шындық. Сондықтан берсе қолынан, бермесе жолынан кеткен шығар талайлар. Оны несі сөкеттік. жарайсыңдар арауақтары риза болғыр кешегі кеңес армиясы, бүгінгі көзі жоқ аталарым!!!